Өнерлінің өрісі кең: 5-8 сыныптардағы ұлттық қолөнер мен технологиялық шығармашылық көрмесі

Өнерлінің өрісі кең

(Шығармашылық көрме)

Мақсаты:Оқушылардың технология пәніне қызығушылықтарын ояту. Технлогия пәні арқылы оларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, төзімділікке үйрету.

Дамытушылық мақсаты:Өнер туындыларын таныстырып саралау мақсатында өз ойларын білу. Бұйым жасау түрлеріндегі іс әрекетке білімі мен шеберліктерін тану.

Тәрбиелік мақсаты:Бүл көрмедегі бұйымдардың тиімділігімен қажеттілігін түсініп, оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу.

Қолөнер шебердлерінің еңбегін көпшілік назарына ұсыну үшін «Өнерлінің өрісі кең»тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырдық. Іс қалдырып өрнегіндей шебердің, Әрбір адам еңбегімен танылар.

Ата-баларымыздың ғасырлар бойы өзімен дамып, жетіліп келе жатқан ұлттық қолөнері-халық қазынасы, бабалар мұрасы. Демек оның адамзатқа сыйлар рухани байлығында шек жоқ. Өнерге бай халықтың ұлттық рухы да жоғары. Сондықтан да өнерді терең танып білу, бабалар мұрасын сақтай отырып көбейту барысында атқарылар жұмыс өте көпҚолөнердің ерекшелігі адамның қолымен жасалады. Бүгінгі халықтың талабы жоғары, талғамы биік. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгі. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық білім қажет. Сондықтан шебердің шығармашылық есебінің жемісті табыстарын халық назарына салып, алқалы топ сарабына салып отыру заман талабы.

Эстетикалық талғамы жоғары «Өнеріне қарай өрнегі» байқалып тұратын адамды халқымыз «Бармағынан бал тамған»деп жоғары бағалаған. Осыған орай 5-8 сынып аралығында ашық көрме өткіліп отыр. . Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрме қойып, өте жақсы қатысқан оқушылар мадақтау қағазымен марапатталады.

«Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән» Еңбек үйренемін десең ерінбе, өнер үйренемін десең жерінбе»

Қорыта келгенде, жастарға ата-баба дәстүрін, ұлттық өнерімізді терең ұғындырып, елжандылыққа өз еліне тарихына деген сүйіспеншілік баулимыз. Ол үшін пәндік үйірмелерде халқымызыдың салт-дәстүр, әдет-ғұрып өнерлерін дәріптеп, оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп оту еңбек пәні мұғалімдерінің негізгі мақсаттарының бірі болуы тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Шебердің қолы ортақ: 7-8 сыныпқа арналған ұлттық қолөнер мен шығармашылық сайыс сабағы
Он саусақтың құдіреті: 9-сынып оқушыларының қолөнер көрмесі және дәстүрлі шеберлікті тәрбиелеу
Ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру
Зергерлік өнер мен ұлттық қолөнер: сынып сағатының оқу-тәрбиелік жоспары
Өнер өрге жетелейді: ұлттық салт-дәстүр мен қолөнер арқылы тәрбиелеу
9-11 сыныптардағы Дарындылар додасы: тілдік, шығармашылық және танымдық сайыс сабақ жоспары
Жеңіл өнеркәсіп пен ұлттық қолөнер: аралас сабақ жоспары
8-сынып: магнит өрісі мен күш сызықтары - тұрақты магниттер, тоғы бар өткізгіштер және Жер мен Күннің магнит өрісі
8-сынып: Электр өрісі - сапалық есептер мен тарауды қорытындылау
Технология пәнінде ұлттық қолөнер арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу: Қызылорда қалалық №1 мектеп-гимназиясының тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz