Мектеп кітап ханасы

«С. Сейфуллин атындағы орта мектеп»
Дайындаған:Аманова Салтанат
2016 жыл
С Сейфуллин атындағы орта мектебі бойынша
2015-2016 оқу жылының 2-12 ақпан аралығында өткізілген
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
тақырыбындағы онкүндіктің қорытындысы туралы
х а б а р л а м а
Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға жариялау мақсатында С Сейфуллин атындағы орта мектебінде Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің 2016 жыл 18 қаңтар №1548/85 хатына, аудандық білім бөлімінің 2016 жыл 19 қаңтар №22 бұйрығына сәйкес, мектеп директорының 2016 жылғы бұйрығын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 2-12 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі тану» пәнінің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында дәстүрлі онкүндігі өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С. А. Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Онкүндіктің әрбір күні - мейірімділікке толы мерекеге айналды. Атап айтсақ 2-12 ақпан аралығында онкүндікті өткізу үшін мектеп бойынша әдістемелік бірлестікте іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сәйкес шаралар өтті.
Онкүндіктің алғашқы күні мерекелік салтанатты жиынмен ашылды. Жиынға қатынасқан 1-11 сынып оқушылары онкүндіктің жоспарымен таныстырылды, барлық сынып оқушыларын аталған онкүндікке белсенді атсалысуға шақырылды.
3 ақпанда «Мәңгілік адамгершілік құндылық» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды, онда мектеп кітапханашысы Э. Зинешеваның ұйымдастыруымен
өзін-өзі тану туралы мағлұмат алатын «Самопознание kz», «Өзін-өзі тану» журналдарының топтамасы, «Мен АДАММЫН», «Тағылым», «Қазақтардың дүниетанымы» С. Назарбаеваның еңбектері т. б өзін-өзі тану негізінде, баланың адамгершілік - рухани әлеуетін көтеру мақсатында ақпарат көздерімен толықтырылды.
4 ақпанда «Өзін-өзі тану - біздің әлеміміз» айдарымен қабырға газеттері шығарылды.
5 ақпанда өзін-өзі тану пәнінен «Өзімшілдік пен көпшілдік» тақырыбындағы ашық сабағын 4 ә сыныбында мұғалім Г. Жұмағұлова өткізді. Сабақ барысында мұғалім тұлғаның бойында кездесетін өзімшілдік пен көпшілдік туралы айта келіп, баланың жан-жақты қалыптасуы үшін ата-ана мен мектеп, достарының
қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттілік қасиеттері кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігін сөз етті. Сонымен қатар әр отбасындағы қалыптасқан дәстүрлер жайында балалармен пікір алмасу болды.
Онкүндік аясында 6 ақпанда 9 сынып оқушыларымен мектеп психологы А. Өмірбекова мен тәлімгер М. Сахипова «Қайырымдылық жылы жүректен » шарасын ұйымдастырып, жалғыз басты, қарт кісілерге көмек көрсетіп,
үлкендердің ризашылығына бөленіп, олардың батасын алды.
8 ақпанда саз пәнінің мұғалімі А. Мусағалиева «Өнерін өрге өрлеткендер» тақырыбында 6 сыныпта ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, Отан, туған жер, өмір туралы әндерді шырқап, әннің шығу тарихы, әнді орындаушы, әнді сүйемелдейтін аспаптар, олардың шығу тарихы, орындалатын арнайы орындар туралы айтып, талдап, үлкен белсенділік танытты. Жалпы бұл орайда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
9 ақпанда Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, мектеп психологы А. Өмірбекованың 7-сынып оқушыларына дайындап, өткізген «Жүрек жылуы» атты тренингі сәтті өтті. Өткізілген тренингте оқушылар өздеріне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының әлеуметтік маңызын арттырды.
Оқушы шығармашылығын жариялау мақсатында 1-11 сынып оқушылары жұмыстарынан «Өзін-өзі тану және мен» тақырыбында сурет және эссе байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына салынған суреттері, эсселері жинақталды.
Байқау барысында 4-сынып оқушылары С. Нұрболатұлы, Ұ. Альмұханова,
5-сыныптан Н. Дүйсенғалиева, Н. Сайынова, 6-сыныптан М. Қожасова, Н. Сағатова,
Б. Тұрсынғалиев, 10-сыныптан А. Бакишева, Ж. Атажанова, 11- сыныптан Ә. Шеркешбаевалардың жұмыстары көпшілік көңілінен шықты.
10 ақпанда 3-5 сынып оқушылары аралығында «Өмір деген бір нәзік сәуле екен ғой» тақырыбымен көркемсөз оқушылар сайысы өткізілді. Сайысқа қатынасқан А. Әмірханова, А. Асқар, А. Әлібекқызы А. Ермағанбетова аталған сынып оқушылары оқулықта берілген авторлардың өлеңдерін жатқа айтты.
Жас жеткіншектердің рухани дамуын жетілдіру мақсатында 4 а -сынып оқушыларына дайындаған психолог В. Харкеннің «Мейірімге толы жүрек» тренингі өткізілді. Өткізілген шараның соңынан оқушыларға психологиялық кеңестер берілді.
11 ақпанда саз пәнінің мұғалімі А. Мусағалиева мен мектептің көркемдік жетекшісі Н. Сатимовтың ұйымдастыруымен 3-9 сынып оқушылары арасында «Сенің жұлдызды сәтің» атты ән байқауы өткізіліп, оқушылардың әнге деген қызығушылықтарын арттырды.
Оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Өзін-өзі танудың ғажайып әлемдері» тақырыбымен шығармашылық қолөнер туындылары байқауы өткізілді. Байқауға А4 форматты қағаздан дайындаған «Қос аққу», «Әсем гүлдер», домбыра, гүлдестелер дайындалса, қолдан дайындалған желпуіштер, пластикалық бөтелкеден дайындалған гүл, мата қалдықтарынан дайындалған ойыншықтар тартымды болды.
12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытынды шарасы ретінде «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық әлемі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Одан әрі «Махаббатпен жылынған жүрек» тақырыбымен онкүндік қорытындыланып, жоспарға сай өткен шараларда белсенділікпен қатынасып, өз шығармашылықтарымен танылған оқушылар мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері атынан дипломдармен марапатталды.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады.
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Р. Курганбаева
С. Сейфуллин атындағы орта мектебі бойынша
2015-2016 оқу жылының 2 - 12 ақпан аралығында өткізілетін
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
тақырыбындағы онкүндіктің іс - шаралар жоспары
Өткізілетін
іс-шараның атауы
Қатысатын
сыныптар
Жауапты орындаушы
лар
мектеп жиыны
(линейка)
1-11
сыныптар
С. Аманова
ӘБ жетекшісі
пән мұғалімдері
кітап көрмесі,
альбом жасау. т. б
Мектеп кітап
ханасы
жалғыз басты,
қарт кісілерге көмек
8-11
сыныптар
Мектеп тәлімгері,
С. Аманова,
А. Өмірбекова
«Өнерін
өрге өрлеткендер»
А. Өмірбекова -
мектеп психологы
сурет байқауы,
эссе байқауы
Көркем
сөз оқушы
лар байқауы
3-9
сыныптар
С. Аманова -
ӘБ жетекшісі
Э. Зинешева -
кітапханашы
С. Аманова -
ӘБ жетекшісі
«Мейірімділік,
махаббат,
қайырымдылық әлемі»
Концерт
тік бағдарлама
Онкүндік
тің жабылуы
марапат
тау
Дайындаған: әдістемелік бірлестік жетекшісі: С. Аманова
«Мәңгілік адамгершілік құндылық» тақырыбында
«Өзін-өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаеваның
еңбектері жайлы кітаптар көрмесі туралы хабарлама
Мақсаты: Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған іс-шаралар аясында оқушыларға Ел анасы туралы ауқымды ақпарат беру, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту.
Мектеп кітапханасында «Мәңгілік адамгершілік құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өзін-өзі тану пәні өзімізді қоршаған ортаны тануда көптеген жаңалықтар мен қызықты дүниелерге жол ашатындығын, қабілеттері мен мүмкіндіктерінің ашылуына барынша жағдай жасайтындығын, даналық сөздердің мәнін ұғынып, өнегелі аңыз - әңгімелерді оқып білу арқылы өмірді тануға мүмкіндік алып, адамгершілік қарым - қатынастың мәнін ұғатынын оқушыларға түсіндіре отырып, жас өспірімдерді адамгершілікке, азаматтыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Кітап көрмесіне келген оқушыларға «Өзін-өзі тану» жобасының авторы, ел анасы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірі мен қызметі туралы, адамның денсаулығы және П. К. Ивановтың «Детка жүйесі» (1999ж. бірлескен авторлықта), «Өзіңе жол» П. К Ивановтың ілімі Сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде ( 1999 ж), «Өмір этикасы» (2001), «Сүйіспеншілікпен» (2001ж ) атты еңбектерімен таныстырылды.
«Мәңгілік адамгершілік құндылық»
кітап көрмесінен көрініс
Көрмеге қойылған кітаптар:
1. Тоғысбаев Б., Сужикова А . Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым.
Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған . «Алматы кітап»ЖШС 2005. -368 бет
2. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт- дәстүрлері. Алматы:«Алматы кітап» ЖШС 2005. -284 бет, суретті.
3. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті . -Алматы: «Алматы кітап»ЖШС, 2006. -384бет, суретті
4. Матайқызы Д. Ұрпағым саған айтам. - Алматы:Өлке, 2011-136 бет. 2басылым.
5. Матайқызы Д. Айналайындарым менің. . . - Алматы:Өлке, 2002. -208 бет
6. Әуезов М. Абай жолы. - Алматы, 2000.
7. Ахметова З. Шуақты күндер . -Алматы, 1987. -89 бет.
8. Момышұлы Б. Ұшқан ұя:Повесть, әңгіме, нақылдар- Алматы: Атамұра 2003. 240 бет.
9. Сухомлинский В . Көгілдір тырналар. - Алматы:Мектеп, 1976-3 бет
10. Алтынсарин . Таза бұлақ:өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, ертегілер Алматы:Жазушы, 2003.
11. Өтетілеуұлы Е Әдептілік-әдемілік. - Алматы:Алматы кітап, 2002.
12 . Соқпақбаев Б. Менің-атым Қожа. - Алматы:Жазушы, 2001.
13. Ең қымбат нәрсе. - Алматы:Аруна, 2007-72бет-«Әлем ертегілері»
топтамасы.
14. Тазша бал - Алматы:Алматы кітап, 2002 -41бет
15. Алтын балық- Алматы:Алматы кітап, 2002-41бет.
16. Өнегелі ертегілер. Қазақ ертегілерінің антологиясы - Алматы:Аруна, 2007-
72бет
17. Батырлар жыры . (Құраст. Е. Дүйсенбайұлы) -Алматы:Жазушы, 2009. 352бет.
Сондай-ақ «Аруна» баспасы мектеп жасындағы балаларға арналған «Сен білесің бе?» атты тарихи-этногафиялық кітаптар топтамасымен шығарылған «Қазақстанның төл мерекелері», «Ұлттық ою -өрнектер», «Салт дәстүрлер,
«Ұлттық киімдер», «Ер қанаты болған бес тұлпар», «Алтыбақан», «Наурыз»т. б кітапшалармен таныстырылып, осы кітаптарды алып оқуға ұсыныс жасады.
Көрмені дайындаған: Мектеп кітапханашысы - Э. Зинешева
Өзін-өзі тану 4 ә сынып пән мұғалімі Г. Жұмағұлова
Сабақтың тақырыбы : Өзімшілдік пен көпшілдік
Құндылық: дұрыс әрекет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz