Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алтын қақпаның тапсырмалары

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Оқытушының аты-жөні: Акимжанова Гаухар Сауалхановна
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 8 <<Б>>
Мерзімі: 16.03
1. Сабақтың тақырыбы: Білгенге маржан
2. Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: <<Қазақстан қалалары>> модулі бойынша алған білімдерін жетілдіріп, тәжірибеде қолдануға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, топтық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, оқу-білімге құштар, өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
3. Сабақ түрі: Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.
4. Сабақтың типі: Ойын сабағы
5. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту, ақпараттық, модульдік технологиялар
6. Сабақтың көрнекілігі, жабдығы: слайд, компьютер, интерактивті тақта, маркерлер, А3 форматы, семантикалық карта.
7. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезең: Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.
Сыныпты екі топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өткенді қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Топ басшыларын сайлау. Бағалау парағын тарату.
Сабақтың <<Алтын қақпа>> зияткерлік ойыны негізінде өткізілетінін ескерту.
Ойынның шартымен таныстыру.
1. Тас қақпаның тапсырмаларын орындаймыз.
2. Кұміс қақпаның тапсырмалары орындалады.
3. Алтын қақпаның тапсырмаларын орындаймыз.
4. Алтын сандықтың тапсырмаларын орындаймыз.
ІҮ. Бекіту кезеңі:
1. <<Тас қақпаның>> тапсырмалары:
<<Зымыран сұрақтар>> әдісі бойынша өткізіледі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
1. Орынбор қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды? (1922-1929)
2. Болжалды келер шақ қалай жасалады? (-ар, -ер, -р жұрнақтары)
3. Қазақстанның қалалары қандай аймақтарға бөлінеді? ( оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық)
4. Етістіктің шақтарын атаңдар. (осы шақ, келер шақ, өткен шақ)
5. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
6. Астана қаласының бұрынғы атауы қалай? (Ақмола)
7. <<Медеу мұз айдыны>> қай қалада? (Алматы)
8. Қазақстанның қазіргі астанасы? (Астана)
9. Үш сөзден тұратын қала атауы? (Екібастұз)
10. Біз тұратын қала кімнің есімімен аталады? (Сәтбеаев)
ІІ топтың сұрақтары:
1. 1929-1997 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы қай қала болды? (Алматы)
2. Мақсатты келер шақ қалай жасалады? (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары)
3. Алматы қаласының бұрынғы атауы қалай? (Верный)
4. Ақмола қаласының атауы қай жылы Астана болып өзгертілді? (1998)
5. Ауыспалы келер шақ қалай жасалады? (-а, -е, -й жұрнақтары)
6. Табиғаты әсем, сұлу, курортты қала? (Көкшетау)
7. Қазақстанда неше облыс бар? (14)
8. 1922-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Орынбор)
9. Сәтбаев қаласы қай облысқа қарайды? (Қарағанды)
10. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

2. <<Күміс қақапаның>> тапсырмалары:
І топ. Венн диаграммасын толтырыңдар.
Астана және Алматы қалаларын сипаттаңдар. Ортақ белгілерін жазыңдар.
Астана Ортақ Алматы



ІІ топ. <<Негізгі идеяны суреттеу>>
Топқа сұрақ беріледі. <<Тәуелсіз Қазақстанның болашағы қандай болуы керек?>>. Осы сұрақты топта талқылайды, қағаз бетіне суретін түсірді. Әр топтан бір спикер шығып жұмыстарын қорғайды.
3. <<Алтын қақпаның>> тапсырмалары.
І топ. Етістіктерді келер шақта пайдалана отырып, <<Астанаға саяхат>> тақырыбына ойтолғау жазыңдар.
ІІ топ. <<Семантикалық картаны>> толтырып, диалог құрастырыңдар.

Байлықтары

Аймақтар, қалалар
темір
көмір
астық
түсті металл
алма
күріш
мұнай
мақта
Өскемен

+

Солтүстік Қазақстан

+

Қарағанды
+
+

Жезқазған

+

Атырау

+

Алматы

+

+
Оңтүстік Қазақстан

+
Қызылорда

+

4. <<Алтын сандықтың>> тапсырмалары.
Екі топқа ортақ тапсырма беріледі.
Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер жарысы.
Ү. Қорытындылау: <<Интервью>> стратегиясы.
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?
Бүгінгі сабақ бойынша бізге тілек-ұсынысыңыз?
ҮІ. Үйге тапсырма: ІІІ тоқсанда өтілген ережелерді қайталау.
ҮІІ. Бағалау: Бағалау парағына қойылған бағаларына сәйкес топбасшылары бағалайды.

Бағалау парағы

Р/№
Оқушылардың аты-жөні
Тас қақпа
Күміс қақпа
Алтын қақпа
Алтын сандық
Жалпы ұпай
1

2

3

4

5

6

Бағалау парағы

Р/№
Оқушылардың аты-жөні
Тас қақпа
Күміс қақпа
Алтын қақпа
Алтын сандық
Жалпы ұпай
1

2

3

4

5

6

Бағалау парағы

Р/№
Оқушылардың аты-жөні
Тас қақпа
Күміс қақпа
Алтын қақпа
Алтын сандық
Жалпы ұпай
1

2

3

4

5

6

Бағалау парағы

Р/№
Оқушылардың аты-жөні
Тас қақпа
Күміс қақпа
Алтын қақпа
Алтын сандық
Жалпы ұпай
1

2

3

4

5

6

Кері байланыс парағы

1. Саған сабақ ұнады ма?
2. Қай тапсырма қиын болды?
3. Қай тапсырма қызықты болды?
4. Біліміңді толық жеткізе алдың ба?

Кері байланыс парағы

1. Саған сабақ ұнады ма?
2. Қай тапсырма қиын болды?
3. Қай тапсырма қызықты болды?
4. Біліміңді толық жеткізе алдың ба?

Кері байланыс парағы

1. Саған сабақ ұнады ма?
2. Қай тапсырма қиын болды?
3. Қай тапсырма қызықты болды?
4. Біліміңді толық жеткізе алдың ба?

Кері байланыс парағы

1. Саған сабақ ұнады ма?
2. Қай тапсырма қиын болды?
3. Қай тапсырма қызықты болды?
4. Біліміңді толық жеткізе алдың ба?

Кері байланыс парағы

1. Саған сабақ ұнады ма?
2. Қай тапсырма қиын болды?
3. Қай тапсырма қызықты болды?
4. Біліміңді толық жеткізе алдың ба?

Ұқсас жұмыстар
Алтын қақпаның тапсырмасы
Зат есімнің септелуі
Ойлауменен ой толады
Абылайхан. ана тілі, 4-сынып
Күміс қақпаның сұрақтары
10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту
Жігіттер информатика әлемінде
Сандық ақпаратты өңдеу. калькулятор. 5 сынып
Күміс қақпа тапсырмалар қақпасы
Алтын сандық
Пәндер