Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар
<<Майдангер ерлігі - бейбіт күннің теңдігі>>
(эссе)
Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай, Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай, Жан түршігер ауыртпалық көрсе де, Ерлігімен қорған болған ерлер-ай!
Соғыс ... талай үйдің керегесін опырып, талай жанның өмірін қиып, талай асыл аналарды <<көкем>>деп зар қақсатып кеткен еді. Әрбір үйдің берекесін кетірген сол бір сұм соғысқа лағнет айтпаған жан жоқ шығар сірә?! Өмір мен өлім арасында <<Ер адам ел үшін туады,ел үшін өледі>>деген ұстаным мен жүрген сол кездегі жауынгерлер-бүгінгі егемендіктің ақ таңы атып, өз қолымыз өз ауызымызға жетіп, соғыс атауыны ұмытқан замандағы ардагерімізді ардақтамау, құрметтемеу- үлкен күнә. <<Тылдағы еңбек болмаса майданда жеңіс те болмас еді >> деген хас батыр Бауыржан Момышұлы атқан екен. Расында халықтың тылдағы ерлігі майдандағы жеңістің орасан зор үлесі екенін білеміз. Ел өміріндегі бел- белестерге көз жүгіртсек, ұлы отан соғысының отты жылдары еске оралады. Менің атам Сафин Арон Саттарұлы ұлы 1926 жылы 5 мамырда Қаратөбе ауданы Мұхит ауылында өмірге келген. Әкесі, яғни менің арғы атам Сафа - көп жылдар ұстаз,мектеп директоры болып қызмет атқарған. Анасы үй шаруасымен айналысқан. Менің атам 19 жасында соғысқа шақыртылыпты. Содан қазіргі Орынбор қаласында әскери дайындықтан өтіп майданға алынған. Мен атамның тұңғыш немересімін. Сол себептен болар, менің есімде қалғаны атам маған соғыс туралы әңгімелерін көп айтатын еді. Атамның мына бір әңгімесі әлі күнге есімде. <<Мен барғаннан кейін төрт күнен соң соғыс аяқталды. Біздерді<<Смолекнск>>қаласына апарды. Біздер сонда қалып құлаған, қираған жерлерді қайта тұрғызуға еңбек еттік. Берллинде алты жыл тылда еңбек еттім. Ашықтық, тоңдық деген жоқпыз, отан үшін жан аямай еңбек еттік. Жейтініміз тек суға піскен кортоп,таңертең ұйқыдан тұрғанда бетіміз ісіп тұратын,-деп атам көзіне жас алатын. Атам 1951 жылы елге оралып отбасын құрып төрт ұл,төрт қыз тәрбиелеп өсірген. 1952-1960 жылдары ауылға келіп,еңбекке араласып, агроном болып қызмет атқарады. Содан кейін ауыл мектебінде шаруашылық жөніндегі меңгерушісі болып жүріп,зейнеткерлікке шықты. Атамның тылдағы ерен еңбегі үшін көп грамоталары мен медальдары бар.Оның ішінде-<<Тыл ардагері>>,<<Ерлігі үшін>>,<<Ұлы отан соғысының ардагері>> атты медалдарын мақтанышпен айтамыз. Соғыс жылдарында майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де <<бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып>> бүкіл халқымызбен бірлесе отырып, жеңіс үшін қажеттің бәрін жасады. Соғыс кезінде ерлер туралы сөз бола қалса екінің бірі: <<Ол майданға кетті. Ол соғысқа аттанды>> деген сөзді жиі айтқан. Себебі жап-жас жігіттер мен самайын ақ шалған адамдар күн-түн демей майданға аттанғанын білеміз. Осы жолдарды жазып отырып ,менің есіме Расул Ғамзатовтың мына бір сөздері орала берді: <<Егер сенің еліңде қуаныш болса - оны еңбек адамынан сұра, ол қалай еңбектенді екен. Егер сенің жерінде қайғы болса - оны жауынгерден сұра, ол қалай соғысты екен>>.Осы бір жолдарды оқыған әрбәр адамға соғыс өрті туралы артық айтудың да қажеті жоқ-ау деп ойлаймын. Миллиондаған адамның қанын судай төккен зұлмат соғыс енді қайталанбаса екен деп тілейміз.Қазір елімізде бейбітшілік.Біз бейбіт елдің бақытты ұланымыз! Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар. Аш құрсақ болғанымыз да рас, жалаңаш болғанымыз да өтірік емес,-деп әжем әркез көзіне жас алады. <<Отаныңды сүйіп, еліңнің, жеріңнің адал патриоттары болыңдар>>,- деп үнемі айтады. Өйткені,әжем де атам көрген бейнеттің шет жағасын көрген сол жылдардың адамы ғой. Қазір сексен жасқа таяп қалған әжем атам туралы есіне түскен әңгімесін айтып отырады. Біздің атамызды әркез мақтан тұтсын, ұмытпасын, атамыз сияқты елінің патриоты болып өссін деген тәрбиесі болар...
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерлігі ерекше ғой. Олар қандай жоғары құрметке де лайықты. Қазір соғысқа қатысқандар да, тылда ауыр жұмыс атқарғандар да тым азайып қалды ғой. Сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толса да, оның салған жарасы жүректерінде қалған, әкелерін, бауырларын қан майданға аттандырып, өздері бозбала, бойжеткен шақтарын тылдағы ауыр еңбекпен өткізген аға буын өкілдерінің бірқатары арамызда жүр. Жеңіс күні- достық пен бірлікті жырлайтын, халықтың ер жүректілігі мен төзімділігін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Міне биылғы жыл жеңістің жетпіс жылдығы тойланып атап өтілді. Енді ешқашан елімізде соғыс өрті жанбасын деп тілейміз.
Қаратөбе колледжі МҚКК
Тақырыбы: <<Майдангер ерлігі - бейбіт күннің теңдігі>>
(эссе)
Дайындаған: I курс <<Газ электрмен дәнекерлеуші>>
тобының студенті
2015 жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz