Ішкі тыныштық

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Баяндама

Тақырыбы:

«Рухани- адамгершілік құндылықтардың білім берудегі маңызы»

Дайындаған: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

К. Б. Шукирова

2015-2016 оқу жылы

Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің 2015 жылғы мамырдағы әдістемелік кеңестің № хаттамасының шешімімен аудандық тамыз кеңесіне ұсынылды

Пікір

Шукирова Кымбат Байзуллиновна Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінде 2011 жылдан бері өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.

Кымбат Байзуллиновна жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде оқушыларды отансүйгіштікке және адамгершілікке баулуда жан-жақты шығармашылықпен жұмыстанып келеді.

Оқытушы «Рухани - адамгершілік құндылықтардың білім берудегі маңызы» тақырыбындағы баяндамасында өзін-өзі тану пәнін оқыта отырып, оқушылардың адамзат өміріндегі құндылықтарды біліп, оларды бағалай білуді үйретуде қолданылатын әдіс-тәсілдері мен пікір алмасулары арқылы өмірден алынған мысалдарымен нақты көрсете алған.

К. Б. Шукирова баяндамасында педагогикалық ізденісіндегі, шығармашылық қызметіндегі кәсіби тәжірибесін таңдаған тақырыбы аясында дәлелдеу үшін 4 сыныпқа оздырған «Су - өмір көзі» тақырыбындағы сабағы да өте сәтті оздырылған.

К. Б. Шукированың «Рухани - адамгершілік құндылықтардың білім берудегі маңызы» тақырыбындағы баяндамасы мектепте әдістемелік кеңесте тыңдалып, талқыланып, әріптестері тарапынан жоғары бағаланды да аудандық тамыз кеңесіне ұсынылды.

Жоспар

І. Кіріспе

Рухани-адамгершілік- адамның рухани арқауы

ІІ. Негізгі бөлім

а) Жалпыадамзаттық құндылықтар - бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

ә) «Шын мағынасындағы білімділік - тамаша адамгершілік сипат»

Әл-Фараби

б) Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани әлеуетін көтерудегі өзін-өзі тану пәнінің рөлі.

ІІІ. Қорытынды

«Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»

В. Сухомлинский

Мақсаты:

Оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге қиянат жасамау;

Міндеті:

⚫ өзін танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

⚫ күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту.

«Адам баласы жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек»
С. А. Назарбаева

Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені, адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік - адамның рухани арқауы.

Адамгершілік мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершіліктің мәнін абстарктылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшеліктерімен ғана байланыстыруға болмайды.

Адам адамгершілігі арқылы көптің арасында қадыр-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай адамгершілік - әдеп адамды істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Адам - өз өміріне өзі қожа. Өйткені, ол өз тұрмыс-тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады. Себебі адамды адамгершілік сезімі ғана биік белестерге бастайды.

«Адамгершілік» - ол тұлғаның адамгершілік сана сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтын құрал. Сондай-ақ, тұлғаның ар-ожданын, танымдық қызығушылығын кешенді дамытады. Адамгершілік адамды сүюді және оның бостандығын, құқықтың, қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылдық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады.

«Адамгершілік» - қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи, мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпынуы, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру кең тараған, бала мен кәріге жәрдемдесудегі қажеттілігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады. Осыған орай, адамгершілікті орнықтыруда мінез-құлық үлкен рөл атқарады. Мысалы, халық даналығында: «Ақылды болғаның кімге керек, мінез құлқың болмаса» - дейді. Олай болса, адамдарға жағымды мінез мейірімділік, рахымдылық көрсету дегеніміз адамгершілік мінез-құлық.

Демек, адамгершілік ұғымының ауқымы соншалықты кең, терең, салиқалы болғанымен, адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірде сәл нәрседен, бір сәттен, әрбір қылықтан, бір ауыз сөзден, бір істен, бір әрекеттен байқала қалатыны белгілі.

Балалардың айналасындағы адамдарға, табиғатқа, қоршаған ортаға, жан-жануарлар, аң-құстар, өсімдіктер, яғни, тірі және өлі табиғаттың қай-қайсысына да болсын адамгершілікпен қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезіндіруде адамгершілік құндылықтар негізінде білім беру аса маңызды.

Шәкәрім: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» - деп есептейді.

Осыған орай, рухани қажеттілік дегеніміз - адамның жеке тұлғалық, шығармашылық, тәлімдік және мәдени-әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық. Яғни, рухани адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Рухани-адамгершілік тәрбие - екі жақты жүргізілетін үрдіс болғандықтан, бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың ұстаздардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - оқушылардың белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Баланың өмірге белсенді қозқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді де, рухани адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үрдісіне, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Бүгінгі таңда еліміздің жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ жетістіктермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрып отырғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де бүкіл әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Ал бүкіл әлемдік білім кеңестігінде адам мүмкіншілігінің шексіздігін, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын мойындау, абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі.

Сондықтан біздің білім жүйесі тек қана білім беруге ғана құрылмай, адамдар арасындағы қарым-қатынастың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар-намысын, абыройын, ұжданын құрметтеу, адамгершілік тұрғыда қамқорлық жасау, қадірлеуге үйретуге бағытталуы тиіс.

Жалпыадамзаттық құндылықтар - уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі төмендегіше жіктеледі:

  • Ақиқат;
  • Сүйіспеншілік;
  • Дұрыс әрекет;
  • Ішкі тыныштық;
  • Қиянат жасамау;

Ақиқат дегеніміз - адам ойының шынайылықпен сәйкестілігі, яғни адамның ақиқат пен әділдіктің жолында жүруі. Сүйіспеншілік - адамның бүкіл адамзатты сүюі, мейірім шапағатын күнделікті тұрмысында бір-біріне деген достық, сыйластық, қайырымдылық жасау сезімдері арқылы көрсете білуі. Дұрыс әрекет - ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қорлықтан қашық болуы, ал қиянат жасамау - ешкімге оймен, сөзбен, іс-әрекетпен озбырлық жасамау болып табылады. Адам біреуге қиянат жасаса, оның жүрегін кір шалды деген сөз. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады.

Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін - өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтқан «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек» деген сөздері айғақтайды. Рухани-адамгершілік тәрбие беру - қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттердің бірі десек, бұл - әрине, заңдылық. Өйткені, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, аясы кеңейіп келеді. Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, суды ластау, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы -«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол - ұстаз.

Осыған орай, мен 2014-2015 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасына сәйкес Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушыларына рухани-адамгершілік білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінің бірі «Қиянат жасамау» құндылығы бойынша «Су-өмір көзі» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

Өзін-өзі тану сабағының жоспары Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Пятимар ЖОББМ

Мерзімі: № 30сабақ

Тақырыбы: Су-өмір көзі

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: әр қашанда көмекке дайын болу, ұжымда жұмыс жасай білу, өзгелерді ренжітпеу.

Мұғалім : Шукирова Кымбат Байзуллиновна

Сынып: Саны: 10


Ұқсас жұмыстар
Ішкі энергия
Қиял арманға жетелейді. 3-сынып
<<Бақыт құшағында>>. 7 сынып
Позитивті ойлау техникасы
Сабыр түбі - сары алтын
Сабақ барысын талқылау
Арман жарқын болашақ бейнесі
Тыныштық сәті. Соңғы тыныштық сәті
Сабақ тақырыбы. Сабақ барысы
Жақсылықпен жаным дос жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz