Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әріптермен танысу
Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп
Ертеңгілік
<<Рахмет саған, Әліппе!>>
(1 <<б>> сыныбы)
Сынып жетекшісі: Есболова Н.
Шетпе - 2015ж
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, <<Әліппе>>, <<Ана тілі>>, <<Матем>> оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
<<Қайда әлгі мектеп>>-деп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере: Нұрасыл
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы <<Әліппе>>. Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші: Райымбек
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші: Нұрзат
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші: Райымбек
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
ІІ-жүргізуші: Нұрзат
Хор: <<Салем саған мектебім>>
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
І-жүргізуші: Райымбек
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
1-оқушы: София
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: Жақсылық
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы: Муслим
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
І-жүргізуші: Нұрзат
Хор: <<Әліппе >>
І-жүргізуші: Райымбек
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
<<ОТАН>> <<ӘЛІППЕ>> сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы: Айболат
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы: Әдемі
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы: Әділбек
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы : Зейін
Ас біткеннің атасы
Қасиетті <<нан>> осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
І-жүргізуші: Нұрзат
Хор: <<Үйретеді>>
Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде <<Әліппемен қоштасу>> мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала: Меруерт
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
<<Кішкентай сиқыршы>>: Жұмбақ жасырам, шешін тапсаңдар бір сөз шығады.
Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
2. Лаура да бар, Майрада жоқ.
Ләйлә да бар, Жайнада жоқ (Л)
3.Ірімшік жедің ғой,
<<Тәтті екен>> дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)
4.Ата-анаңмен барып сен,
<<Пілді>> көрдің <<парктен>>
Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)
5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)
6.Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)
.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті - басыңды тазалап, жөнге сал. <<Әліппені>> таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
І-жүргізуші: Райымбек
Жақсылық пен Зейіннің орындауында <<Мен әдепті баламын>>
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші: Нұрзат
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан <<Әліппені>> бітірдік. Рахмет саған <<Әліппе>>.(хормен)
І-жүргізуші: Райымбек
Қыздардың орындауында <<Тамшылар>> биі.
Шапағат: <<Әліппе>> даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Әділет: Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді
Алмат: Үйретіп ұстаз бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ақыл ойы мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді
І-жүргізуші: Нұрзат
хор:<<Мұғалім ол біздің>> әні.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
<<Заманауй>> би.( Шапағат Аида Муслим Әдемі Әділет Аружан Зейін, Жұлдыз ).
Аружан мен София: <<Бала тілегі>>
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Мұғалім: Балалар, біз келген қонақтарымызға білімдерімізді көрсетейік, Қане
Тапсырмалар кетеді: <<Қазақ тілі>> аулына барады.
1. <<Әріптер әлемі>> сайысы: (оқушылар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).
2.<<Сиқырлы сөздер>> әлемі, слайд
Меруерт: Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды
Әліппені бітірдім
Бала болдым ақылды.
Көп нәрсеге үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Тапсырмалар: <<Математика еліне саяхат>> слайд
<<Жұмбақ>> сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).
1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
3.Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).
<<Сандар әлемі>>
Әлемде үлкен ел бар. Бұл едің тұрғындары-сандар. Олармен қатар тату-тәтті бұл елде цифрлар да өмір сүреді. Сандардың көпшілігі соншама, санасаң сан жетпейді. Ал цифрлардың бар болғаны -10.
Ендеше , балалар, осы цифрларды тура және кері бағытта жазып көрейік. <<Санамақ>>
<<Музыка елі>> слайд
Софияның орындауында <<Аққу>>биі
Меруерт пен Нұрзаттың орындауында <<Қошақаным>>әні
<<Ертегілер>> еліне саяхат: <<Бауырсақ>>ертегісі ( Муслим, Жұлдыз, Алмат, Әдемі, Азамат, Айболат, Сүйндік) слайд
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
<<5>> болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол , құтты Әліппе!
І-жүргізуші: Райымбек
Хор: <<Рахмет саған Әліппе>>
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз
1. Әділет пен Райымбек <<Өз елім>>.
2. Ұлдар биіМадагаскар
3. Шапағат пен Гүлзада <<Достық>>
Мұғалімнің қортынды сөзі
Ата - аналардың тілегі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz