Тест тапсырмасын орындау

Информатика. 5-сынып, 2-сабақ.

Сабақтың тақырыбы
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Сабақтың тақырыбы: Мақсаты
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі: Ақпарат саны түсінігімен, ақпараттың өлшем бірліктерімен танысу, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі:

А. Ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын біледі;

В. Практикалық жұмыс жасағанда ақпараттың көлемін екілік түрде өлшей алады;

С. Мәтіннің ақпарат санын анықтап талдайды, ақпаратты бір өлшем бірліктен басқа өлщеміне айналдырады .

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың барысы

Кіріспе

Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі:

Үй тапсырмасын сұрау:

Тақтаға үйге берілген тест жұмысының жауабы шығады, оқушылар тексереді. Қате кеткен сұрақтар талданады.

Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі:

Оқушыларға сұрақ қойылады:

  1. Ақпарат қалай өлшеуге болады?
  2. Флешкаға қанша ақпарат сиятынын білесіз бе?
  3. Мультфильм көп орын ала ма? Әлде ойын ба?

Сұрақтарға жауап алғаннан соң интерактивті тақтадан жұмыс үстеліндегі папкалардың алатын орнын көрсетемін.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі бөлім
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі:

Ақпараттың екілік жүйеде қолданылатынын түсіндіріп өтемін. Кодтау ұстанымын қосқыш-ажыратқыш мысалы арқылы айтамын.

Қандайда бір алфавитті падаланып информация жазуды кодтау деп атайды.

Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды.

Мысалы: төрт мың бес жүз алпыс жеті дегенді -

4567 10 , 10727 8 , 11D7 16 , 1000111010111 2

Ақпараттардың кодталуы оның кері кодталуына (декодталуына) қолайлы болуы керек.

ЭЕМ - ға енгізілген ақпарат 0 мен 1-ге аударылып түрленеді. Енгізілген әрбір символ 0 мен 1 тізбегін құрайды. Мұны екілік код деп атайды.

АНА - 1 10001011 1

1 байт

1 байт = 8 бит (ағылшын тіліндегі bit, binary digit - екілік таңба)

1 килобайт = 1024 байт ≈ 1000 байт;

1 мегабайт = 1024 Кбайт ≈ 1 000 000 байт;

1 гигабайт = 1024 Мбайт ≈ 1 000 000 000 байт.

Сонымен компьютер жадында сақталатын ақпараттардың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады.

Сабақтың тақырыбы: Компьютермен жұмыс
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі:

А-деңгейлік тапсырма әр қадам бойынша жасалған, оқушылардың тапсырманы тармақ бойынша орындауы жеткілікті.

В-деңгейінің тапсырмасы күрделірек. Оқушыламен бірге тапсырма мәтінін талдап, өз деңгейлеріне сәйкес тапсырманы орындауына мүмікндік беремін. Соңынан оқушылардың ақпараттық технологияларды меңгеруін, орындауларын қадағалаймын.

С-деңгейлік тапсырмасы өте қабілетті оқушыларға арналған. Бұл тапсырманы орындау үшін калькулятор бағдарламасын түсіндіріп өтемін.

Көз жаттығуларын жасау.

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі: Практикалық жұмыс және есеп шығарғандары үшін бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Үйге тапсырма
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі: Оқулықтың §4 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру. Тест тапсырмасын орындау.

Ұқсас жұмыстар
Даңқ сөзінің синонимін тап
Мәтінді пішімдеу. Абзацты пішімдеу
Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу жайлы ақпарат
Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірлесіп бағалау
Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. 8 сынып
Маневр жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс
Сұрақтарға жауап беру
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары
Кесте құр
Практикалық жұмыстарды орындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz