Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қыстырма сөздер

Дүниетану
1. Кен орны аттарын жазып, картадағы шартты белгіленуін көрсетіңдер. ........................................................................ мыс кені, шартты белгісі ......................................................................... темір кені, шартты белгісі ..............................................................бокситі немесе алюминий, шартты белгісі
2. Минералды су деп қандай суды атаймыз? Біздің жерімізде минералды су бар ма? Ол туралы не білесіңдер?
3. Айырмашылығын көрсетіңдер
Жыра Сай

4. Арал теңізі не себепті қасірет шегіп жатыр? Біздің Жайық өзеніне қауіп төндіретін қандай жағдайлар кездеседі?
5. Мәдени-тарихи өнер мұралары болып саналатын кесенелердің аттарын жазыңдар. Әлемдік деңгейде қорғалып, ЮНЕСКО есебіне алынған қай кесене? 1 2
6. Суретке қарап (О С) белгісімен тұстарды бағдарлаңдар. Не себепті олай бағдарлағандарыңды түсіндіріңдер.
7. Ауаны ластануы ненің салдарынан болады? Біздің облысымыздағы ауа тазалығын сақтау үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
8. <<Әлемнің жеті кереметі>> аталған өнер туындылары ішінде қазіргі заманға жеткені - бір туынды. Ол қалай аталады? Ол қай мемлекетте, қай құрлықта?
9. Адам табиғат сырын зерделей келе нелерді ойлап тапты? Мысылдар келтіріңдер
10. Асан өз туған жерінің картасын жасады. Сарғыш және қоңырлау түске бояған. Ол Қазақстанның қай тұсында тұрады? Ал, сендер тұратын жерлеріңнің картасын жаса десе қандай түсті қолданасыңдар?

Дүниетану сұрақтарының жауабы:
1. Қоңырат мыс кені, шартты белгісі ; Соколов-Сарыбай немесе Қостанай темір кені, шартты белгісі ; Арқалық бокситі немесе алюминий, шартты белгісі А
2. Тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттар су әсерінен ериді де суға дәм және иіс береді, су жылынады , судың физикалық қасиеті өзгереді. Міне, осындай жаңа қасиетке ие жер астынан шығатын су- минералды су деп аталады. Ақжайық шипажайы орналасқан жерден шығатын Ақжайық минералды суы.
3. Айырмашылығы
Жыра Сай
Екі жақ беткейі тік жар, табанында өсімдік Табаны тегіс, екі жақ беткейі түйетайлы. өспейді. Шаруашылыққа өте зиянды Табаны мен беткейінде бұта мен шөп
өседі
4. Аралға құятын Амудария мен Сырдарияның тұщы суын Қазақстан мен көршілес елдер пайдаланады. Сондықтан теңізге су аз құйылады, ал жылына 1 м су буланады. Жаңбыр сирек жауады. Теңіз тартылып шөлге айналуда. Біздің Жайықты да Ресей елімен бірлесіп шаруашылыққа пайдаланады. Бекере тұқымдас балықтар көп ауланады. Қоқыс көп тасталынады.
5. Мәдени-тарихи өнер мұралары болып саналатын 1) Ахмет Йассауи кесенесі, 2) Арыстан баб кесенесі. Ахмет Йассауи кесенесі - әлемдік деңгейде қорғалып, ЮНЕСКО есебіне алынған.
6.( О С ) Құстар оңтүстікке қарай ұшады. Құмырсқалар илеуін ағаш түбінің оңтүстік жағына салады.
7. Ауаға кездейсоқ заттардың қосылуынан ауа ластанады. Жанартау атқылағанда шығатын улы газдар , жел арқылы шаң-тозаң, орман өртенгенде шығатын газдар, жылу электр станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өңдіруден, көліктер шығатын қалдықтар т.б. ауаны ластайды . Біздің жерімізде Қарашығанақтағы газ өндіру кәсіпорнындағы ауатазартқыш қондырғылар санын көбейту, газдың жануын болдырмау, көлік санын азайту немесе сұйық отынды газбен алмастыру т.б
8. <<Әлемнің жеті кереметі>> аталған өнер туындылары ішінде қазіргі заманға жеткені - Хеопс перамидасы. Африка құрлығындағы Мысырда( Египетте ), астанасы Каирдың оңтүстігінде орналасқан.
9. Құс пен инелікке қарап ұшақ пен тікұшақ, балыққа қарап су асты қайығын, суда жүзетін құстарға қарап кеме, қайықтарды, бал арасы ұясына қарап түрлі ғимараттарды, құмырсқа илеуіне қарап қалаларды т.б жасады.
10. Асан Қазақстанның орта тұсында, Сарыарқа даласында тұрады. Өйткені сарғыш түспен қыратты жазықтарды, қоңырлау түспен аласа тауларды белгілейді. Біз ойпатты жазықты жерде тұратындықтан ақшыл жасыл түспен бояуға тиіссіңдер.

Әдебиеттік оқу
1. Айырмашылығын айтыңдар.
Аңыз Ертегі
Мысал келтір
2. <<Біз қазақ мал баққан елміз, ..............>> Бұл кімнің сөзі ? Сөзді білгендеріңше жалғастырыңдар.
3. <<Хан сарқыты>> деген қандай рәсім ?
4. Ел аузында << Әйтеке .............. айтады, Қазыбек ........... айтады, Төле ......... айтады>> деген ұлағатты сөз бар.
5. Басыңа қиындық түскенде көмектеспейтін досыңның әрекетін Әйтімбет шешеннің сөзімен айтқанда достықтың қай түріне жатқызар едің ? Әйтімбет шешен достықтың түрі туралы не айтып еді?
6. Жырларды айтылатын батырлардың қару-жарақтарын атаңдар.
7. Бастапқыда саптағы сарбаздың бірі болған, кейін ержүректілігімен, айлакерлілігімен көзге түсіп, ел аузында аңызға айналған, қазақтар оны қиын-қыстау заманда, басқа іс түскенде аман-есен алып шығатын аруақ деп санап, жердегі тәңірдей көрген адам- ол кім? Оның өмірі туралы не білесің ?
8. Бұл әңгімеде қарт адам өзінің ең сүйікті нәрсесін бір жас адамға сеніп тапсырып еді. Әңгіме кімдер туралы? Қысқаша мазмұнын әңгімелеңдер.
9. <<Досыңа өтірік айтпа, ............ ............, дұшпаныңа сырыңды айтпа, .............. ............... Тұмау түбі ............ болар, тұман түбі ................. болар. Қарап отырғанша, бір нәрсеге ........ ...........>> Бұл кімнің жауабы ?
10. Біздің теңгемізде кім бейнеленген? Ол ғұлама адам туралы қандай аңыз әңгіме оқыдың? Онда не туралы баяндалған?

Әдебиеттік оқу (жауабы)
1. Айырмашылығы
Аңыз Ертегі
Халықтың тарихында болған , тарихи Қиялдан туып, адам ойы мен санасы- тұлғалардың іс-әрекетін бейнелеу ның баюы үшін қызықты етіп шығарылған мақсатында туылған әңгімелер әңгімелер Асан қайғының Жерұйықты іздеуі Ғажайып бақ Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай Түс көрген патша
2. <<Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды сақтай білген елміз.>> Қазыбек бидің сөзі.
3. <<Хан сарқыты>> деген -Хан атқа мініп, Ордаға хан болып кіргенде әр тайпадан арнайы іріктелген адамдардың ханның өрістегі малын түк қалдырмай бөліске салуы, яғни ханға малдың енді керегі жоқ, ол енді ел иесі, елде бар болса, ханда да бар деген мағына.
4. Ел аузында << Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады>> деген ұлағатты сөз бар.
5. Амал достық. Әйтімбет шешен достықтың түрі туралы << Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады>> деді.
6.Сауыт, қорамсақ, жебе, көбе
7. Абылай хан. Шын аты Әбілмансұр, оны бала кезінде қой бағып жүргенде Сабалақ атайды, кейін жауға <<Абылай>> деп ұрандатып шапққан соң оны Абылай атаған.Жоңғарларға қарсы елді біріктіріп, қол бастаған. Халық оны ақ киізге отырғызып хан сайлады.
8. Түрмеге айдап бара жатқан кездегі өз домбырасын Динаға ұсынған Құрманғазы туралы айтылатын <<Дина>> деген әңгіме
9. <<Досыңа өтірік айтпа,сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр.>> Төле бидің жауабы.
10. Әбу Насыр әл-Фараби <<Сағыныш сазы>> аңыз әңгімеде әдемі бақтың ішінде отырса да ғұлама ғалым елін сағынып өлең шумақтарын жазады.

Қазақ тілі
1. Сөз тіркесін құраңдар. Ағаш, оның, көк, жез, қол, қолғап, аспан, шоқпар, тері, ысқылау, қыл, шәугім, бағыттан, ішу, шылбыр, түлкі, самғау, қыш, сүлгімен,қасық, көйлегі, адаспау, көкте, құмыра,су, тымақ.
2. Ребустың шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдау с т қ

3. Алғашқы буыны- Алғашқы буыны- Ішіне жел үресің. Толтырып бидай артқан Екінші буыны- Ішіне қыдырып кіресің, Екінші буыны- Тамырда аққан Екеуін қосып оқысаң- Біріктіріп оқысың- Ауланы қоршап жүресің Тышқанға аузын ашып жатқан Шараданы шешу, жауабындағы сөздерден буын және дыбыс үндестігін көрсету
4. Суреттегі заттардың әрқайсысына жұмбақ құрастырыңдар.
5. <<Ж>> -дан бастасаң- Түп нұсқа- Тыныс белгісі. Зат, тісі көп. <<Б>>-дан бастасаң- Екі шеткі әрпін қысқартса- Жайқалған жер жемісі Кесетін ісі көп. Анограммаларды шешу , жауабындағы сөздерге дыбыстық талдау жасау
6. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңдер Жүрегім тас төбеме шықты- Сүт пісірім уақыт- Үріп ауызға салғандай- Ешкімнің ала жібін аттамау- Қой аузынан шөп алмас-

7. Дау жоқ, байқаймын, айтпақшы, тегінде, қайдам, демек-бұлар қандай сөздер? Сөйлем құрау
8. Берілген жоспар бойынша мәтін құрастырыңдар
Көмек
1. Күтпеген оқиға
2. Баланың көмегі
3. Алғыс
9. Ребусты шешіп, мақалды жазу. Мағынасын түсіндіріңдер. Не себепті сызықша қоямыз?
, Т уы -, с
, с уы -

,
10. Күз не қыс мезгілі туралы 4 жол өлең шығарып, сөйлем мүшесіне талдау

Қазақ тілі(жауабы)
1. Ағаш қасық, оның көйлегі, көк аспан, жез шәугім, қол шоқпар, тері қолғап, сүлгімен ысқылау, қыл шылбыр, бағыттан адаспау, су ішу, көкте самғау, қыш құмыра, түлкі тымақ.
2. Сұлу ( түбір сөз), тарақ ( тара-түбірі, қ-жұрнақ)
3. Шарбақ, қапқан Дыбыс үндестігі: қап-қан(п,қ- қатаң) шарбақ-шарбағы (дауысты дыбыс тіркегенде қ-ғ өзгерді) Буын үндестігі : сөздердегі дауысты дыбыстар бірыңғай жуан, сондықтан қосымшада үндесіп жуан түрде жалғанады(шарбақтар, қақпандар)
4.

5. (жақша-бақша) (тарақ-ара) а,-дауысты, жуан; дауыссыз: т, қ,ш- қатаң р,- үнді
ж, б, ғ- ұяң;

6. қорқу, тез
сүйкімді, ұрламау
момын, жуас

7. Қыстырма сөздер

9. Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы - ой. Бастауыш пен баяндауыш зат есімнен, сондықтан сызықша қоямыз

Кім шапшаң?

1. Қызғылт түсті жұмсақ металл? (мыс)
2. Ақ түсті мұнара түріндегі шартты белгі ( газ)
3. Судың үш күйі (мұз, су, бу не қатты, сұйық, газ)
4. Каспий теңіз бе, көл ме? (көл)
5. Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)
6. Екі не оданда көп жай сөйлемнен құралған сөйлем (құрмалас сөйлем)
7. Жасыл, үлкен, биік- қандай сын есім? (негізгі сын есім)
8. Балалар қызықты кітап оқыды. Жай сөйлемнің қай түрі? ( жайылма)
9. Адамгершілік сөзінде неше тасымал бар? ( 4)
10. Достар сөзіне қандай жалғау жалғанған? (көптік)
11. Қарлығаш би атанған кім? (Төле би)
12. Шоқанның шын аты ( Мұхамбед-Қанафия)
13. Асанқайғы не іздеді? (Жерұйық)
14. Әміре Қашаубаев кім? ( Әнші)
15. Қазақ қызының сұлулығы, ақылдылығы суреттелген жыр ( Қыз Жібек жырында)
16. 36-ны 2 есе азайтсақ неше болады? (18)
17. Қабырғасының ұзындығы 5см шаршаның Р нешеге тең?( 20см)
18. 586000 санының ондық мыңы неше?(8)
19. 3050 г неше кг бар ? (3кг)
20. Екінші кластың 46 бірлігі және бірінші кластың 5 бірлігі бар санды ата( 46005)

Ұқсас жұмыстар
Қыстырма сөз
Оқшау сөздер. Оның түрлері туралы ұғымды меңгерту
Оқшау сөздер. 8 сынып
Қыстырма сөздер. театр, кинотеатрдағы жағдай арқылы сөйлеу
Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір
Алтын сандық
Оқшау сөздер
Қыстырма сөзді тап
Одағай сөз
Одағай
Пәндер