Ойынсоңында балаларды мадақтау

Залда музыка естіліп тұрады
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, , балалар, бүгінгі біздің мерекеміз ерекше болмақ, себебібүгін бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине, бұлда үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! «Қош бол, сүйікті балабақша!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Олай болса, кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
- Білімді сұлу, жүлдегер болған сайыста, Аяжанбіздің жаралған ғой тек жарысқа
- Мінезі бар қыңырлау, бірақ алдасаң көнеді, Тиеді ылғиӘлішердіңкөмегі.
- Шырқап айтар әсем әнмен жырыңды, Ақберенбар талантты әрі білімді.
- Тау қозғалса қозғалмайтын байсалды, .
- Инабатты бишіміз бар майысқан, Асылайдытанимыз біз алыстан.
- Қой аузынан шөп алмайтын момақан, Тап-таза боп жүредіРинатдеген балақан.
- Бірбеткейлеу, бірақ сұлулықты сүйеді, Әдемі қызАқлиманыбәрі жақсы көреді.
- Сүп-сүйкімді боп костюм-шалабар киеді, Жантілекбіздің өзімен-өзі жүреді.
- Сап-салмақты тап-таза боп жүреді, ҚуанғандаАқмаржантек жымиып күледі.
- Жұмсай қалсаң жүгіретін қуанып, Ақпейілдеген тау көтерер бір алып.
- Бір бойынан бар қасиет табылған, БіздіңДарынозып шығар бар ұлдан.
- Тақылдап тұрып, тақпақ айтатын жаңылмай, Сұлу да сарбазАйназдеген ару бар.
- Кішкентай болсада келмейді кейде шамамыз, Сүйкімді, пысықАзаматқақараңыз.
- Алдап-сулап әрқашан апайдың тілін табады, Тез жаттаймын деп тақпақтыӘсиясұрап алады
- Зерек, бірақ ашуланса қайтпайды, Ғанибеттіжаман деп ешкім айтпайды.
- Сұлу әрі сыпай боп танылса, Егіз қозыЖаннұрменен Әмина.
- Жыбырлақтық тентектігі бар бойында, еш ойынға.
- Әдептілікті тал бойына жинады, Кіп-кішкентайАружанбар ибалы.
- Бақшамыздың ең кішкентай бөпесі, Нұрбектебар мамасының еркесі.
- Әнші әрі бишіміз, қол соғайық бәріміз, Ерназардеген сері жігіт таныңыз.
Дарын:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңізде есен сау бармысыздар?!
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақберен:
Ақтілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді біз бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
.
Хор: «Әнші балапан»
Ғанибет:
Бақшадағы күндерді,
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін,
Бәрімізде ақтаймыз.
Әсия:
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп-кетіп тұрайық
Сондай кезде апайлар,
Қалады ғой қуанып.
Әлішер:
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Айназ:
Ана тілін -ардақтап,
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім
Апай болды аянбай.
Би: Қыздар биі
« Бестік» кіреді Сәлеметсіздерме, балалар, мен сендердің достарыңмын, менің атым «Бестік» мектепте сендердің достарың боламын.
Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар алып келдім.
Тапсырмалар:
1-ші тапсырма.
Ал, енді маған жаңылмай жаңылтпаш айтып бере алады?
Аяжан:
Қара майлы қарақайды,
Кесейін ба, кеспейін ба?
Қазықтағы қара тайды,
Шешейін бе, шешпейін бе?
Дарын:
Әй, әй Айдарбай,
Үйір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
Бестік: мен енді жұмбақ жасырайын шешуін тауып көріңдерші.
Тілі бар да, үні жоқ,
Сөйлеп тұрар ішінен
Көзбен шалсам бір рет,
Не дегенін түсінем. (кітап)
Ортасында ішегі бар,
Жіп-жіңішке денесі бар. (қарындаш)
Бестік:
Енді мен сендерге бір жұмбақ-есеп жасырайын, шешуін кім табар екен?
Мұз айдында 4 бала,
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай 1 бала,
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы барлық баланың,
Санын айтсаңдар жарадыңдар . (бес)
Бестік:
Сен, мен және бізбен бірге Асылай бар. Сонда біз нешеуміз? (үшеу)
Бестік:
Балалар, сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда білімді, тәртіпті, үлкен азамат, азаматша болып өсе берулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Мен сендердің келешек достарың мен таныстырып өтейін, енді соларды ортаға шақырайық («математика, әліппе, күнделік, дәптер») кіреді.
«Әліппе» Ақпейіл:
Менің атым әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып, ер жеткен,
Бауыржан да, Мәлікте.
«Математика» Ақлима:
Біздің келер шамамыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.
«Күнделік» Әмина
Жазулы менде әр күнің,
Бар мінезің, тәртібің.
Дос болайық жарқыным,
Жолдасымсың жарқыным.
«Дәптер» Аружан:
Ел құрметтеп бағалар,
Досың бар ол тазалық.
Кел, дәптерге балалар,
Тап-таза етіп жазалық.
Хор: «Мамамыз»
Азамат:
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледімән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Ерназар:
Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап, талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Хор: « Ақ мамам »
Жүргізуші:
Балалар, «Әріптер әлеміндегі» ханшайымды білесіңдер ма? Ендеше сол ханшайым біздің мерекемізге келе жатыр. Соны қошеметпен қарсы алайық. Қаттырақ қол соғайықшы, ол біздің қошеметімізді естімей жатқан сияқты.
Ханшайым:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын! Бүгін сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Мен сендердің балабақшамен қоштасу мерекесіне әдейікелдім, сендерге алып келген арнайы ойыным бар, енді соны ойнайық. Ойынның аты «Кім мектепке тез жиналады?» деп аталады.
Ойынның мақсаты : Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу. Ойынсоңында балаларды мадақтау
Ойынның шарты : Үстел үстінде мектеп құралдары тұрады (бояу карандаш, дәптер, кетіргіш, рисования, ) т/б ойынға екі балаладан қатысады.
Нұрали:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz