Қазақстан жолы 2050 стратегиясын талдау: білім, отбасы және денсаулық салаларындағы басымдықтар

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен танысып, білу. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсініп өмірде қолдану және Қазақстан Республикасының өткені мен бүгінгі тарихындағы даму деңгейін салыстыру.

Барысы: 1. Сынып оқушыларымен және ата-аналарымен танысу.

1-тренинг: Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне өздері туралы мәлімет (аты-жөні, қай мектептен келгені, қандай бағамен аяқтағаны, руы, сүйікті тағамы т. с. с. ) . Жұпта айтып болғасын барлық сыныпқа өз жұптарыңызды таныстырады.

2-тренинг: Ата-аналарды шеңберге тұрғызып, танысу.

2. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
-Міне оқушылар біз өз елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен --келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Еліміз өз тәуелсіздігін алып- Тәуелсіз Қазақстан атанды. .
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтің сындарлы саясатының арқасында, экономикамыз дамып, елімізді күллі әлем тани бастады. Көк туымыз көкте желбіреп, барлық қырынан бүкіл әлемге танылып келеміз.
Елбасының «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені айтылды. Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
«Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай өмір сынынан сүріндірмей болашаққа жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге апаратын жол екенін сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.
Елбасы өз жолдауында - балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Мұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекеттің бірі деуге болады.
Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Қыз баланы - ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық - зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу керек екендігі туралы айтқаны бізді қуантты.
Білім - жоғары құндылықтардың бірі. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы
Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген.

Елбасының әр жолдауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.
Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Әрбір топқа сөз беріп, жолдау туралы өз ойларын айтуға мүмкіндік беру.

3. Постер қорғау (топпен жұмыс) - біздің сыныбымыз.

4. Ата-аналар мен оқушыларды мектеп ережесімен, жарғысымен таныстыру және қол қойдыру. Форма, аяқ киім, оқулықтар туралы айту.

5. Сабақ соңында ата-аналарға танысу парағын таратып, мәліметтерін алу.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-2050 стратегиясы: дамыған 30 ел қатарына кіру жолындағы ұзақмерзімді басымдықтар
Қазақстан-2050 стратегиясы: Елбасының Жолдауы және білім, отбасы мен ұлттық даму
Қазақстан жолы 2050 және Мәңгілік Ел тұжырымдамасының әлеуметтік-экономикалық маңызы
Қазақстан жолы - 2050: мемлекеттік рәміздер мен бірлік негізінде патриоттық тәрбие
Бастауыш сыныпқа арналған Қазақстан жолы 2050 стратегиясы мен Елбасы Жолдауын таныстыру сабақ жоспары
Қазақстан-2050 стратегиясы мен Президент Жолдауы: жастардың білім және ғылым саласындағы басымдықтары
Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2014 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Алғашқы қоңырау салтанатының сценарийі
Қазақстан 2050 стратегиясы және жастардың білім мен тәрбие арқылы ұлттық дамуға қосқан үлесі
Қазақстан-2050 стратегиясы және азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz