Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өткізген сыныптар

Қазан негізгі мектебі

Жүрек жылуы
(Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіндегі іс-шара бойынша өткізілген ашық сабақ)

Өткізілген уақыты:19.02.2016 жыл
Өткізген сыныптар : 1 <<Ә>> - 2 <<Ә>> сынып
Дайындаған бастауыш сынып мұғалімдері:Мадреймова Р.,Қайролла М.

2015-2016 оқу жылы
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 1 <<Ә>>, 2 <<Ә>> сынып
Мұғалімі: Мадреймова Р.Д, Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы
Мақсаты: Қайырымдылық, мейірімділік, түсіністік, сыйластық қасиеттерінің адами қарым - қатынастағы маңыздылығын түсіндіру. Қоршаған ортасына шын ниетімен жақсылық, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту, жетілдіру. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, жомарттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас, суретпен жұмыс, көрнекілік, сұрақ-жауап, коментарий
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Типі: жаңа материалды меңгерту
Формасы: жеке және көптік
Принциптері: түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік.
Көрнекі құралдары: күн, жүрек, гүл шуақтары, өзін-өзі тану бәйтерегі, тақырыпқа сай суреттер
Өту барысы
Шаттық шеңбері.
Бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл - күйлеріңіз қалай? Бәріміз бірге жүрек жылуы өлеңін айтайық. Алдымен мен айтамын, сендер қайталайсыздар.
Жан - жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса
Жүрегім жыли бастайды.
Қазір сабақ сәтті өту үшін бір - бірімізге тілек айтамыз. Менің қолымда жүрек тұр, яғни мен тілегімді шын жүрегімнен айтып тұрмын дегенім.

Жақсы, ендеше сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы <<Жүрек жылуы>>.
Мақсаты: 1. Қайырымдылық, мейірімділік, түсіністік, сыйластық қасиеттерінің адами қарым - қатынастағы маңыздылығын түсіндіру.
2. Қоршаған ортасына шын ниетімен жақсылық, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту, жетілдіру.
3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, жомарттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Мәтінмен жұмыс.
Біздің тақырыбымызға байланысты В. Осееваның <<Жай ғана әжей>> әңгімесі берілген екен.



Әңгіме не туралы айтылған?
Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
Бұл оқиғадан не үйрендің?
Абзал мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не айтасың?

Жағдаяттарды талдау.
Назарымызды тақтаға аударамыз. Әртүрлі жағдаяттар көріп тұрмыз. Ойласып, жағдаяттарды шешуіміз керек.



1. Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...
3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал сенің інің мазасызданып кетті...



Оқып үйренейік.
Қайырымдылық
М. Сүндетов
Басты кейіпкер: оқушы Мұхтар
Әңгіме кейіпкерлері: Мұхтардың анасы, сотқар балалар, күшік.

Әңгіме оқылады. Сұрақтар қойылады.
Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
Сендердің қайырымды іс - әрекеттер жасаған кездерің болды ма? Сол жағдайда өзіңді қалай сезіндіңдер?



Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз.
Бүгінгі күнді, сынып жұмысын, тақырыпты, әңгіменің тақырыбын, авторын жазамыз.
Сынып жұмысы
Жүрек жылуы
М. Сүндетов
Қайырымдылық
Басты кейіпкер: оқушы Мұхтар
Әңгіме кейіпкерлері: Мұхтардың анасы, сотқар балалар, күшік.

Дәйек сөз.
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.
М. М. Пришвин

Сергіту сәті.
Балалар, орнымыздан тұрамыз. Жаттығу жасап жіберейік, шаршап қалған шығармыз.
Ормандағы аюдың (қорбаңдап жүру)
Құлпынайы көп екен. (қолды екі жаққа созу)
Теріп - теріп алайық, (теру)
Қалтамызға салайық. (қалтаға салу)



Жаңа ақпарат.
Бүгінгі өткен тақырыптан қандай ақпарат алдық?
Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.
Балалар, қазір мен сіздерге гүл таратып беремін, сіздер бұл гүлге аналарыңа деген жылы сөзді жазамызда партамызға қоямыз. Бұны сабақ соңына қайта талдайтын боламыз.



Мейірімді адам өзге адамға, туған - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

Тапсырма.
Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, қарт кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.

Тал майысып, сынғалы тұр. Оған жақсылық жасау үшін, сынайын деп тұрған бұтағын матап, су құйып, күту керек.

Мысыққа сүт беріп, тамақтандыру, мейіріміңді көрсету арқылы жақсылық жасауға болады.

Қарт кісіге құрмет көрсету, ауыр сөмкелерін көтерісу, сыйлау арқылы жақсылық, қайырымдылық көрсете аламыз.

Сырқат жанды емдеп, жақын туыстары, достары барып қал - жағдайын біліп көңіл бөліп, назар аударса, қасында анасы болса емі тезірек қонады. Көмектесу керек.

- Балалар, қазір енді абағымызды қорытындылайтын уақытта жетіп қапты. Қазір тақтаға шығып гүлімізге анаға жазған жылы сөзімізді оқып, күннің шуағын толтырамыз.
Енді балалар бізге қонаққа кірген апайларымыздың да сендерге деген тілектері бар соларды гүлдеріне жазып күннің шуағына қояды .
Қонаққа кірген апайларымыздың тілектерін тыңдап , балалар рахметтерін айтады.



Жүректен жүрекке
Шеңберге тұралық.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие ісінің жетекшісі
Мұғалімдердің және сынып жетекшілерінің тоқсандық есебі
Көңілді тапқырлар
Математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар
Математика, физика және информатика апталығы
Мектеп кітап ханасы
Ана тілім, ана тілім жүрегім
№ 2 мектеп-гимназияда жолда жүру ережесінің оқытылуы мен балалар травматизмі туралы мәлімет
Қасиетті жеті
Спорт - біздің досымыз. 5 сынып
Пәндер