Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге тәрбиелеу
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде 2015 жылдың 23-қазан күні бастауыш қазақ сыныптарының онкүндігіне байланысты Индира Жангельдиевна Иматаева 2 <<В>> сыныбында <<Жануарлар әлемі табиғаттың сәні еді>> атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды. Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат балалардың қызыққа толы жануарлар әлемін тереңінен танып, оқушыларды топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу болды. Сынып оқушылары <<Жыртқыштар>>, <<Үй жануарлары>>, <<Құстар>> атты үш топқа бөлініп, өздерін таныстыру, қызықты сұрақтарға жауап беру және тағы басқа әр түрлі турлардан өтті. Бұл сайыс балалардың белсенділігін арттырып, қызығушылықтарын оятты.
Тақырыбы: <<Жануарлар әлемі, табиғаттың сәні еді>>
Мақсаты: Балалардың жануарлар әлемін толықтай танып білуге, қызықты мәліметтермен танысып, өз беттерінше деректер жинай білуге жетелеу. Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге тәрбиелеу. Оның әсемдігін, сырын сезіне білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, видеолар, <<Жануарлар әлемі, біздің көзімізбен>> көрмесі, сандық, шылдырмақтар
Сабақтың түрі: сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың барысы:
Сынып 3 топқа бөлінеді:
<<Жыртқыштар>> командасы (ақ футболка, алдыларында жыртқыш аңның суреті жабыстырылған)
<<Үй жануарлары>> командасы (көгілдір футболка, алдыларында үй жануарының суреті жабыстырылған)
<<Құстар>> командасы (сары футболка, алдыларында құстың суреті жабыстырылған)
<<Жануарлар әлемі, табиғаттың сәні еді>> атты әннің сүйемелдеуімен командалар сыныпқа кіріп, қайырмасын бәрі қосылып айтып, орындарына келеді.
Құрметті оқушылар, қонақтар, бүгінгі біздің 2 <<В>> сыныбында өткелі отырған <<Жаунарлар әлемі, табиғаттың сәні еді>> атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Жануалар әлемі біз үшін әрдайым таңғажайып жаратылыс. Сол әлемнің сырын танып білу мақсатында біз сіздермен осындай командалық жарыс ұйымдастырып отырмыз. Жануарлар - тірі организмдер дүниесінің негізгі екі топтың бірі, жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі.
Бүгінгі біздің жарысымызды 3 топқа бөлініп өткізбекшіміз.
Жарыстың қалай өтетіндігін айтып өтейін.
1 - тур: <<Таныстыру>> әр команданың мүшелері өздерін таныстырады.
2-тур: <<Сиқырлы сандық>> Бұл турда сіздер жануарлар мен құстар туралы сұрақтарға
жауап бересіздер. Ал сол сұрақтың дұрыс жауабы мына сиқырлы сандықтың ішінде болады. Әрбір дұрыс жауапқа бір банан беріледі.
1. Төрт тізесі бар, секіре алмайтын аңды атаңыз? піл
2. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,
Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем. (жылқы)
3. Айбарлы сұсы бар
Қанжардай тісі бар
Тұла бойында
Тасыған күші бар
Күжірейген жалды
Білсең айт бұл аңды? Арыстан
4. Оның пірі - Сексек ата.
Бұл жануарды <<шөре-шөре>> деп шақырмыз. Ол қандай жануар?
5 .Түрі жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі зебр
6.Мойыны сорайған
Сирағы серейген
Теңбіл шұбар терісі
Шөлдегі аңның ірісі
Жонында жалы бар
Бұл қандай жануар? Керік
7.Бұл жануардың пірі - Зеңгі баба.
Оны <<Әукім-әукім>> деп шақырамыз. сиыр
8.Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Адам деуге болмайды, сақалы тағы бар. (ешкі)
9.Үстінен тоны түспеген
Сонда да араз қыспенен аю
10. Бұл жәндік тамақты алдымен аяғымен байқап көреді екен. Бұл қандай жәндік?
11. Бұл құс ұшып жүріп ұйықтайды екен.
12. Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)
3-тур: <<Ненің үні?>> Қай жаунар қалай дыбыстайтынын табасыздар.
4-тур: Сергіту (аю, ат, қоян, сиыр)
Әр топтан бір оқушыдан шығып, аталған жануарларды қимылмен көрсетеді.
5-тур: <<Жас суретшілер>> Бұл турда әр командадан бір оқушы шығып менің көрсеткен суретімді тез қарап алып, соны салып беруі тиіс. Қай команданың суреті жақсы салынса және командадағы балалар ненің суреті екенін тез таба білсе, сол командаға банан беріледі. Жарыс соңында қай команда көп банан жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Ескерту: Сұрақтың жауабын айтқанда шылдырмақпен белгі беріп, содан кейін ғана жауап береміз. Айқайлап жауап берілсе ол саналмайды.
Жарыс соңында әр топ қанша банан жинағандары саналады. Қай топтың бананы көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz