Райса Александровна Верятинская: №20 орта мектептегі бастауыш білім беру мен ұлтаралық бірлікті нығайтудағы педагогикалық қызметі

"№ 20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі" МКМ

Қасымда жүр жақсы адам . . .

Безымянный.jpg

Орындаған: Ашыкбаева Гаухар

87014950176

Халық бірлігі ­­­- мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Ел өміріндегі мәні мен маңызы орасан зор осынау саяси оқиға қарсаңында, біз көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы - еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді.

Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Ұлы дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді.

Әңгімемнің төркінін қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін "Дудар-ай " әнімен өрбіткім келеді. Бұл әнді естімеген жан кемде кем шығар. Әннің шығу тарихына үңілмесем де, әуенін естіген бойда елітіп, бойымды бір тылсым күш билеп, ән әуеніне еріп кетемін.

Мариям Жагор деген орыс қызы, Он алты, он жетіге келген кезі . Қазақта Дудар деген ғашық болып, Сондағы Мариямның айтқан сөзі: Дудар - айым, Дудым Бір сен үшін тудым. Шіркін-ай, Дудар -айым, Дудым-ай!

Өлеңдегі орыс қызы Мариям Жагор сияқты менің кейіпкерім де бір кездері қазақ жігітін ынтық қылған, көзі көк, сары өңді, ұзын бойлы, орыс қыздарына тән оқтаудай тік жүретін, көңілі кең, пейілі ақ жан. Ол - Верятинская Райса Александровна. Ұлты орыс болғанымен, жұбайы қазақ азаматы. Бектеміс Жары ауылында беделді де белді жеңге. Жолдасы Ықылас ағай екеуінің қызығы мен думаны мол жылдары - бүгінде еске аларлық, өзгеге үлгі боларлық дүние. Өздері де осы әнді өз өмірлерінің "Ән ұранына" айналдырғандай . . .

Верятинская Райса Александровна - 8 желтоқсан 1946 жылы дүниеге келген. Форт - Шевченко қаласының байырғы тұрғыны. Баутино поселкесін дегі Максим Горький мектебінде оқушылық өмірі өткен. Мектепті үздік бітірген соң бұрынғы Гурьев облыстық білім басқармасының жолдамасымен Қостанай қаласына курсқа жіберілген. 1965 жылы оқуды бітіре салысымен Ералы поселкесіне жұмысқа орналасады. Еңбек жолын пионер ұйымында вожатыйлық қызметтен бастады.

Қазақ тілін жетік сөйлегендіктен қазақ мектебінде жұмыс жасаған. Кішкентай кезінен балғын балалармен жұмыс жасауды жанындай жақсы көретін Райса Александровна өз ісінің шебері екені жастайынан көріне бастады.

Ата-анасынан, көрген ортасынан алынған жақсы қасиеттер, қазақ тілін жетік меңгеруі апайға жетістіктерге жетуге көп көмегін тигізді. Аудандағы еңбек жолын аға пионер-вожатый қызметінен бастады. Өз мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі бола жүріп, жоғарғы және бастауыш сыныптарының оқу ісінің меңгерушісі қызметіне дейін өседі. Кейін Райса Александровнаның жемісті еңбектері мен біліктілігі ескеріліп, аудандық методикалық кабинет меңгерушісі, көп ұзамай аудандық білім бөлімінде оқу инспекторы қызметіне ұсынылады. Осы жылдар ішінде жан-жақты ұстаз игілікті істерімен облыс көлеміне танылады. 1989 жылы отбасы жағдайымен Ақтау қаласына көшіп келіп, № 20 орта мектепке бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі болып орналасты.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Халқы Ассамблеясы алдындағы Президенттің рөлі және ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызы
ХХІ ғасыр талаптарына сай бастауыш мектептегі білім сапасын арттыру: жаңа педагогикалық технологиялар мен ойын элементтерін қолдану
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы рөлі мен тиімділігі
Мектептегі информатика пәнінің білім беру мазмұнының міндетті минимумы және оқыту мақсаттары
Ұстаздық тұлға: бастауыш мектептегі білім мен тәрбиенің рөлі
Кеңестік Қазақстандағы XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы білім беру мен ғылым: жетістіктері мен кемшіліктері
Жоғары оқу орындарындағы жаңа педагогикалық және ақпараттық білім беру технологиялары
Қазақ тілі, 3-сынып: Сан есім - ашық сабақ (№20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі, Ақтау)
1-сынып түлектерін қоштау: бастауыш мектептегі білім мен тәрбие
Педагогикалық технологиялар мен білім беру мазмұнын үйлестірудегі мұғалімнің шеберлігі: мектепалды даярлықтағы ойын технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz