Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым
Сыныбы: 9
Пәні: Адам. Қоғам. Құқық.
Тақырыбы: Нарықтық қатынастар және ақша.
Мақсаты: 1. Білімділік-оқушыларға нарық ұғымын, нарықтық қатынас заңдарын, түрлерін
түсіндіру, тауар, ақша ұғымдарына түсінік қалыптастыру. Экономиканың
нарық жүйесінде дамуына, нарық пен мемлекет, нарық пен адам арасындағы
өзара байланыстарына тоқталып, нарықтың жетістіктерімен кемшіліктерінің
мәнін ашу.
2. Тәрбиелік: нарықтық экономиканың талаптарын түсіндіре отырып,
оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа,бәсекеге
қабілетті мемлекеттің азаматы болуға, тәрбиелеу
3. Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге үйрету, өз бетімен
іздене білу қасиетін жетілдіру;
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар тақырыпты тек жаттанды теория түрінде емес, практикалық
тұрғыдан терең түсінеді;
2. Пәнаралық байланыстар жүреді;
3. Оқушыларға өзіндік қасиеттердің барлығын көрсете білу мүмкіндігі туады;
4. Оқушының сабаққа, білімге қызығушылығы оянып, ізденімпаздық пен оқу
белсенділігін көрсетуге тырысады,
5. Оқушының өзіндік саналы жауапкершілігі қалыптасады.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, экономика
Әдісі: Блум таксономиясы бойынша баяндау, өз ойын айту, талдау,пікір алмасу, сұрақ-
жауап
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. <<Білу>> кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
oo Экономика түсінігі
oo А. Маслоу пирамидасы
oo Меншік
oo Экономикалық жүйенің түрлері
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру үшін қойылатын сұрақтар.
1. Қазіргі таңда Қазақстан қандай экономикалық жүйемен дамып келеді?
2. Бұл жүйенің Кеңес үкіметі кезіндегі экономикалық жүйемен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар деп ойлайсыңдар?
3. Қазақстан қандай мемлекеттермен экономикалық байланыс жасап келеді?
4. Қазақстанның қандай өнімдері халықаралық сұранысқа ие?
5. Елімізде әлі де болса бәсең дамып келе жатқан сала ретінде қандай саланы айтар едіңіздер?
6. Қазақстан азаматы ретінде еліміздің экономикалық дамуына қандай баға бересің?
7. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
8. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
9. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Елбасымыз Н. Назарбаев: <<Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек>> - деген болатын. Көріп отырғанымыздай, бүгінде президентіміз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай туғызу үшін Еуразиялық экономикалық одақ жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, ДСҰ-ға кірудің алғышарттары да түзіліп қойылған. Алдағы уақытта еліміздің экономикасы дәл осы шағын және орта кәсіпкерлік арқылы аспанға шарықтайды.
III. <<Түсіну>>
Жаңа сабақ жоспары.
1. Нарық.
2. Ақша.
3. Тауар.Құн және тауардың бағасы.
4. Ұсынысжәне сұраныс заңы.
Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларды валюталарды таңдау арқылы төрт топқа бөлемін.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын, айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді.. Басқаша айтқанда, нарық дегеніміз - нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Ақша -- ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі.
Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім тауар деп аталады. Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым. Нарықтың өзі тауар өндірісінің пайда болуына байланысты өмірге келеді. Тауар - айырбас үшін арнайы дайындалған өнім.
Ақша экономиканың даму тарихында ерекше текті тауар болып келеді. Ақшаның ерекшелігі - оның әмбебаптығынан, жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрініс береді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үдерісінде делдал-тауар қызметін атқарады.
Біздің экономикамызда маңызды орын алатын 4 валюта туралы айтылады.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Тауар құнын анықтаудың бір-біріне қарама-қарсы екі тұжырымдамасы бар. Олардың біріншісі - Маркстің тұжырымдамасы. Бұл теорияға сай әр тауардың құны және бағасы болады, құнның негізіне тек бір ғана өндіріс факторы еңбек алынады. Кез келген тауар - еңбектің жемісі. Әр тауарға сіңірілген еңбектің көлемі сол тауардың басқа тауарға айырбасталу сәйкестігін, демек, құнның ақшалай көрінісі ретіндегі бағасын айқындайды.
Нарық заңдылықтарынан қорытылып шығарылған тұжырымдама бойынша, тауардың құны оны өндірушінің өндіріс факторлары үшін (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының жиынтығымен айқындалады.
Осы екі тұрғыны біріктіре отырып, біз тең салмақты баға теориясын - өндірушінің бағасы мен сатып алушы бағасының арасындағы балансты аламыз. Тауар өндірушінің бағасы мен сатып алушының бағасы арасындағы тең салмақты орнату механизмі ұсыныс пен сұраныс заңында тәптіштей сипатталады.
Нарықтық баға құрыу үдерісінде сұраныс пен ұсыныс шешуші рөл атқарады. Сұраныс деп сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін айтамыз. Сұраныс заңы былай тұжырымдалады: баға төмен болған сайын, сатып алынатын тауар саны арта түседі және керісінше, баға жоғары болған сайын, адамдар сатып алатын тауардың саны азая береді.
IV. <<Қолдану>> кезеңі.
<<РАФТ>> әдісін қолданамын. <<Сатушы мен сатып алушы>> ойыны. Ортаға үш оқушы шығыады. Екі сатушы өздерінің тауарларын өткізу үшін сатып алушыны қызықтыруға жұмыстанады. Сатып алушы сапалы әрі арзан отандық өнімді таңдайды.
V. <<Талдау>> кезеңі. <<Салыстыру>> әдісін қолданамын.
Кеңестік қоғамда өмір сүрген бір мұғалімді өзінің өмір тәжірибесін ортаға салуға шақырамын. Яғни командалық экономика мен нарықтық экономиканы салыстырады. Оқушылар мұғалімнің айтқанына қарап өздері сараптайды.
<<Пікірсайыс>> өткіземін. Ол үшін оқушылар қалаулары бойынша екі топқа бөлінеді. <<Қазақстан экономикасында доллардан бас тартуға болады немесе болмайды>> тақырыбында өз ойларымен бөліседі.
VI. <<Жинақтау>> кезеңі. <<Бір айналым>> әдісі бойынша бүгінгі сабақтан түсінгендерін түйіндейді. Рефлексия
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. <<Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан үшін маңызды>> тақырыбында эссе жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz