Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бауырласпыз бәріміз, Қазақстан жерінде
<<Үш тілде білім беруді ілгерілету>>
(Бүлдіршіндер арасында өткізілген сайыс)
Сценарий:
Дайындаған: Лепесова Нұрлыайым Асанханқызы. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 4-курс студенті.
Өткізілген күні: 01.03.2016
Өткізілетін орны: №200 орта мектеп.Мультимедия кабинеті.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, ойыншықтар.
Мақсаты:
Тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу; өзге ұлттың тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау;
Тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп тәрбиелеу;
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі ата-аналар, қонақтар және бүлдіршіндер. <<Үш тілде білім беруді ілгерілету>> шеңберінде мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді меңгерту мақсатында өткізілгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер.
Күміс күй мен әнге толы тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл - ой.
Шаттандырған біздің балаларды,
Бүгін бізде ұлы той.
Армысың жиылған жұрт мол қауым,
Көбейсін мерекең күн сайын.
Қошеметпен, құрметпен ашайық біз,
Бүгінгі <<Үш тілді игеру>> сайысын.
Балғын жүзі албырап,
Қанаттарын жаңа қаққан.
Қарсы алайық бүлдіршіндерді,
Сайысқа дайын тұрған,-деп бүгінгі сайысқа қатысатын екі топты ортаға шақырамыз.
<<Үш тілде білім беруді ілгерілету>> шеңберінде мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді меңгерту мақсатында өткізілетін бүгінгі сайысымыздың бағдарламасы мынадай кезеңдерден тұрады.
1) <<Таныстыру>> (Топты, эмблеманы таныстыру)
2) <<Менің отбасым>> слайд бойынша үш тілде жауап беру.
3) <<Сандар>> слайд бойынша үш тілде жауап беру.
4) <<Тағамдар, сусындар>> слайд бойынша үш тілде жауап беру.
5) <<Ойыншықтар>> көрнекілік және слайд бойынша үш тілде жауап беру.
6) <<Түстер>> сурет бойынша үш тілде жауап беру.
7) Қорытынды.
Әділ қазы береді
Өздеріңе сыйлықты
Бізге айтып береді
Кім өнерлі, кім мықты?
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1)Мектеп директоры: Көптілеуов Жолдас ағай
2)Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Якудаева Айткүл апай
3)Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жауылбаева Әлия
Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
І кезең. Таныстыру.
Десек те уақытпен жарыспайды.
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Өнердің биігінде қалықтайды,- деп келесі кезекті таныстыруға береміз.
ІІ кезең. <<Менің отбасым>>
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі.
Үйренген өнерін көрсетсін.
Бүлдіршін балалар белсенді,-деп келесі кезеңіміз менің отбасым.
ІІІ кезең <<Сандар>>
Ал, санайық санамақ,
Саусақтарға қарап-ақ.
Қане, қане санайық,
Санап біліп алайық,-деп келесі кезекті санамаққа береміз.
ІҮ кезең <<Тағамдар, сусындар>>
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз,
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз,-деп кезек тағамдар мен сусындаға да жетті.
Ү кезең. <<Ойыншықтар>>
Дәстүрдің сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Зеректік пен тапқырлық.
Жеткізсін сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына,-деп келесі кезекте бүлдіршіндер ойыншықтардың атауын айтып жарысады.
ҮІ кезең. <<Түстер>>
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе гүлдей атып бүршік үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Түстердің түрін танып, білмей тұрып,- деп келесі кезеңімізді түстерге береміз.
Намысыңды бермегін,
Құлашыңды сермегін.
Сал өлеңге ел көрсін,
Жарқылдаған бүлдіршін,-дей отырып келесі кезекте мектеп алды даярлық тобының биін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі сайысымызға демеуші болып, көрермен болып ата-аналарымыз келіп отыр. Келесі әніміз ата-аналарымыздың құрметіне арналады. Қабыл алыңыздар. Т.Төреәлі мен Е.Есмаханның <<Алло>> әніне жасалған пародия. Орындайтындар <<Балауса>> шағын орталығының бүлдіршіндері Торта Айзере мен Қайратұлы Жанболат.
Осымен бүгінгі сайысымыз шарықтау шегіне жеткен сияқты. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Сайыс жеңімпаздары анықталып, барлық сайысқа қатысқан бүлдіршіндерді мектепішілік алғыс хаттармен марапаттап, шағын орталық ұжымы әзірлеген, демеушілер дайындаған сыйлықтарды табыстады.
Барлық елдің бөбегі,
Бір- бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз,
Қазақстан жерінде.
жарасады сәніміз,-деп бүгінгі сайысымызды аяқтай келе өзіміздің тілімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтай отырып, осы жерде отырған ақ жаулық аналарымыздан батасын сұрайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz