Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Базалық деңгей

№___ сабақ
Сыныбы: ___________ Күні:_____________
Мұғалімі: ___________ Тексерген:___________
Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы, даму үрдісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Программалаудың даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Жаңа сабақ
Программалау-хабарларды есептеу машиналарының көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.Кез-келген компьютер программасының негізгі мақсатты-аппаратты құралдармен басқару.

Программалық жасақтама дегеніміз-белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар класстарына арналған,олардың аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін,сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез-келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтығы.
Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды.
Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады:
1.Базалық немесе негізгі
2.Қызметтік
3.Қолданбалы
Базалық деңгей.Программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді.
Енгізу-шығарудың базалық жүйесі(BIOS)Компьютердің тұрақты жадында орналасқан,бұл негізгі MS DOS-тың бөлігі емес,бірақ бұнымен тор байланысты.
Жүйелік деңгей.Бұл деңгейде жұмыс істейтін программалар базалық деңгейдің программалары мен компьютерлік жүйенің өзге де программалы және тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді,яғни <<делдалдық>> функцияны атқарады.
Қызметтік программа.
Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де,жүйелік деңгейдегі программалармен де тығыз байланыста болады.Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру,баптау және жөндеу жұмыстарын автомантандырады.Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту және кеңейту үшін қолданылады.
Жүйелік программалық жасақтама-компьютерді пайдаланумен техникалық қызмет етуге,есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеудіавтоматтандыруға арналған программалық жасақтама.
Амалдық жүйе-құжаттар мен амалдар орындауға арналған,сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.
Қызметші программалар-әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Аспаптық программалық жасақтама-ЭЕМ-ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері.Мысалы,Turbo Pascal программалау тілін алуға болады.
Қолданбалы программалық жасақтама-әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолдабалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолбанбалы програмалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі.
Сабақты бекіту сұрақтары
Программалау дегеніміз не?
Программалық қамтамасыз ету нешеге бөлінеді?
Программалық жасақтама нешеге бөлінеді және атаңыздар?
Қызметші программа дегеніміз не?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма______________________________________________

Ұқсас жұмыстар
Немен әрекеттеседі алтыншы деңгей
Экологиялық тәрбие
Жай механизмдер. 7-сынып
Программалаудың даму тарихы. программалық қамтамасыз етудің даму тарихы
Түзу сызықты теңдеулер графигі
Рационал сандарды бөлу жайлы
Көкөністер
Табиғат
Отбасы мүшелерінің мамандықтары жайлы ақпарат
Бастауыш сыныпта талантты және дарынды балалардың қабілеттерін дамыту
Пәндер