Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Фосфор элементі
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Фосфордың табиғатта таралуы,фосфордың физикалық,химиялық қасиеттері,маңызды оттекті қосылыстары,фосфор қышқылдары,тұздары туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Электрондық формула құрастыру ,атом құрылысының химиялық элементтің қасиетіне әсерін түсіндіре білу,фосфор оксиді мен қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу білім-білік дағдыларын жетілдру,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке химия пәні талап ететін ұқыптылыққа тәрбиелеу
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, периодтық жүйе, сіріңке
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру -Амандасу.
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
-Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
ІІ. Ойтүрткі
Гамбургтік алхимик Бранд "философиялық тас" алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас қарттарды жасартып, сырқаттарды тез жазатын, адамның өмірін ұзартатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Бірде тәжірибе барысында ол адам зәрін буландырып, оған көмір және құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенеледі. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар : Фосфор элементі
ІІІ Мақсат қою: Бүгін біз Фосфор және оның қосылыстары жайлы білім аламыз
IҮ. Жаңа білімді меңгерту
Атом құрылысы: Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған. Фосфор атомындағы электрондардың орналасуы: +15 Р )2е)8е)5е
Фосфор атомының электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p3
Фосфор қосылыстарында -3, +3, +5 тотығу дәежелерін көрсетеді. Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы фосфин РН3 мен аммиак NH3 молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанмен, фосфин молекуласы берік емес, улы, түраксыз газ, тез тотығып кетеді. Фосфорды 1669 жылы неміс алхимигі Бранд ашқан.
Табиғатта кездесуі: Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(Р04)2 түрінде болады. Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кенінің мол коры бар екені 1935 жылдан белгілі. Қазір Қаратау бассейні негізінде "Жаңатас байыту комбинаты" жұмыс істейді. Ақтөбе облысында фосфорит кен орнын (Шилісай, т.б.) игеру жоспарланып отыр.Осы кен орындары негізінде фосфорды өңдейтін зауыттар Таразда, Шымкентте және Ақтөбеде бар.
Табиғаттағы биохимиялық айналымы: Фосфор - органоген-элемент және зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Ол жануар қаңқасының құрамына, тіс құрамына кіреді. Азот сияқты фосфор өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі.
Мысалы: ересек адамдардың сүйегінде 600 г, ет ұлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5г-ға дейін фосфор болады. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды.
Физикалық қасиеттері: Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түр өзгерісін түзеді. Оның маңыздылары -- ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда ,қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі ақ жөне қызыл фосфордың қасиеттері салыстырмалы түрде берілген.
Химиялық қасиеттері: Фосфор тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Тотықсыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі.
1 Фосфор оттекпен дифосфор пентаоксидін түзеді:
0 0 +5 -2
4Р + 5О2 --> 2Р2О5
2 Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі:
0 0 +2 -3
3Са + 2Р --> Са 3Р2
3 Фосфор сутекпен әрекеттесіп фосфин түзеді:
2Р + 3Н2 --> 2РН3
Фосфин РН3 - түссіз, ерекше иісі бар өте улы зат. Амиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз.
Күрделі заттаман әрекеттесуі: Шырпының басына жанғыш заттар - күкірт пен бертолле тұзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл Фосфор мен шыны ұнтағы желіммен отырғызылады. Шырпыны қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бертолле тұзынан от алып, тез тұтанады. Реакция теңдеуі:
+5 0 -1 +5
5КСІО3 + 6Р--> 5КСІ + 3Р2О5 ﴾тәжірибе көрсету﴿
Фосфордың оттекті қосылыстары Фосфор (Ү) оксиді. Р2О5 - ақ түсті ұнтақ зат . Кәдімгі жағдайда ылғал тартатын қасиетіне сәйкес оны газдар мен сұйықтарды ылғалдан құрғату үшін қолданады. Қышқылдық қасиет көрсетіп, сумен , сілтілермен және негіздік оксидтермен реакйияға түседі.
Фосфор қышқылы: Ортафосфор қышқылы Н3РО4 үшнегізді қышқыл. Ол суда жақсы еритін күші орташа қышқыл
Құрылымдық формуласы: Н--О
Н--О---Р =О
Н -- О
Фосфор қышқылы суда ерігенде сатылап диссоциацияланады:
Н3РО4 = Н++Н2РО4- дигидрофосфат ион
Н2РО4- = Н++НРО42- гидрофосфат ион
НРО42- = Н++РО43- фосфат ион
Химиялық қасиеті: Ортофосфор қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсетпейді. Фосфор қышқылының судағы ерітіндісі барлық басқа қышқылдарға тән қасиеттерді көрсетеді. Негіздік оксидтермен, негіздермен әрекеттесіп тұздар түзеді.
Негіздік оксидпен әрекеттесуі:
2Н3РО4+3СаО=Са3(РО4)2↓+3Н2О
Негіздермен әрекеттескенде - үш типті тұз түзеді: екі қышқыл, бір орта тұз түзіледі
Н3РО4 + NaOH = NaH2PO4 + Н2О
Н3РО4 +2 NaOH = Na2HPO4 +2 Н2О
Н3РО4+3NaOH=Na3PO4+3Н2О
Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп, ерімтал тұздарға айландырады да , минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады :
Ca3(PO4)2+4H3PO4=3Ca(H2PO4)2
Кальций
Дигидрофосфаты
Қолданылуы: Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор қышқылын алуға пайдаланылады. Фосфор ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін қажет улы химикаттар алуда қолданылады.
Фосфор қышқылы дәрі дәрмек жасайтын өнеркәсіпте пайдаланылады. Фосфор қышқылы және оның тұздары көбінесе минералдық тыңайтқыш алуға жұмсалады.
Ү Жаңа білімді меңгергендерін тексеру:
1. Неге қызыл фосфорды сіріңке жасау өндірісінде қолданады?
2.Фосфордың сутекті қосылысы не деп аталады?
3. Металдармен қосылысы не деп аталады?
4.Неге фосфор дәрі - дәрмек өндірісінде пайдаланылады?
5.Неге ақ фосфор пиротехникада қолданылады?
ҮІ Бекіту:
Медалдармен
әрекеттеседі
Медалдармен
әрекеттеседі
Фосфор және
оның
қосылыстары
қосылыстары
4
А)<<Фишбоун>> стратиегиясы бойынша жаңа сабақта алған білімдерін бекіту
Ә) Оқушыларды екі топқа бөліп синквейн (бес жолды өлең) құру тапсырылады. Өлеңді құру үшін:
1 Зат есім
2 Сын есім
3 Етістік
4 Сезімді білдіретін сөздер
5 Синоним қамтылатыны түсіндіріледі.
І топ
1 Фосфор
2 Ақ, қызыл, қара
3 Әрекеттеседі, қолданылады.
4 Фосфор- әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш.
5 Фосфор- органогенді элемент.
ІІ топ
1 Фосфор қышқылы
2 Үш негізді, әлсіз қышқыл.
3 Ериді, диссоциацияланады, әрекеттеседі.
4 Үш қатар тұздар түзеді.
5 Тұздары- минералды тыңайтқыштар.
ҮІІ. Оқушылардың жауаптарын бағалап,
үйге тапсырма беру: §20 оқуға 1-5-жаттығулар.
жинағы мен жұмыс дәптерінен сәйкес тапсырмалар

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz