3-сынып қазақ тілі пәні: Тұрлаулы мүшелер сабағының жоспары

Қазақ тілі 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: « Тұрлаулы мүшелер »

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау, есте сақтап жазу, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

ә) Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту. Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін кеңейту.

б) Оқушыларды сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, әңгімелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суретер, кестелер

Сабақтың барысы:

1. а) Ұйымдастыру бөлімі.

ә) Психологиялық дайындық.

б) Сабақтың мақсатын хабарлау.

(Алдыңғы сабақта диктант жұмысы жүргізілді)

2. Кубизм стратегиясы:

-Бұл текше (куб) . Оның 6 жағы бар. (алдыңғы, артқы, астыңғы үстіңгі, сол жағы, оң жағы. )

-Бүгінгі сабағымызда осы алты жақтағы әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз.

Текшенің бірінші жағы)

Есте сақтап жазу.

-Енді осы суреттегі әрбіреуінің қимыл қозғалыстарын еске түсіріп көрейік. (Ұшақ ұшады. Мысық мияулайды. Жаңбыр жауады. Құлын жүгіреді. Қоян секіреді. Машина жүреді. )

-Енді талдап көрейік. Мысалы: Мысық мияулайды.

-Осы сөйлем қандай 2 сөйлем мүшесінен тұрады?

- Бастауыш пен баяндауыштан .

Жаңа сабақ.

Талдау әдісі: (Текшенің екінші жағы, оқулықпен жұмыс)

172-жаттығу. (Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу. )

173-жаттығу. (Ауызша. Сөйлемді оқиды. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, олар сөйлемнің қандай мүшесі екенін айтады. )

174-жаттығу. (Тақтада. Көп нүктенің орнына бастауыштарын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. )

Сергіту сәті: (Понтамимикалық ойын)

(3 қатардан 3 оқушы шығып тапсырманы іштерінен оқып, қимылмен көрсетеді. Қалған оқушылар кімнің? Ненің? Қимылы екенін тауып айтады. Партаның жанына шығып жасап көрсетеді. )

Тапсырмалары:

1. Ескек ескен қайықшының қимылын көрсету.

2. Сапта жүріп келе жатырған сарбаздың қимылын көрсету.

3. Ұшып бара жатырған құстың қимылын көрсету.

Текшенің үшінші жағы)

(Текшенің төртінші жағы) Ойын әдісі:

. Суреттеу әдісі: (Текшенің бесінші жағы)

Мысалы: Дәрігер емдейді.

Гүлді сыйлайды.

. (Текшенің алтыншы жағы) Жинақтау әдісі:

Қорытындылау:

-Тұрлаулы мүшелерге қандай сөйлем мүшелері жатады? (сұрақтар қойылады)

Үйге тапсырма : 175- жаттығу

Бағалау, мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Тұрлаулы мүшелер
3-сынып қазақ тілі: Тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) - сабақ жоспары мен 172-175 жаттығылар
Қазақ тілі 4-сынып: Сөйлем мүшелерін қайталау (тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер)
8-сынып: Тұрлаулы мүшелер - бастауыш пен баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауышты түсіндіруге арналған сабақ жоспары
Тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауышты оқытуға арналған сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі: Тұрлаусыз мүшелер - толықтауыш. Сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі пәні: Сөйлем мүшелері - сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: Баяндауыш сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі сабағының қорытынды сабақ жоспары: Баспанам - менің қорғаным
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz