Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Асарымда мектеп бар тәрбиенің ұйытқысы
ОҚО, Шымкент қаласы,
№89 мектеп-лицей,
бастауыш сынып мұғалімі
Жунсбекова Айнаш Умеркульевна
Қош бол, бастауыш!
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: <<Шуағын төккен 4 жыл>> фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4<<А>> сынып оқушыларын ортамызға.
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Жангірхан: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Қанағат: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Жангірхан: Ия, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той.
Қанағат: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Жангірхан: Біз сыныпта отырып, өзіміздің алғаш мектепке келген кезімізді еске алдық.
Қанағат: Ия, біздің мектепке келуіміздің өзіндік бір ерекше тарихы бар.
Жангірхан: Біздің мектепке келуіміз, осы <<Асар>> мөлтек ауданының құрылуымен және №89 мектебіміздің ашылуымен дәл тұспа - тұс келіп тұр.
Қанағат: Біздер Өзбекстан Республикасында туылып, алғашқы сәби шағымызда сол жақта өткен еді.
Жангірхан: Сонау Өзбекстан Республикасынан ата қонысымызға Қазақстан елді мекеніне жайғасуымызға ат салысқан, Асар мөлтек ауданының ашылуына бар күш жігерін аямаған ел ағаларымызға алғысымыз шексіз.
Қанағат:Асарға шашуымызды қабыл алыңыздар!
Р. Аружан: Асар-Асар болғанша не бір күндер өтті ғой,
Қанша асыл - азамат маңдай терін төкті ғой.
Өз қорынан кейбіреу қомақты көмек етті ғой
Елі үшін кейбіреу жанын да пида етті ғой.
Тар жол тайғақ кешуін бірлікпен жеңіп өтті ғой
Асардың халқы мінеки- мақсатына жетті ғой.
Нұрсұлтан: Елбасы келіп еліне, үндеуін елге жолдады,
Елімнің ой-пікірін ден қойып әбден тыңдады,
Уәде беріп ел-жұрттың көңілін көтеріп тастады,
Пилоттық жоба <<Нұрлы көш>> жұмысын солай бастады.
Жадыра:Көп ұлттың еңбек өкілі еңбек етті еселі
Жемісін көріп еңбектің мерейлері өседі.
Бос жатқан жердің орнына, құрдығой көркем жас қала
Елге оралған ағайын құтты болсын баспана.
Асылхан: Құрылып мектеп, бақшасы, суы менен жарық, газы бар
Жұмыс орны болсын деп, құрылды алып заводтар.
Бау-бақшамен, жылы жай, саябағы тағы бар
Қоныстанған Асарға елімнің сондай бағы бар.
С.Аружан: Ел басқарған ағалар, еңбегін ел бағалар
Жетелеп елді қашанда жеңістерге жете бер.
Дендерің сау боп шаршамай,
Мың жасай бер- Ағалар!
Балнур: Тым аяулы мекенді қойнауы құт
Қоныстанған бұл жерге оралман жұрт.
Аталады мекенім Асарым деп,
Көк аспанын ешқашан жаппаған бұлт.
Ж. Аружан: Асарымда мектеп бар тәрбиенің ұйытқысы
Бала - бақша мешіт бар имандылық белгісі.
Қажеттінің бәрі бар табылады не керек,
Жарасып тұр емхана адамдарды емдемек.
Ильяс: Өлкем менің көркейсін дәулетпенен бақ дарып,
Садулла ағай үлесті қосар әлі шаттанып.
Береке мен бірлігі ынтымағы жарасқан,
Асарым менің осы деп айта аламын мақтанып.
Бану: Он жыл болды Асарым жайнап келеді,
Халық саны көбейіп дамып келеді.
Ел жағдайын жасаған Ибадулла ағай,
Тек халықтың алғысын алып келеді.
Мөлдір: Асарым да толып жатыр 10 жасқа
Біздің Асар өзгеше ғой, бір басқа
Құлпырады жылдан-жылға гүлденіп
Мәңгі жаса осылайша түрленіп.
Жангірхан:Мектебіміз 4 жыл бұрын ашылды.
Қанағат:Біз сол кезде мектепке алғаш қадам басқан 6 жасар бала болсақ, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектеріміз.
Жангірхан: Ендігі жыр шумақтарымыз аяулы ұстаздарымызбен сүйікті мектебімізге арналады.
Бекжан: Мектебіме алғаш қадам аттадық
Ештеңеден қорқып, үркіп жатпадық.
Ата-анам, ұстазымның үмітін
Үздік оқып, тәртіпті боп ақтадық.
Жанел: Мектебімнің тарихы бар төрт жылдық
Төрт жылда біз көп оқыдық, көп білдік.
Ұстаздардың еңбегінің жемісі
Лицей болдық аз уақытта бір жылдық
Асем: Ортасында Асардың 89 мектеп бар,
Тәрбиелі, білімді 800 шәкірті бар
Ұстаздар бар білімді еңбек етіп жүреді,
Сол мектепті зиялы, ақылды да терең ой
Қасым ағай өзі басқарып келеді.
Қазына: Бұл мектепте ағайдың еңбегі зор елеулі
Гүлдендіріп мектепті білімді де етеді.
Айналдырып мектепті,
Жай мектептен лицейге
Хормен: Ұстаздар!
Үлкен алғыс біздерден
Заман: Тым-ақ тез мектеп ісі алға басты,
Кешікпей көш түзетіп аудан асты
Ел сүйген, жұрт қалаған ұя болды
Оған мына қауым жұрт куә болды.
Бекасыл: Мектебімді жетелеген биікке
Шәкірттерін тәрбиелеп сенімге
Қасым ағай көшбасшы боп келесіз
Алғысымыз шексіз еді өзіңізге.
Ақмарал: Тек жүректен арналады сөзіміз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Көп жылдағы еңбегіңіз еленіп,
Жүре беріңіз алғыстарға бөленіп.
Хормен: Сеніміңізді ақтауға уәде береміз,
Әлі талай асуларды жеңеміз!
Қанағат:Осы мектеп ашылғалы аянбай еңбек етіп келе жатқан аяулы
ұстазымыз, бастауыш сыныптардың қамқоршысы Қынагүл апай
Жангірхан: Ендігі өлең шумағы өзіңізге арналады.
Ғалым: Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры бастауыштың
Қынагүл апай аяулы ардақты адам
Қанағат: Ия, біздің мектепке келуіміздің өзіндік тарихы болса, бастауыш
сыныпты бітіргелі тұрған жылымызда тарихи оқиғаларға толы.
Жангірхан: Сіздерді ұлы жеңістің 70 жылдығымен және Қазақ хандығына
550 жыл толуымен құттықтаймыз.
Қанағат:Ия, бұл мерекелерге қандай жыр арнасаң да жарасады.
Ербол: Қазақстан - Республикам мақтанышым
Сені жырлаймын мақтан үшін
Құдайым құттай маған жүрек берді
Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін!
Ән: <<Егеменді Қазақстан>>
Жангірхан: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен
мұғалім еңбегі шексіз.
Қанағат: <<Мұғалім - мектептің жүрегі>> деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Жангірхан: Ия, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: <<Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді>>
деген екен.
Қанағат: Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз
Ән: <<Ұстазым>>
Ұлдана: Мектепті ойлап, өткен айы, жыл, күні
Сондықтан да біздің сынып үлгілі
Айнаш апай дана ұстаз жетекшім
Тәртіппенен мәдениеттің символы
Жанел: Әз есімі жүректерде сақталған
Айнаш апай талай жерде мақталған
Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің
Бастауыштың 10 ұлы мен 14 қызын мақтаған
Ән: <<Біздің апай>>
Ендігі кезекте <<Қоштасу вальсі>>:
Жангірхан: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып
жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз
тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Аяжан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол жарық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Ерсайын: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың
Мәпелеген баласын аман болсын анашым!
Қанағат: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы
азамат болса екен дейді. Алайда ардақты апамыздың ақ сүтін ақтай
білгенге не жетсін!
Хормен:Ана сүтін ақтау үшін
Тек бестікті аламыз.
Жақсы оқып, әрқашан
Үлгілі бала боламыз.
Ән: Бауырлар
Ойын: <<Әріптер тізбегі>>
(Бұл ойын ата-аналармен ойналады. Әріпті таңдайды, сол дыбыстан басталатын сөз айтады)
1. Сіздің атыңыз кім? (Т әрпінен басталатын есім таңдау)
2. Сіз қандай әнді ұнатасыз? (әкешім, әкеә әгу-гай)
3. Осы әріппен аяқталатын сөздер: (қар, нұр, оқушылар)
4. Ұлттық ойын ( белбеу тастау, бес тас, бөрік жасырмақ)
5. Жастарға қандай тілек айтар едіңіз? (иманды болыңдар!)
6. Е дыбысынан басталатын жер, су аттары (Есіл, Еділ. Ереван,Енисей)
Би: Ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз.
Қанағат: Ұйымдасып істеген әр істің бір сәні бар,
Әр қимылдың өзінше ырғағы бар, мәні бар.
Ортада бишілер тобы
Жангірхан: Өтті міне қызық шағым
Бастауышым - бал бұлағым.
Қанағат: Қоштасар күн жетті міне
Қимастықпен қол бұлғаймын
Хормен: Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге.
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің,
Той басы деп саналар,
Ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.
Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Қасым ағайға,
ата аналарға, ұстаздарға.
Ән: Мектебім
Мұғалім: Болашақ сендердікі өрендерім
Мол әлі борыш, қарыз берерлерің.
Әлемдік биіктерге қанат қағып,
Жүзіңдер теңіз-білім тереңдерін.
Сенемін, сенеді Отан, түлектерім
Аллаһқа аян ашық тілектерің,
Қайда да ақ күн тусын алдарыңнан,
Жас қалпы мықты соқсын жүректерің.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz