Сынып жұмысы

«Өкпеті» орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сыныпқа арналған біркелкі
орфографиялық тәртіп
Жинақтаған: Искакова Райгүл -бастауыш сынып пән бірлестігі жетекшісі
2016 жыл
Орфографиялық тәртіпті бастауыш мектепке енгізу .
- Дәптерді хаттау мен оларды дұрыс толтырылуын қадағалау .
- Дәптердегі барлық жазулар каллиграфиялық ұқыпты жазумен жүргізілуін қадағалап, бақылау геометриялық фигураларды сызу жай қарындашпен жүргізіледі.
- Бастауыш мектепте оқушылар оқу барысында барлық пәннен бақылау жұмысына және сыныпта орындалатын жұмысқа арнап дәптерлер бастайды.
Математика пәні бойынша:
№1 №2(ағымдағы жұмыстарға)
№3 (бақылау жұмысына)
Қазақ тілі пәні бойынша:
№1 №2 (ағымдағы жұмыстарға)
№3 (диктант жұмысына)
№4 (тіл дамыту)
Әдебиеттік оқу пәні бойынша:
№1 (ағымдағы жұмыстарға:)
№2 мазмұндама мен шығарма 1 дәптерге жазылады
Сауат ашу пәні бойынша:
№1 №2 (үлгі дәптерлері)
Қазақ тілі пәндерінен мазмұндама мен шығарма шығармашылық сипаттағы жұмыс түрлеріне жататындықтан, толтыру барысында № 4 тіл дамыту дәптерлеріне жазылады .
- Әдебиеттік оқу пәні бойынша суреттер, шығармаларға жоспарлар, әдеби терминдерге анықтама, шығармашылық жұмыстар күнделікті жұмыс дәптеріне жазылады.
- Әдебиеттік оқу пәні бойынша мазмұндамалар, шығармалар жеке 1 дәптерге жазылу керек.
- Дүниетану сабақтары үшін баспа негізіндегі дәптерлер қолдануға мүмкін, бірақ көбінесе оқушылардың жұмыс дәптерлері бар .
- Бағдарламаға сай ән-күй, ағылшын тілі, факультативтік курстарға дәптерлер арналады.
Дәптерлердің сыртын біркелкі толтыру:
2 -3- 4 сыныптың жазба жұмысына арналған дәптерлерінің сыртын оқушы өзі толтырады, күнделікті жұмыс дәптерлерін де оқушы өзі толтырады.
1 сынып оқушыларының дәптерлерінің сыртын компьютермен басылған түрде жазуға болады.
Дәптердің сыртын каллиграфиялық дұрыс, ұқыпты жазумен толтыру керек .
«Балқаш қаласы
жалпы білім беретін
№___ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2 «Ә» сынып оқушысы
Болатов Әділдің
қазақ тілі пәніне
арнаған дәптері
(математика дәптері, дүниетану дәптері, диктант дәптері, бақылау жұмысы, тіл дамыту дәптері, т. б. с., с. )
- Дәптердің сыртындағы сандар араб цифрларымен толтырылады .
- Аты-жөні ілік септігінде жазылады. Балалардың сауаттылығын ашу мақсатындақатемен жұмысдиктант дәптерлерінежүйелі түрде жүргізілу керек, математика пәнінен қатемен жұмыс бақылау жұмысына арналған дәптергежазылады.
- Бастауыш сыныпта жұмыс дәптерлері міндетті тиіс. Бақылау жұмыстарының тексерілуі ертеңгі күні дайын болуы керек .
- Математика пәнінен бақылау дәптерлері уақытында тексеріліп отырылады. Сыныпта оқу жылының аяғына дейін сақталады.
- Балалар жұмысы қызыл түсті (қаламмен ) тексеріледі. Бағалау ережесіне сай бағаланады.
- Үй жұмысы мен сынып жұмысынан кейін2 жолға
шегініп, 3жолға жазамыз .
- Азат жолды сақтау кезінде оңға қарайсұқсаусаққа жылжимыз. Бірінші сыныптан бастапазат жолдысақтау, жаңа жұмыс түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырамыз .
- Жұмыс барысында босжол қалдырылмайды.
- Жаңа (жол) бетең жоғарғы жолданбасталады беттің ең соңына дейін жазылып бітеді.
- Әрбір жолды жазар кезінде сол жақ шетінен 0, 5 см шегінеді .
- Жазу жолы толық қамтылу қажет. Толық қамтылмаған жағдай оқушының тасымал ережелерін білмеуін көрсетеді!!! Сөзді тасымалдау ережесін міндетті түрде қолдану керек .
- Қазақ тілінен, математикадан күнді жолдың ортасына жазылады .
- 1 сыныптың II жартыжылдығынан бастап, 2-ші сыныптың II жартыжылдығына дейін күн реті арабша ай аты толық жазылады. Мысалы: Қыркүйектің 7-сі
- 2 сыныптың II жарты жылдығынан бастап, 4 сыныптың аяғына дейін күн реті және ай аты жазбаша түрде жазылады.
Қыркүйектің жетісі
Сынып жұмысы
12-жаттығу.
- Жұмыстың нұсқасы жаңа жолдан тура ортаға немесе дәптердің жиегіне жазылады .
- Жаттығу деген сөз екінші сыныптан бастап толық жазылады .
- Дәптердегі жаттығу реті саны толық жазылады .
- Бағандап жазу кезінде сөздер бірінің астына бірі жазылып, арасына үтір қойылмайды, бірінші сөзбас әріппен жазылады .
- Сөздер тек қана дауыссыздарға қысқарады.
- Септіктер бас әріппен жазылады. Сөздердің үстіне септік атауын жазу қаламмен немесе үшкір қарындашпен жүзеге асады .
- Балалардың назарын тиісті тыныс белгілеріне аудару қажет.
- Математика пәнінен бекітілген термин сөздер (см . . . ) қысқартылғанда нүкте қойылмайды
- 1-2 сыныптың оқушылары кіші жол дәптерге жазса, ал 3 сыныпта үлкен жол дәптерге жазады.
- Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді. (қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес)
- Балалардың назарын тақтадағы жазуларға, қаламды дұрыс ұстауына, отырыстарына дәптерлердің түр-сипатына назар аудару керек.
- Шығармаға 1 баға қойылады, мазмұндамаға 3 сыныптың II жартыжылдығынан бастап 2 баға қойылады. Диктант егер грамматикалық тапсырмасымен қоса болса 2 баға қойылады.
- Қатемен жұмыс деген сөздіқ. ж. деп алуға болады. Себебі қатемен жұмысқа 45 минут уақыт берілмейді
Математика пәнінен жазба жұмыстарын қаптау.
- Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасына 4 тор тастап 5 торға жазу керек.
- Әр тапсырманың арасына 2 торкөзден тасталады.
- Бағандардың арасына 3 торкөз тасталады.
- Күнді тура ортаға немесе шетіне жазуға болады. Жауабы деген сөз шешудің астына бас әріппен жазылады. Бірінші сыныпта жауабы қысқа жазылады.
- Ұзындық, ені деген сөздер қысқартылмайды.
Есепті шығару барысында мыналарды есте ұстаған жөн:
- Қысқаша шартындағы сөздер толық, бас әріппен жазылады.
- Шешуі, жауабы деген сөздер толық жазылады.
- Егер есеп амалдап шығарылса, атау жақшаға алынып, түсіндірмесі толық жазылып, жауап қысқашы, кіші әріппен жазылады.
- 1 амалды есепте түсіндірме жазылмайды. Тек жауап толық жазылады.
- Егер есеп өрнекпен шығарылса, атауы жақшаға алынып, түсіндірме жазылмайды. Жауап кіші әріппен қысқаша жазылады.
Мысалы:
Есеп:
Сәбіз-5 кг ?кг
Картоп-?, 3 кг артық
Шешуі: 1) 5+3=8 (кг) - картоп
2) 5+8=13 (кг) - барлығы
Жауабы: 13 килограмм картоп.
Сәбіз-5 кг ?, кг
Картоп-?, 3 кг артық
Шешуі: (5+3) +5=13 (кг)
Жауабы: барлығы 13 килограмм көкөніс сатылды.
Амалдардың орындалу тәртібі:
3 1 4 2
3450-145*2+1265:5=3413
1) 145*2=290
2) 12 65 5 3) _ 3450 4) + 3160
6 253 290 253
15 3160 3413
Теңдеу: есептеуі жанына бағандап есептеп жазылады
3 2 1
Х+123- 56*2= 638
Х+123-112=638
Х+123=638+112
Х+123=750
Х=750-123
Х=627
627+123-56*2=638
638=638
Есеп:
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 6 см-ге тең. Тіктөртбұрыштың аудан мен периметрін есептеп шығар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz