Біз және біздің болашағымыз: болашаққа көзқарас пен өзіне сенімділікті дамытуға арналған тренинг

Тақырыбы: «Біз және біздің болашағымыз»

Мақсаты: баланың болашақ өмірге деген көзқарасына үлес қосу. Өзіне деген сенімділігін арттыру.

Түрі: тренинг сабақ

Көрнекіліктер: плакатқа салынған күн суреті.

Кіріспе сөз:

Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі «Біз және біздің болашағымыз» атты тренинг сабағына қош келдіңіздер. Сабақты бастамас бұрын тренинг ережелерімен танысайық

І. Тренинг ережелерін айту.

ІІ. Топқа бөлу.

Жүрекше және гүл бейнеленген қиындылар таратылады. Оқушылар қиындыларды құрастырып, екі топқа бөлінеді.

Бүгінгі сабақтың ашылуын шаттық шеңберінен бастайық.

ІІІ. Шаттық шеңбері.

  1. Танысу, сәлемдесу тренигі.

Нұсқау: Балалар бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Қазір барлығымыз өз есіміміздің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.

  1. Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге жақсылық және көтеріңкі көңіл тілейік.

ІҮ. «Әрқашан күн сөнбесін» жаттығуы

Нұсқау: Тақтада бұлт басқан күннің суреті ілінген. Әр топқа үш оқушыдан шығады, орындық қажет. Әр бұлтқа тапсырмалар берілген соларды орындау барысында күннің көзі ашылады.

1-бұлт:

«Сиқырлы жұмыртқа». Суретті жалғастыру ойыны. Берілген жұмыртқа түріндегі формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп аяқтап сурет салу керек.

2- бұлт:

Жұмбақты шеш:

4 аяғы бар, 8 тұяғы бар, иегінде сақалы бар?(ешкі)

3-бұлт: Мына фигуралардан тағы қандай сурет салар едің?

4-бұлт:

Қай жерде қалалар үйсіз, өзендер сусыз,

Ормандар ағашсыз көрсетілген (карта)

Жаттығу соңы.

-Балалар әрқашан күннің көзіндей шуағымызды төгіп, күлімдеп жүрейік.

Релаксация. Қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
Физика - біздің болашағымыз: сайыс форматына арналған сабақ жоспары
Бақыт ұғымы мен өз-өзіне сенімділікті дамыту: тәрбие сағатының жоспары
Өзіңді тану және оқушының сөйлеу процесін дамытуға арналған тренинг пен түзету сабағы
Болашаққа үміт, жастарға сенім: жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған семинар-тренинг
Танымдық белсенділікті дамытуға арналған мектептегі тренинг жоспары
Физика біздің болашағымыз: мектептік интеллектуалдық сайыс (2012-2013 оқу жылы)
7 А сынып ата-аналар жиналысы: Бала - біздің болашағымыз және ата-ана мен мектептің бірлескен тәрбиелік рөлі
ОЖСБ-ға дайындыққа арналған сенімділік пен эмоционалдық реттеу тренинг-сабағы
6-7 сынып оқушыларына арналған Мен және айналадағы әлем тренингі: өмірге көзқарас пен эмоциялық тәрбие
Психология әлеміне саяхат: оқушылардың зейінін, қабылдауын және әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған тренинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz