Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырудың басты шарты

Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырудың басты шарты
<<Адам ұрпағымен мың жасайды>> - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. <<Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман>> ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Еліміздің әлемдік өркениетке кіріккен тұста білім беру жүйесініңде үлкен бетбұрыс болғаны белгілі. Соньң непізінде Қазақсатан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарга арналған мемлекеттік бағдарламасында "Орта білім саласына қойылатын қазіргі заманғы ұлттық үлгісін қалыптастыру мен оны әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін қажет етеді>> делінген Заман талабына сай мектепті кдйта жаңғырту жағдайында, білім сапасын халықаралык, стандарттарға сай болуы мұғалімдердің кәсіби шеберлігіне , яғни педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуына байланысты жүзеге асырылады.Сондықтанда 6үгінгі таңда білім саласында жалпы білім беруді жетілдірудің құзыреттілік тәсілін алу ұсынылып отыр.
Құзыреттілік тұрғысынан білім беруді жүзеге асыру туралы айтпас бұрын, "құзыреттілік, "құзырлылық" ұғымдарына түсінік бере кетейік.
"Competent" cөзі французша "құзіретті", "заңға сай"; латынша "сай болу, "қабілетті ", "талап қою"; ағылшынша "қабілетті " деген мағынаны білдіреді.
Белгілі ғалым А.В.Хуторский анықтамасында "Құзырлылық - жеке басты" білім, білік дағдысының жиынтығы, құзыреттілік жалпы адамньң өз ісін жақсы білу арқылы сапалы қызмет ету қабілетін білдіреді деп түсініктеме берілген. Ал Қазақстандық ғалым Б.Тұрғынбаеваның пікірі бойынша <<Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірбиелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттыруды екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсат>> деп көрсеткен. Ал ғалым Ә. Мұханбетжанов <<Білім беру саласында құзыреттілік бұл- тәжірибеден пайдалана ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оларды тәртіпке келтіру; материалды зерделеудің өзіндік тәсілдерін жасау; білім алушылар алдында пайда болатын міндеттерді шеше білу іскерлігі>> - деп айқындайды. Құзыреттілік оқыту нәтижелерімен қатар мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекеттерімен құндылық бағдарламаларының жүйесінде көрсетеді.
Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты <<Құзыреттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым - қатынас жасай білу қабілеті делінген.
Құзыреттілік -оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Құзіреттілік тәсіл- қазіргі таңда мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.
Құзырлылық деп оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын, адамның әлеуметтік ұтқырлығын анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіктерді айтады.
Математика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігі оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.
Оқушылардың математика пәніне құзыреттілігі, ең әуелі мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған мақсатқа жетуді көздейді.
Бүгін біз практикада, "өмірлік" дағдыларға шоғырланған белгілі аймақтың қажеттілігіне сәйкес оқушының пассивтік рөлінен білім алудың белсенді субьективті процесіне айналған білім берудің жаңа көрінісін үйретудеміз.Ол үшін дәстүрлі білім беру моделінен жаңа білім беру моделіне көшуіміз керек. Қазіргі білім беру жеке адамның оңтайлы бірлесуіне, жастардың азаматтық және кәсіптік қалыптасуына бағытталған.Бірақ дәстүрлі білім беруді мүлдем жоққа шығара алмаймыз, құқығымыз да жоқ,оның нәтижелері көп. Алайда, біздің оқушыларымыздың ықылассыздығынан, "жаттанды" дәрменсіздік мектептің білімнен және өмірден қол үзуі.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі - оқушы, оқушылар тобы, сынып, мектеп болса білім сапасы баспалдақтардың әр бір буынына байланысты білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз.
Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін - мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы.
Мұғалім ретіндегі мақсатым - оқушының құзыреттілігін дамыта отырып , жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.
Коммуникативтік құзыреттілік:
* ғылыми түсінікті ақпаратты, математикалық тілді, әдістерді меңгеру;
* нақты есептерді математика тіліне аудара білу;
* негізгі логикалық операторлар мен ақыл-ой операцияларын ұғыну, салыстыру, абстракция, жалпылау, анализ, синтез, классификация, жорамалдау, дәлелдеу және оларды қолдана білу;
* есептер шығаруда және үрдістер мен құбылыстарды математикалық модельдеуде алгоритмді құру және қолдану;
* жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Алгоритмдер құрылымы:
Бірінші бағанға - тараудың негізгі ұғымдары (жалпы түрі, анықталу және мәндер облысы, өсу, кему аралығы, түрлері, туындысы, қасиеттері, ерекше жағдайлары) әр тараудың басында таблица түрінде әрбір оқушыға таратылады.
Екінші бағанға - тақырып бойынша кітаптан дұрыс жауаптарын оқушылар өздігінен тауып жазады. Белгілі бір уақыттан (10-15 мин) соң мұғалімнің жауап парағымен тексеріледі.
Мысалы:
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеттері, туындысы 11 сынып
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар өзара кері функциялар
Функция
Көрсеткіштік
Логарифмдік
Жалпы түрі
y = ax (a >0, a 0 )
y = loga x (a >0, a 1, x > 0)
Анықталу облысы
R - барлық нақты сандар жиыны
R+ - барлық оң сандар жиыны
Мәндер облысы
R+ - барлық оң сандар жиыны
R - барлық нақты сандар жиыны
Өсу аралығы
a > 1- функция өседі,- теңсіздіктің таңбасы өзгермейді
a > 1- функция өседі,- теңсіздіктің таңбасы өзгермейді
Кему аралығы
0 < a < 1- функция кемиді,- теңсіздіктің таңбасы қарама - қарсы таңбаға өзгереді
0 < a < 1- функция кемиді,- теңсіздіктің таңбасы қарама - қарсы таңбаға өзгереді
Графигінің орналасуы
I және II ширектерде
I және IV ширектерде
Түрлері
a x , e x
ln x - натурал логарифм lg x - ондық логарифм
Туындысы
(ax)/=axlna, (e x)/ =ex
(ln x)/ = 1 x, (logax)/ =1xlna
Қасиеттері
1. ax ∙ ay = ax + y
2. ax : ay = ax - y
3. (ab)x = ax bx
4. авх=ахвх
5. ( ax )y = axy
6. a- n =1аn
1. аlogab= b (b>0, a>0, негізгі логарифмдік тепе - теңдік
2. loga 1 = 0, loga a = 1, loga (an ) = n, a>0, a >1
3. loga xy = loga x + loga y
4. logaxlogay = loga x - loga y
5. loga xp = ploga x
6. logax=logbxlogba
7. loga b * logb a = 1
8. nloga x = logaxn

<<Диалогтық стратегия>> яғни, сұрақ қоюдың кең ауқымын пайдалану жақсы нәтижелерге әкелетіні белгілі болды
Тақырыпты ашу мақсатында берілген мәтінді әрқайсысының алдына таратып бердім, түсіну дәрежесін анықтау үшін Блум таксономиясын қолдандым. Білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау дәрежесіндегі сұрақтарды 10 <<ә>> сыныбында <<Туынды>> тақырыбында әр деңгейдегі сұрақтарға жауаптар алынды. Диалогтық оқыту түрлеріне тағы да мынадай жұмыстар жүргізілді. <<Туындының қасиеті>> тақырыбында 10 <<ә>> сыныбында сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету кезінде мынадай жұмыс түрлерін жасадым.
* Оқушылар жұптарға бөлінді
* Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылды.
* Оқушылар мыналарды табу үшін өз бетінше жұмыс жасады:
Формулалардың қайсысы дұрыс емес?
Формулалар неліктен дұрыс емес?
Формуланы қалай түзетуге болады?
* Жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндірді.
* Оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқап, оны көрсетті.
* Оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұралды және олардың жауаптарын құпталып немесе теріске шығарды.
Бұл оқушыларды теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден <<арылтуға>> арналған қызықты және пайдалы тапсырма болды. Бұл тәсілді көбінде бекіту, қайталау сабақтарында қолдануға болады.
Осындай қимақағаздар мен алгоритмдерді кез келген пәнге қолданған тиімді әрі нәтижелі. Алгоритмдерді қолдану барысында оқушы жинақтылыққа, нақтылыққа, өздігінен ізденуге үйренеді. Белгілі бір тәртіппен орындалғанда тақырып оқушының ойында тез сақталады деп есептеймін.
Ақпараттық құзыреттілік:
* Сыни қараған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
* Өз бетімен мақсат қоюға және негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін танымдық әрекеттерін жоспарлауға және жүзеге асыруға;
* Ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, таңдауға және қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
8-сынып геометрия сабағымдағы <<Тік төртбұрыш>> тақырыбында АКТ-ны пайдалана отырып,интерактивті тақтадан тік төртбұрышқа мысалдар: есік,терезе,парта,кітап,дәптер т.б. көрсеттім. Олардың қандай фигураларға жататынын сұрадым.Бұдан бүгінгі күннің тақырыбы табылды. Тақырып: Тік төртбұрыш. Түрлі -түсті қағаздардан қабырғалары әр түрлі тік төртбұрыш қиып дайындадым. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруді жоспарладым.Оқушылар сол фигуралардың қабырғаларын,бұрыштарын өлшеп зерттеу арқылы жаңа тақырыптың анықтамасын,түрлерін анықтап, периметрін, ауданын, ішкі бұрыштарының қосындысын тапты. Олар сыни тұрғыдан ойлана отырып,сабақтың мақсатын аша білді. Бұл сабақтағы мақсатым : Тік төртбұрыштың анықтамасымен таныстыру, қасиеттерін білу, параллель және перпендикуляр түзулерді салу, тік төртбұрыштың ауданын, периметрін еске түсіру. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруынан тұрды. Оқушы өз білетінін еске түсірді,қағазға жазды.Сабақтың екінші кезеңінде оқушы жаңа тақырыппен танысып, тақырып бойынша жұмыс жасады, тапсырмалар орындады.
7 - сынып геометрия сабағында <<Үшбұрыш>> тақырыбын өткен кезде де осындай тәсілді қолдандым. Үшбұрыштың бұрыштарын қиып, қандай үшбұрыштар шығатынына көз жеткізді. <<Үшбұрыштың биіктік, биссектриса, медиана>> тақырыбын өткен кезде әр түрлі дайын үшбұрыштарды таратып , оқушылар медиана, биссектриса, биіктігін өздері түсіреді.
6 <<ә>> сыныбында <<Шеңбердің ұзындығын>>, <<Дөңгелектің ауданы>> тақырыптарында да осы әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Әр түрлі дөңгелектер қиып (оқушылар өздері де үйден қиып әкеледі), топқа бөліп, дөңгелектерін алмастырып олардың радиус, диаметрін тауып, дөңгелектің ауданын таптырамын.
<<Диаграмма>> тақырыбын өткен кезде отбасының қаражатын, күн тәртібін, ауа температурасын салғызамын.
Оқушылардың сапалы білім алуына, өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу менің басты міндетім деп түсінемін. Мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруда жоғарыда көрсетілген компоненттерді қолдану оқушылардың өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала - алады деп ойлаймын.
Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: <<Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады>> деген.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заңы. Алматы-2008
2. Б.А.Тұрғанбекова <<Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе>> Алматы-2005
3. К.Құдайбергенова <<Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерийі>>
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
4. <<Математика және Логика>> журналдары №3 2013 жыл, №1, 2015 жыл
5. Ф.Ф Нагибин. Е.С Канин <<Математическая шкатулка>> <<Москва просвещение>> 1988
6. 12- жылдық білім беру стандарты. Астана , 2010
7. Ғаламтор беттері.

Ұқсас жұмыстар
Сыни тұрғысынан ойлау
Студенттердің кәсіби білімі мен мәдениетін қалыптастыру
Ағылшын тілі сабақтарында CLIL технологиясы
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Мұғалімнің шығармашылық есебі
Дені саудың – жаны сау жайлы ақпарат
Инновациялық технология нәтижелері
Сұрақ - жауап ойыны
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі
Ойын технологиясы
Пәндер