7 «А» сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Табандылық (Әбу Насыр әл-Фараби туралы)

Сабақтың жоспары №100
Мұғалімі: Р. Б. Есенаманова
Күні: 06. 02. 2013
Сыныбы: 7 «А»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Табандылық
Сабақтың мақсаттары:
1. білімділік: мәтіннен мағынаны ізденіп тануына, үйренгенін сараптай танытуына реттілікпен үйрету;
2. дамытушылық: балалардың тақырыпты сан қырынан қарауын, тілге бейінін жаңашылдықпен арттыру
амалдарын ұйымдастырумен оларға өзіндік танымға, үйрену дағдысына жаттықтыру;
3. тәрбиелік: адамдық қасиеттерді құрметтеуге, еңбекті тану мен алдына мақсат қойған кейіпкерге ұқсауға,
талапшылыққа тарту, үлгі ете үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: тіл дамыту
Сабақтың көрнекіліктері: Әбу Насыр әл Фараби туралы деректер, толық есімі мен дидойын мен кей жұмыстарға қағаздар, ватман мен түрлі қағаз, таратуға арналған кеспелер
Оқушының бар - жоғын, құрал - жабдығын реттеуі амалдарын жүргіземін:
орынға жайғау, талабына қарай отырғызу т. б.
Үй тапсырмасын сұрап, танымдық сөз тіркесін, кейбір сөйлемді тақтаға жаздырамын:
1. Отырардың қай тумасын кешегі сабақта сөз еттік?
(ОҚО Отырар қаласынан шыққан дарын Әбу Наыср әл Фараби туралы деректерді таныдық. )
2. Оның толыққанды есімі қалай аталған?
(Отырарда туған аса дарын иесінің толық есімі : Әбу Насыр ибн Мухаммед Тархан ибн Узлағ әл -Фараби деп келеді. )
3. Отырарда тек Әбу Насыр әл Фараби ғана атақты ма?
(Оның шәкірттері мен қатарластары көп: Ибн Рушид, Ибн Сина, Омар Һаям,
Роджер Бекон, Леонардо да Винчи . т. б.
Жұмыстың мазмұнын төмендегі ретпен жасатамын:
1. Мәтінді оқу мен оған синхронды аударманы алма - кезек жасатамын.
2. Осы оқығаныңнан 7 сөзді дәптеріңе тез жазып, дауыстап оқып танытшы, нені таныдың?
3. Дидойынға тартамын: « Қайта -қайта келеді мына әріп!» арқылы айтылуы мен жазылуында қиындық туғызатын әрі күрделілеу, әрі тірек сөздерге қайталау жасатамын.
«қанағаттанбайды да тағаттанбайды» -- қ, ғ, тт туралы пысықтау .
«ұнап қалады я ұрлап алады» -- ұ, ы
«табандылық па, мақтаншылық па» -- қ, ы, + лық жұрнағы қызметі
«философ я киноскоп» - термин мәні туралы пысықтатамын, жазуына, тілінің сол сөздерді дұрыс айта білуіне зейін қойдырамын.
Тақтаға жазуға ұсынамын:
қанағаттанбайды тағаттанбайды- қ, тт, ғ
ұнап қалады я ұрлап алады - ы, ұ, қ.
табандылық па мақтаншылық па -+лық, қ, ы.
философ пен киноскоп -термин сөз
Дидактикалық ойынмен оқығанды пысықтата кеп, үй тапсырмасына дәнек жұмысқа апарамын.
Д/о «Несі артық?» -- жанды сөз жаздырамын
Тақтаға, дәптерге де
бірінші бағаннан «ғылымға», екіншіден «білікті философ» пен үшіншідегіден «мағына» сөздерін алып қалдар отырып, бір тақырыптық сөйлем жаздырамын. Жобада
« Әбу Насыр білікті философ ретінде ғылымға жаңа мағына әкелді»
Оқушылардың жұмыс нәтижесі: