Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің <<№ 23 орта мектебі>>КММ.
Мерзімі: 07.11.2015.
Тақырып: Үлкенге - құрмет,кішіге - ізет
Құндылық: <<Сыйластық>>
Қасиеттер: Адамгершілік.
Мұғалiм: Каймоллаева А.К.
Сынып: 2 <<К>>
Оқушылар саны: 27
Сабақ мақсаты: <<Сыйластық>>, <<құрмет>>, адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Үлкендер мен кішілерлер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
Дамытушылық: сыйластықты қарым-қатынас жасау, іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
А.С.Сейтақов,Ә.М.Әбдіғапбаров, Р.С.Ізғұттынова,
Ж.Ж.Әкімбаева, Г.Әріпова, Л.Ә.Сәтімбаева. Алматы: <<Бөбек>>2013.-136 бет.
(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
Ойша теңізге саяхат.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Қандай әсер алдыныз?
Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?
Үй тапсырмасын тексеру.
№ 8 сабақ <<Бақша ағаштары>>
Ыбырай Алтынсарин
Бақша ағаштарының түзу және қисық өсулерінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.
Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің.
Халық даналығы
Дауыстап оқыту, дәптерге жазғызу
Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Әңгiмелеу.
Үш дос. М.Төрежанов
Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Топтық жұмыс. Түстер арқылы бөлу.
Шығармашылық жұмыс.
<<Менің айтар ақылым>>. Қарындас бауырларыңа арнап ақыл хат жазу
<<Менің тыңдар ақылым>>. Үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
Қорытындылау: Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым- қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Топпен ән айту.
<<Жарқын заман бөбегі>>
Сөзі: Е.Жумагалиев
Әні: И.Нүсіпбаев
Үй тапсырмасы.
10 сабақ
<<Рахмет ата>>
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі суреттерді бояу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.
Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.
Тыныштық,тыныштық,тыныштық бар жерде,
Тыныштық,тыныштық,тыныштық бар әлемде
Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz