Ата-аналар қатысуымен ұйымдастырылған 1 В сыныбының туған күн кеші: сыныптық ынтымақтастық пен тәрбие жұмысы

Сыныптан тыс жұмыс. Ата-анамен жұмыс.

Тақырыбы: «Туған күніңмен 1 «В» сыныбы!»

Мақсаты:

Балалардың арасында, ата-аналар арасында достық, ізгілік, ұйымшылдық қарым - қатынас орнату. Сыныптың арасындағы ауызбіршілікті молайту. Балалардың үлкен ортада өздерін еркін ұстай білуіне жетелеу.

Көрнекілігі: «Таныс болайық, бұл мен . . . » сыныптың отбасылық парақшасы (ата-ана мен бала бірігіп дайындаған), шарлар, сыныптың паспорты, көбелектер, презентация, видео, ата-аналармен интервью

  • Армысыздар ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің «Туған күніңмен 1 «В» сыныбы!» атты іс - шарамызға қош келдіңіздер! Құрметті 1 «В» сынбының ата-ана, әжелері туған күндеріңіз құтты болсын!
  • Олай болса, ортаға туған күн иелерін шақырайық! ( балалар екі-екіден қол ұстасып, музыканың сүйемелдеуімен сыныпқа кіреді)
  • Осы жылы әр отбасында бір өзгеріс болды. Иә. Өзгеріс. Ол өзгеріс, бәрімізді бір ортақ отбасына біріктірді. Ол қандай өзгеріс екенін білу үшін экранға назар аударайық!
  • Отбасы дегеніміз не? Отбасы ол - бірлесіп өмір сүретін, туыстық қатыныста тұратын адамдар тобы. Осы біздің «сынып » деп аталатын отбасының құрылуына ата-аналар сіздер куә болдыңыздар!
  • Ал балалар, алда бізді көп қызықтар, қиыншылықтар күтіп тұр. Біз әлі талай нәрсені үйренуіміз керек. Бір-бірімізбен дос болуды, бір-бірімізді сыйлауды, көмектесуді үйренуіміз керек.
  • Балалар, үй қалай соғылады? (іргетасы қаланады, кірпіштері қаланады) Біз де бір-бірімізбен қарым-қытнасты осы үй сияқты кірпіштен кейін кірпіш қалағандай орнатамыз. Осы үйді соғуда қандай адами қасиеттерді қосатынымызды балалар сіздер, ата-анлар сіздер шешесіздер!

Есік қағылады.

  • Ал міне, туған күнімізге қонақ келді. Бұл кім екен?
  • Почта тасушы.
  • Салем достар! Мен сендерге сәлемдеме әкелдім! Ал, мұнда не болып жатыр?
  • Бүгін біздің туған күніміз!
  • Аааа, олай болса, туған күндеріңіз құтты болсын! Сабақтарыңды жақсы оқыңдыр! Сау болыңдар!

Сынып туралы видео тамашалау.

  • Туған күн кешімізді одан ары қарай жалғастырамыз! Мен балалар сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр!

Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
/Кітап/.

Өзі арық,
Басы жарық,
Жүрген жері көп әріп.
/Қалам/.

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
/Сызғыш/

Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (Қоңырау)

Оқу-білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы.

(Сөмке)

Әр жұмбақты дұрыс шешкен балаға, кірпіш беріледі. Оны бала үйге апарып жабыстырады.

  • Жаксы! Ал балалар, таңертең сабаққа асыққанда, сендерге портфель жинауға кім көмектеседі?
  • Аналарымыз!
  • Олай болса ортаға 3 ананы шақырайық! (аналардың көздерін байлап, үстелге әр түрлі заттар қойылады. Мысалы: қалам, помада, кітап, дәптер, ойыншық, духи. )

Музыка ойналады, музыка өшкенде, тоқтатылады.

Дұрыс әрі тез жинаған анаға кірпіш беріледі.

  • Иә балалар, сендер осыдан 1, 5 ай бұрын ғана метеп табалдырығын аттадыңыздар. Ол кезде сіздер мектеп тәртібін, ондағы мектептің ережесін білмейтін едіңіздер, ал бүгінде сіздер толық оқушы, 1 «В» сыныбының оқушысы деген атқа ие болдыңыздар. Осыған орай «Сырбай Мәуленов атындағы 1 «В» сыныбының паспортын» табыс етуге рұқсат етіңіздер! Паспортты табыс етуге сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрдың әжесін ортаға шақырамыз!

Нұрдың әжесі оқиды.

  • 1 «В» сыныбы
  • Барлығы : 29 оқушы
  • Оның 15-ұл, 14-қыз
  • Туылған жылы: 2014ж, 1-қыркүйек
  • Сыныптың анасы: Индира Жангелдіқызы

Қыздар:

Мадина, Даяна, Алина, Ботагөз, Аяужан, Аружан, Ақтолқын, Диана, Бекзада, Мадина, Жанбота, Сабина, Динара, Дидар

Ұлдар:

Арсен, Дарын, Ерасыл, Асылбек, Темирлан, Алдияр, Нұғман, Нұр, Ислам, Аян, Нұрдәулет, Аслан, Райымбек, Тәжімұрат, Бекарыс

Асылбек: Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Туған күнін сыныптың

Бірге қарсы аламыз !

Аружан: Мен оқушы баламын,

Кітап оқи аламын

Дәптер, қалам, сызғышты

Сөмкеме өзім саламын

Темірлан: Біздің сынып әдепті,

Бәріне көмек береді,

Біздің сынып әрқашан

Жетістікке жетеді

Динара: Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.

Бекарыс: Партаға алғаш отырдым

Бұдан асқан бақыт жоқ.

Оқушы болдым мінекей,

Ойнауға енді уақыт жоқ.

Ботагөз:

Ендігі кезек біздің сыныбымыз туралы кішігірім презентацияға назар аударайық!

Аяужан:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Аян:

Мектеп - қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы баламыз!

Ақтолқын:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Мадина А:

Мектебің - мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.

Мадина Б:

Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.


Ұқсас жұмыстар
Отбасы - тәрбие бастауы: 8-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақ (ата-аналар қатысуымен)
Әке тақырыбындағы сыныптық ата-ана кездесуі: тәрбие мен ынтымақтастық
Педагогикалық шеберхана түріндегі ата-аналар жиналысы: оқудың маңызы мен ынтымақтастық
1-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Аяулы аналар - анаға деген құрмет пен махаббатты тәрбиелеу
Ата-анаға құрмет пен жауапкершілікке тәрбиелеу: Бұрма орта мектебі 4 А сыныбының ашық тәрбие сағаты
Отбасы тәрбие бастауы: ата-ананың рөлі, міндеттері және мектеппен ынтымақтастық
Халықаралық Отбасы күніне арналған ата-аналар кездесуі, Туған тілім-тірлігімнің айғағы тәрбие сағаты және Өсімдік - тірі ағза ғылыми жоба
Ата-аналар жиналысы: Отбасылық тәрбие мен мектептің бірлескен жауапкершілігі
Сыныптық интернет-сайттардың оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен ата-ана-мұғалім электрондық кері байланыс рөлі
Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі: тіл дамыту, тәрбие және мамандармен ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz