Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қанжардан құтқарған қазақ тілі
<<Ауғаныстан- жүректегі жара>>
Мақсаты:
Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру."Ауған соғысы" - жайлы тереңірек біліп, тану.
Ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
1 жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,- деп - Әнұран?! Мемлекеттік гимнді орындауға дайындал
Әнұран орындалады.
2. Жүргізуші:
Соғыс жан алып - жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты <<Ауғанстан- жүректегі жара>> <<Өшпес ерлікке мәңгі тағзым>>
тақырыбындағы сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1 оқушы: 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: <<Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз>>, деді. Ал бірақ <<акция>> тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.
2 оқушы: 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны - 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат іс-түзсіз кетті. Ауған соғысының жауынгерлері Жезқазған қаласында да аз емес. Қазір қаламызда 125 жауынгер-интернационалист есепте тұр.
3 оқушы: Арада 27 жыл өтсе де ауған соғысы өзінің ізін әлі жасырып болған жоқ. Бұл қанды іздің жасырылуы, ұмытылуы мүмкін де емес. Өйткені, ол адамзат тарихында өшпестей із қалдырды.
4 оқушы: Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз - жиырмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.
5 оқушы: Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
6 оқушы: Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
7 оқушы: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер - естелігі ерліктің,
Ұрпақтары - бұтақтары,
Қасиетің, өсиетің, ұмытылмас мәңгі естен.
8 оқушы: Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,
Оған көңілің толмайтыны - ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат.
9 оқушы: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
10 оқушы:. Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
11 оқушы: Сапқа тұр ақ ниет адамдар,
Кел қосыл бейбітшіл шеруге.
Тыныштық жауларын жеңуге,
БЕЙБІТ КҮН ТУЛАРЫ САМҒАСЫН,
Тыныштық тулары шарласын
12 оқушы Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат,
Сен ған тыныштық қорғаны.
Күй <<Кеңес>>
Қанжардан құтқарған қазақ тілі
Гиндукуштың жотасында таң жақын,
Ұқсап атып келе жатты қанға тым.
Байлап алды дұшмандар қапыда
Қолға түскен бір топ Кеңес солдатын.
Алып келді қауға сақал бегіне,
<<Дінсіздерді>> жүк қылмайық деді ме
Тұтқындардың бірден шешті тағдырын,
Қарамады түріне де, тегіне.
Оқ атуды шығын көріп жай жауға,
Қанжарларын аспай-саспай қайрауда.
Жап-жас қазақ жауынгері бір шетте
Күрсінеді, аяқ-қолы байлауда.
Өкінішті-ақ. Көктемнің бұл таңында,
Қоштасатын жақыны жоқ жанында.
Ол кешегі Берлинді алған қазақтың
Жалғызы еді, қайсарлық бар қанында.
<<Отан қорғау абырой -- деп, -- жақсы ерге>>,
Өз еркімен аттанған-ды әскерге.
Енді <<қара қызғалдақ>> та бұйырмай,
Жұмбақ күйде жоғала ма жат жерде?
Соғыс заңы көтермейді бұлтақты,
Осалды да, мықтыны да жусатты.
Қан-қасапқа салды неге? Мұндайды
Тек кинодан көріп өскен ұрпақты.
Енді еліне қайтуына аз қалған
Аса ала ма маңдайына жазғаннан.
Жылайды-ау деп аяп жатты анасын,
Қимай жатты қарындасты назданған.
Жаналғыштың біреуі жоқ тартынған,
Жолдастарын орып жатыр алқымнан.
Құмдауыт жер жасырғандай күнәні,
Қою қанды сорып жатыр сарқылған.
<<Қайран көке, ерген ұл ем артыңа,
Лайық болып өлді деп біл даңқыңа.
Бөтен елде жер құшса да, Отанның
Бұйрығына көнді деп айт, халқыңа>>
Дұшпан оның кеудесіне қонды кеп,
Қазақ жігіт <<Көке!>> деді соңғы рет.
Жан алушы тарта қойып қанжарын
Сыбыр етті: <<қазақ па едің, сорлы>> деп.
<<Қимылдама, біз кеткенде ғана аттан,
Жіпті кесіп, қан шығарам тамақтан.
Бұл қырғыннан мүмкін тірі қайтарсың,
Тұз-дәміңді таусылтпапты Жаратқан!>>
"Ойлан тап" жұмбақ жарысы.
1. Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
2. Тиіп кетсе тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған
Мерт қылады жақын келген нәрсені
Қастық қылса, жаудың жайы табылған. (бомба)
3. Сырты ағашпен қабатталған
Ілініп бір бөлшегі салақтаған,
Асылды ішіндегі алсаң тартып
Тіліндей сұр жыланның, жалақтаған. (қылыш)
4. Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сүйтсе де бірде танып кідірмейді
Күні-түні барады тынбай жүріп
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмей (өмір)
5. Өмір-өмір, өмірден
Жаққан оты көмірден
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден. (оқ, мылтық)
Ән. <<Алға қазақ жігіттері>>
2 жүргізуші: Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын !

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz