Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәрбие ісінің жетекшісі

Қант зауыты орта мектебінің 2 <<А>> сынып мұғалімі Л.А. Мухаметжанованың 8 - желтоқсан күні бастауыш сыныптар арасында <<Тәуелсіз елдің ұланымыз>> тақырыбына өткізген мәнерлеп оқу сайысының рефлексивтік есебі.
<<Тәрбиесіз берілген білім- адамның хас жауы!>> Әл- Фараби
Бүгінгі таңда адамды бағалауда оның ішкі жан дүниесінің байлығы мен рухани адамгершілік қасиеттері жоғары орынға қойылған. Менің ойымша өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беру, олардың патриоттық сезімдерін дамыту - әр ұстаздың жеке өзінің ұлттық көзқарасын, азаматтық ұстанымын, біліктілігін, шығармашылық қырларын ашуға мүмкіндігі зор.
Ұстаздардың біліктілігі дегенде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру үш айлық деңгейлік курсында жетілдірген білімім өзімнің педагогикалық тәжірибемді шыңдап, шәкірттеріме білім мен тәрбие берудегі әдіс- тәсілдерімнің, ұстанымымның өзгеруіне, кәсіби өсуіме айтарлықтай ықпал етті. Қазіргі таңда шәкірттеріме жаңаша сабақтар беріп, жеке тұлғаның қалыптасуына өз үлесімді қосудамын.
Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында бастауыш сыныптар апталығында <<Тәуелсіз елдің ұланымыз!>> тақырыбына ұйымдастырған мәнерлеп оқу сайысы оқушылардың патриоттық сезімін дамытуға зор ықпалын тигізді. Апталықты жоспарлау барысында бірлестік жетекшісі, мектебіміздің көшбасшысы болып жүрген І деңгей тыңдаушысы Ғ.И. Смайлхановамен кәсіби әңгіме барысында мен өз ұсынысымды білдіріп, мәнерлеп оқу сайысын жүргізуді ұйғардым.
Мәнерлеп оқу сайысына әр сыныптардан сайысқа қатысуға тілек білдірген оқушылар тізімін анықтап, олардың жас ерекшелігін ескере келе әріптестерімізбен ақылдаса келе төменгі тақырыптарды белгіледік.
1- сыныптар <<Отан - біздің анамыз>>, 2-сыныптар- <<Елбасым - тірегім, Астана - жүрегім>>,
3- сыныптар <<Ана тілім-ардағым>>, 4- сыныптар <<Рәміздерім - мақтанышым>>
Мәнерлеп оқу сайысын өтілу барысын жоспарлап, презентациясын дайындадым. Мақсатын нәтижеге бағыттап, смарт әдісіне негіздеп белгіледім. Бағалау критерийлерін белгіледім.
Сайыс жоспар бойынша өз дәрежесінде өтті. Сынып жетекшілері жауапкершілік танытып, оқушылармен даярлық жұмыстарын жүргізіп, сайысқа толық қатысуын қамтамасыз етті.
Сайысты бастау үшін оқушыларға психологиялық даярлық жасап, <<Саусақ белгісі>> тәсілімен көңіл-күйлерін бағаладым. <<Атамекен>> әнін бірге орындадық.
Өздерінің сайысқа қатысу мақсаттарын тыңдап, тілектерін қолдадым. Тәуелсіздік туралы кіріспе сөз бастап, түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасадым.
Әділқазы алқасының мүшелері: 1.Оқу ісінің меңгерушісі - К.М.Караболова;
2. Тәрбие ісінің жетекшісі: Ш.С. Базарбекова;
3. Ұйымдастырушы: Аманбекова Арай
Сайысты 4-сынып оқушылары бастап, 1-сыныптар аяқтады.
Соңында ұлттық <<Қаражорға>> биіне биледі.
Сайысқа барлығы 24 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Сайыстың қорытындысы бойынша ерекше қабілеттілігімен көзге түскен Абдрахимова Қарақат <<Рәміздерім>> Баймұқан Нұрайға <<Елтаңбам>> бас жүлде тағайындалды.
8 оқушы - 1орынға 4 а сынып оқушысы Берікқызы Диана 3 а сынып оқушысы Мұрат Айсана <<Азат елдің ар-намысы - Ата Заң>> Гүлбақыт Қасенова, 3 б сынып оқушысы Тлеуберді Аяулым, 2 а сынып оқушысы Иманғали Жұлдыз, Чаймарданова Мадина, 1а сыныптан Болат Әсия, Мұрат Әмина,
1 б сыныптан Сейілхан Азамат
10оқушы - 2 орынға 4а Болысбекқызы Аяулым, 4б Исмағұл Іңкәр, 3а Иманғали Айкүн, 2 а Нұрқасым Нұрила, 2 б Келісұлы Жігер, 3 бБазархан Аяжан, 2б Ғалымжанұлы Бекарыс, 1 а Тоқтархан Ақбота,
1 б Берікқали Азат, 1 бӘшім Нұрай;
4 оқушы - 3 орынға 4 аЖанасилова Ақерке, 3 а Ерланқызы Асылай, 3 бНұрбаев Али, 2 бАрдақұлы Жалғас ие болды.
Сайыстың соңында <<Оқушы үні>> әдісімен бағаланып, оқушылардың пікірлері тыңдалды.

Ұқсас жұмыстар
Бар мейіріміз балаларға
“ гүл - өмір көркі ”
Оқушыларға сұрақтар
ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - 2015 БАЙҚАУЫ
Ата-аналарға арналған баяндамалар
Өсімдік - тірі ағза
Дана Абай (Сайыс сабақ)
Әдептілік - әдемілік жайлы ақпарат
БАЛА БОЙЫНДА АЗАМАТТЫҚ ПЕН ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСЫРУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
Жас сарбаз бен бойжеткен
Пәндер