Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бастауышым - бал бұлағым
Бастауышым - бал бұлағым
Мақсаты : Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп,
еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы
болуға тәриелеу.
Көрнекілігі : <<Шуағын төккен 4 жыл>> фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен сахнаны безендіру.
Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты - бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4 - сынып оқушылар.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға.
Әсем әуенмен сахна ашылады.
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.
Алмас: Ассалаумағалейкум , ағайын !
Диас : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !
Эльмира : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Махаббат : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Дариға : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Хор : Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
<<Ол алғашқы ұстаз ғой>>
Еркебұлан : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !
Махаббат
Динара
Диас :Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Дариға: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !
Өлең: <<Мектебім>> Слайд көрсетіледі <<Мектептегі мерекелер>>
Эльмира: - Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.
Диас: - Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
Эльмира
Диас
Алмас
Диас : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
Махаббат : Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Эльмира : Ия , дұрыс айтасың Жадыра. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?
Ән <<Жарастықпен >>
Эльмира
Дариға
Динара
Махаббат : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Еркебұлан : Енді міне сауатымызды ашып, Хормен :білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Билер мен өлеңдер.
Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым - бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Хормен : Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаздар сіздерге ! Құттықтау сөз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz