Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең

Ана-өмір гүлі.
Әуенмен 2-2-ден кіріп вальс билейді,би біткесін отырады. орындарына отырады.
Т-ші: Қымбатты әжелер,аналар,сүйкімді біздің қыздар,ұстаздар!
Бүгін біз көктемнің алғашқы күні аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз,мерекелеріңіз құтты болсын!
Ж-ші: Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана!
Ж-ші: <<Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген қуанышы көңілдің.
Ана деген әрбір үйдің жылуы,
Ана деген гүлі туған өмірдің>>
Тақпақтар:
Бүгін наурыздың-сегізі,
Сұлулықтың негізі. Диана
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.

Ана деген асыл жан,
Мөлдіреп аққан бұлағың. Дариға
Ана деген асыл жан,
Мойның таққан тұмарың.

Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен. Батыр
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
<<Құттықтаймын мама туған күніңмен!>> әні.
Аялаған,баптаған,
Асыраған,сақтаған. Нұрай
Бәрін бізге үйреткен,
Анамызға мың алғыс.

Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен. Дархан
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.

Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен. Ақгүл
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен?
Т-ші: Ортаға <<Аппақ гүлдер>> әнімен Дариғаны шақырамыз.

Т-ші: Бүгінгі мереке күн аналарымыздың анасы әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. <<Қариясы бар үйдің,қазынасы бар>>-деп бекер айтпаса керек.Келесі құттықтаулар әжелерімізге арналады.
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем. Ерболат
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар. Мадина
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем. Айбат
Апам үшін,мен үшін,
Аман-есен жүр әжем.
Би.Адия
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін. Аружан
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз. Нұржан
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

<<Жақсы көрем...>> әні.
Ойын <<Өз немереңді тап>>
Скетч <<Әжелер>>
Т-ші: Бізге қонаққа әжелер келді.Қарсы алайық.(Үстеріне көйлек киіп,басына орамал байлап,сөмке көтерген 3 ер бала келеді)
Бәрі: Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер,өсек бастайық.
Немеренің әр түрлі,
Қылығын айтып тастайық.
Қ-сы:
Ойбай,белім-ай,
Қайда кеттің,келін-ай?
1-ші әже: Немерем менің балтной,
Күндіз тыным таппайды.
<<Видик көру керек>>-деп, Санжар
Таң атқанша жатпайды.
2-ші әже: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты. Адлет
Жүз теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
3-ші әже: Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады. Әділ
<<Қызың бар ма?>>-деп едім,
<<Жоқ>>-деп басын шайқады.
Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой,
Барына шүкір етейік.
Т-ші: Мадинаның орындауында биді тамашалаңыздар.
Би.Мадина
Тақпақтар:
Ана өмір шуағы,
Бала оның шырағы. Аяулым.
Ана деген сол бір сөз,
Жүрегімде тұрады.

Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам. Адия
Менің мамам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
<<Апатайым менің>> әні.

Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың. Рамиля
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын,анашым!

Аялаған анашым,
Мен үшін сен дарасың. Диляра
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым!
<<Қошақаным>>әні.
Ойын: <<Жылы сөз айту>>
Би: Маржан
<<Көктем>> әні.
Т-ші: Құрметті аналар,бүгінгі мерекелеріңізге арнап балаларыңыз сыйлықтар дайындады.Қабыл алыңыздар.
Көңілді музыкамен балалар өз қолынан жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлайды.
Т-ші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз-дей отырып,қымбатты да,аяулы аналар!
Мерекелеріңіз құтты болсын!Әлемдегі ең қамқор осы отырған сіздер.Дендеріңіз сау,көңілдеріңіз шат,әрқашан аман болайық.Аз ғана болса да балаларыңыз сіздерге қуаныш сыйлады деп ойлаймын.Мерекеміз осымен аяқталды.Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар
Мерекеңмен, анашым!
Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!
"Оқушы шығармашылығы"
Кел, Жаңа жыл ортаға
Аялайық ананы
Айналайын, ақ анам ( Ашық сабақ )
Ардақтайық ананы
«сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы
Наурыз. 9 сынып
Пәндер