Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі: мәдени-тәрбиелік және тұлғалық аспектілер

Сыныбы: 9 а, б Пәні: Адам. Қоғам. Құқық Күні:25. 02

Сабақтың тақырыбы: Білім мен Ғылымның қоғамдағы ролі

Білімділігі: Оқушыларға білім мен ғылымның қоғамдағы орны, мәдениеттілік, сыпайылық, сапалы білім, білімді тәжірибеде қолдану туралы түсінік беру;

Тәрбиелілігі:Оқушыларды білімді, саналы, болашаққа жоспаржасай білетін тұлға ретінде тәрбиелеу;

Дамыушылығы: Осындай сабақ арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, тілін, ынтасы, қиялы мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, сауалнама парағы, оқулық.

Сабақтың түрі: аралас;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың:

І. Ұйымдастыру:

а/сәлемдесу;

ә/Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасы:

а/Ауызша баяндау;

ә/ сұрақ-жауап

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Адамды білім сақтайды»

А. Иігүнеки

Жастар Ұрпақ келешегі

Рухани байлыққа көңіл бөлу керек

Ана тілде еркін сөйлеу, өзге тілді құрметтеу

Көркем шығармалардан хабардар болу, елінің туындыларына

құрметпен қарау

Өмірге құштар болуы керек.

  1. Мақсатты өмір сүргісі келетін адам өздігінен білім алуға ұмтылады.

«Білім-таусылмайтын байлық» адамның тірнектеп жинаған білімін ешкім тартып ала алмайды.

Заманға қажетті білім беретін оқу орындары да баршылық . Дарында студенттер бірқатары шетелге оқуға жіберіледі. Біртекті мектептердің орнына лицей, колледж, гимназиялар, авторлық мектептер дүниеге келді.

Географ Этнограф

Саяхатшы Тарихшы

Абай атамыз айтқандай: «Білімдіден шыққан сөз-талаптыға болсын кез»

«Білімді өлсе -қағазда аты қалады, өнерлі өлсе артында істеген заты қалады»

3. Мәдениеттілік

Қоғамдық құбылыс. Тамақ алдында қол жуудан бастападамзаттың ақылы мен ойының биіктігінедейін қамтитын кең ұғым. Мәдениетті адамның жақсы қасиеті-ол сыпайылық. Құрметтеу, адамгершілік, қатынастардан тұрады. Мәдениеттіліктің тағы бір белгісі-кішіпейілділік.

Шыншылдық-мәдениетті адамның ішкі дүниесінің әсемдігі, мейірбандығының көрсеткіші ғана емес, философиялық, эстетикалық санат. Шыншылдық пен адалдық адамды тәуелсіз етеді. Мәдениетті адам ешқашан өтірікке жол бермейді.

Бекіту кезеңі:

«Кім ойшыл?»/Ойымызды жинақтап өз пікірлерінізді айту/

  1. Қазіргі таңдағы жастар қандай болуы керек?
  2. «Болашаққа -білім көзімен» дегенді қалай түсінесің?
  3. Мәдениеттілік деген не?
  4. Сыпайылық деген не?
  5. Шыншылдық деген не?

Мақал- мәтел, нақыл сөздерді талдау

1. Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж. Баласағұн.

2. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека.

3. Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т. Фуллер.

4. Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.
А. П. Чехов.

5. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн

6. "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".

Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.

1. Дастарқан басында отырып,
Қонақ аяғын алысқа көсілмес.

2. Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.
3. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.

4. Көп тыңда, аз сөйле.

5. Кішіпейілділік - кісінің көркі

6. Жат үйінде жатық бол.
7. Айтпас жерде аузыңды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.
8. Есіктен орын тапсаң, төрге озба.

9. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды

10. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал
жақсы.
Қорытындылау; Бағалау; Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, «Адамды -білім сақтайды»тақырыбында шығарма

Материалдың жеке номері

16844
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы: мәдени жетістіктер және саяси қысым
Көкалат ауылының тарихи мәдени рөлі және шыққан тұлғалардың қоғамдағы орны
Сәндік-қолданбалы өнердің қоғамдағы орны және мектептегі эстетикалық-тәрбиелік рөлі
Әлеуметтану пәні: қоғамдағы орны мен рөлі
Сән мен стиль: тұжырымдама, түрлері және қоғамдағы рөлі
Шешендік өнердің тәрбиелік мәні және ұлттық мәдени рөлі
Көркем өнердің тарихи-мәдени маңызы мен тәрбиелік рөлі
Діннің қоғамдағы рөлі: сабақ жоспары, мақсаттар мен бағалау
Қазақстан Конституциясының рөлі мен қоғамдағы маңызы
Сәулет өнері: түрлері, тарихы және қоғамдағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz