Сабақта сыныптастарыңызбен сырласасызба

Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?
Мен қызмет ететін №59 жалпы орта мектеп Шымкент қаласының солтүстік - шығысында «Ақжайық» ықшам ауданында орналасқан. Біздің мектеп - тарихы мол, үйретер тәжірибесі мен тәлімі бар мектептердің бірі. Мектептің іргетасы 1980\2004 жылдары қаланған. Мектеп 370 балаға ыңғайластырылып соғылған, алайда қазіргі кезеңде мектепте 1348 оқушы оқып жатыр. Бастауыш сыныптарымыз үш ауысымда оқып жатыр. Мектепте жалпы 59 сынып бар. Биылғы оқу жылында мектебімізде 126 мұғалім қызмет етеді. 126 мұғалімнің 122 - сі жоғары білімді, яғни 97% 4 мұғалім орта арнаулы білімді. Жоғары санатты 18 мұғалім 15%, І санатты 29 мұғалім 23%, ІІ санатты 36 мұғалім 29 %, санатсыз 43 мұғалім 35 % ХХІ ғасыр - тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры екені әрбірімізге мәлім. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елде болсын өсіп - өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы - оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты екенін қазіргі кезеңде уақыт айқындап беріп отыр. Осы қағидаттардың ақиқаттығын жүрек қалауымен түсінген әрі осы ақиқатты ұстанған мұғалімдер біздің мектепте көпшілік құрамында.
Мектеп мұғалімдерінің сабақта қолданатын әдіс тәсілдерді кеңінен қолданатынын және мектеп әкімшілігі тарапынан болатын талдау жұмыстарын ескере отырып мен мектепті «Мектепте білімді қолдану және тарату әдістері» ұяшықтарының «Ұжымдық, бірақ шектеулі білім» ұяшығына жатқыздым. Себебі мектепте ұжымдық рух басым. Мектеп мұғалімдері бір - біріне жалпы білім беру ісінде ғана емес, күнделікті өмірде де көмек беріп отырады. Мұғалімдер бір - бірімен жақсы пікірлеседі, идеяларымен бөліседі. Бір - бірінің сабағына кіріп, үйренері болатын болса, ешқандай қымсынушылық пен тәкаппарлық танытпай, басқа біреуден, яғни жанындағы әріптестерінен, үйренуден қорықпайды. Бір бірлестік мұғалімі сабағында тиімді әдіс - тәсіл қолданып, ол өз жемісін беріп жатса, ол мұғалім бұл жеңісін басқалардан ешқандай қызғанбай ортаға салады. Мектеп мұғалімдері бір - бірінен білім алады. Бірақ ұяшықта айтылған түсінік жалпыға танылмаған өзгерістерге қарсы тұрады дегенге мен мектебімді қоса алмаймын. Себебі мектеп мұғалімдері және әсіресе мектеп директорының Алматы қаласына Педагогикалық шеберлік орталығына мектеп директорларына арналған деңгейлік курсқа барып келгеннен кейінгі мектепте өзгерістер мен жаңалықтарға, жас жеткіншектерге білім беруде әлемде танымал болған әдістер мен түрлі тәсілдерді мектептегі білім беру үрдісіне ықпалдастыру жүмыстарын аса үлкен ынтамен енгізу жұмыстарын жүргізуі осы сөзіме айғақ десем болады. Жалпы алатын болсақ, мектебіміздің әкімшілігі негізін өте тәжірибелі ұстаздар құрайды. Олар білім беру ісіндегі жаңалықтар мен жағымды үдерістерді мектеп ұжымына таратушы, үйретуші ұстаздар. Сонымен бірге мектебіміз сырттан немесе ұжым мүшелері тарапынан көрсетілетін оғаш қылықтар мен әумесерлікке төзімділікпен қарайды деп айта алмаймын. Ұстаз жұмысы жалпылама айтқанда тентектік пен еркелікті көтеретін жұмыс емес. Алайда мектебіміздің кейбір мұғалімдер бойында жоғарыда айтылған кереғар мінездер мен басқалардан оқшаулану байқалады. Атап айтқанда жаңа тәсілдер мен қолайлы әдістерді қолдану түгіл түсінуден бас тартқан мұғалімдер бар болып шықты.
Мен біздің мектеп оқушыларын жіктей отырып олардың көпшілігін «Игі қабылдайтын оқушы» ұяшығына жатқыздым. Себебі мектеп оқушылары тарапынан оқу үдерісі барысында жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері баршылық. Атап айтар болсақ мектебіміздің жеткен жетістіктері мынандай:Республикалық «Ақбота» атты интелектуалдық марафонында 3 оқушы І орынды, 1 оқушы ІІ орынды иемденді. Оңтүстік Қазақстан облыстық Менделев олимпиадасында 1 оқушы ІІІ орынды иемденсе, Шымкент қаласы «Жас ғалым - жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысында 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «Оңтүстігім - жерұйығым, құт мекенім» атты танымдық-зияткерлік байқауына қатысып 2 оқушымыз ерекше білім көрсеткені үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектептегі дарынды оқушыларды мектепішілік қиындықтарға қарамастан пән олимпиадасына жоспарлы түрде дайындық жұмыстар жүргізілуі жүйелі түрде жолға қойылған. Мектепішілік олимпиадасында жеңіске жеткен оқушылар қатарынан қалалық олимпиадаға жіберілген оқушылар қатарынан 1 оқушы жүлделі 3 орынға ие болды. Мектеп оқушылары тарапынан сабақтан себепсіз қалу деген өте сирек кездеседі. Оқушылар арасында түрлі сайыстар мен байқаулар өтіледі. Мектеп оқушылары тарапынан жаңалық пен жаңа үрдістерге ұмтылыс байқалады. Оқушылар тарапынан құрылған өзін өзі басқару ұйымының жұмысы да жақсы жолға қойылған. Мектеп мұғалімдеріне сенімсіздікпен қарайтын оқушылар жоқтың қасы. Оқушылар, жалпы алғанда, мектепке, мұғалімдерге үлкен сенім білдіреді. Алайда оқушылар арасында алға басуға ынтасы болмай, өзінің болашағы туралы ойламайтын оқушылар да кездеседі. Мектепте жалпыға ортақ ретінде қабылданған ережелерге күмәнмен қарап, бұл ережелер менің бостандығымды шектеу үшін арналған деп қабылдайтын оқушылар да жоқ емес. Оқушылар тарапынан, әсіресе атап айтатын болсам 11сынып оқушыларында келешегін анықтау мен нақты жоспарлауға ұмтылыс аса байқалмайды. Сонымен бірге оқыту үдерісінде кездесетін проблемалар мен кедергілерді анықтауда мұғаліммен бірге іс әрекетке бармай, мұғалімнің сол кедергіні анықтап беріп, жол көрсетуімен шектеледі. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге дайын болғанымен, жауапкершілік алудан қашқақтайды. Оқу үдерісінде басқа оқушыларға көмек беру аса қатты байқалмайды. Жалпы алғанда оқушылар мектепке сенім білдіріп, мұғалімдер тарапынан талап еткенді орындаумен шектеледі. Жоғарыда айтқан 11-сынып оқушылары туралы айтқаныма дәлел ретінде ұсынарым. Оқушылардан: Мектеп бітіргелі отырсыңдар, болашақ өмірлеріңді қалай болады деп армандайсыңдар? Алға қойған жоспарларың, мақсаттарың қандай?, - деп сұрағанымда, алған жауаптарым қанағаттанарлықсыз болды. Себебі оқушылар жауаптарынан мен нақты қойылған мақсаттарды көре алмадым. Оқушылар негізінен болашақ өмірлерін жоспарлағанда ата -аналармен кеңесумен, сол адамдардың ұсыныстарымен немесе қойған талаптары аясында болашақтарын жоспарлайтыны анықталды. Менің ойымша, мектеп оқушыларын «Ықпал ететін оқушылар» қатарына қосу үшін біршама еңбек ету керек екені айқын. Әрине, бұл жағдайды талдап, не істеу керек деген пікірді бастағанда, ойға бірінші болып материалдық қиыншылықтар келеді. Бұл біршама дұрыс та шығар, бірақ материалдық жағдайды себеп етіп, қол қусырып отырған да мұғалімге жараспайтын тірлік. Менің ойымша, мектепте оқушылар арасында өткізілетін түрлі жарыстар мен байқаулар барысын, жүргізілуін түбегейлі өзгерту керек. Әрине, бұл жерде сіздер бұған келіспей, істің негізін оқыту үдерісінен, яғни сабақтан бастау керек дерсіздер. Бұған келісемін- ау. Себебі, оқушымен жүргізілетін жұмыс диалог сабақ барысында жүргізіледі. Бұл үдеріс орындалып та жатыр. Алайда мен өзімнің педагогикалық практикамды зерделей отырып анықтағаным, оқушылар сабақта алған білімдерін көбінесе жаттанды түрде қабылдап қана шектеледі. Алған білімдерін болашақ өмірде қолдану туралы ойлар және көзқарастар қалыптаспаған. Сондықтан мектеп оқушылары бойында зияткерлікті, жан жақтылықты қалыптастыруда тек жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақ өтумен шектелу жеткіліксіз. Менің ойымша, менің ойыммен сіздер де келісерсіздер, оқушының мектептегі өмірі, мектепте қалыптасатын көзқарастары мен тәртібі сонымен бірге қосымша іс шаралар мектепте өткізіліп тұратын түрлі тәрбие сағаттары мен байқаулар, жарыстар оқушы тұлғасының дұрыс қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Қазіргі кезеңде мұғалім өзіне сеніп тапсырған сыныптағы оқушылармен тәрбиелеу жұмысын қалай жүргізеді?Ол оқушының әлеуметке ортақ ережелер мен нұсқаулардан шығып кетпеуін ғана шектеп, оқушыны ананы істеуге болмайды, бұны жасауға болмайды деген шектеулермен тұсаулап қояды. Менің ұсынарым, мектепте сабақ барысында біз қазір қолданып жүрген топпен оқуды тәрбиелеу үдерісіне кеңінен қолдануымыз керек. Сабақта біз қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді оқушы тұлғасын тәрбиелеуде неге қолданбасқа?Сабақ материалдарын игеруде бізге тиімділігін дәлелдеп берген тәсілдерді біз оқушыларды өмірге құштарлықты үйретуге, өз отанын сүюге, игерген білімдерін елінің игілігіне арнауды үйретсек жаман болмас деп ойлаймын. Ұлы ойшыл Әл - Фараби айтқандай, «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», бұл жоғарыда айтқан сөздерімді растап отырғандай. Әрине, қазіргі күрделі кезеңде еліміз бүкіл әлемдік аренада соңғы орындарды иемденіп қалмасы үшін жастарымызды білімді тұлға ретінде алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп оқытуымыз міндетті. Сонымен бірге оқушыларымызды бағалауда біз тек оқытумен ғана шектеліп қалмай, тәрбие жағын да ұмытпауымыз керек деп ойлаймын. Мектеп мұғалімдерін жаңа әдістермен қаруландыру және оқушыларымызды да оқыту мен оқу, тәрбиелеу үдерісінде мұғалімдермен тең әрекеттесуді үйретсек, біз мектебіміздің оқушыларын сөзсіз «Ықпал ететін оқушыға» айналдыра аламыз.
Осы ойларымды зерттеу мақсатында мен өз әріптестерім мен оқушылардан және ата аналардан сауалнама алдым. Сауалнама алуда менің көздеген мақсатым оқушылар мен мұғалімдерден мектебіміздегі оқу үдерісі туралы пікірлерін білу болды. Осы мақсатта мен мектепте 20 мұғалімнен сауалнама алдым. Сауалнама сұрақтары оқу мен оқытудағы жеті модуль негізінде құралған 18 сұрақтан тұрады. Мектептегі оқу мен оқыту үдерісінде мұғалімдер жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде жүргізіп жатқан жұмыстарының тиімділігін анықтау үшін құралған болатын. Сауалнама нәтижесін саралауда маған ойтүрткі болған сұрақтардың бірнешеуіне тоқтала кеткенді жөн санадым. Мысалы №2 сұрақ «Сіз сабақ беретін сыныпта әлеуметтік байланыс орнатасыз ба?» Деген сұраққа мұғалімдердің 45% сирек деп жауап берсе, 30% кейде деп жауап берді. Бұдан көретініміз, мұғалімдер сабақ беру барысында сыныпта тек білім берумен шектеліп қана қалатыны көрінді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің тек 15% және 10% ғана сабақ беру үдерісінде сыныпта әлеуметтік байланыс орнатудың маңыздылығын түсінетіні және қолданатыны байқалды. №3 сұрақ «Сіз сабақ беретін сыныпта оқушылардың өз бетімен білім алуын ұйымдастырып, қолдайсыз ба?» деген сұраққа сауалнама алуға қатысқан мұғалімдердің 70% сирек деп жауап берсе, 15% кейде деп жауап берді. Мұғалімдердің тек 15% ғана бұндай жағдайды сыныптағы оқу үдерісінде қолдайтыны анықталды. Әрине, сауалнама алу барысында мені ойландырған басқа да сұрақтар болды. Алайда мені аса қатты ойға қалдырған осы екі сұрақ нәтижесі болды. №3 сұрақ нәтижесіне үңілетін болсақ, мектеп мұғалімдері оқушыларға тағы да тек білім берумен ғана шектеліп, олардың өз ойлары мен тұжырымдары туралы ойланбағанын көруге болады. Сыныпта жағымды оқу ортасын құру үшін бірінші кезекте сынып оқушылары арасында әлеуметтік байланыс орнатудың үлкен маңызы бар екенін біздің мектеп мұғалімдері аса қатты маңызды деп есептемеген болуы керек. Бұл мектебіміздің бірнеше мұғалімі деңгейлік оқу курстарына барып келген соң мектепішілік көлемде өткізілген семинарларда бұл туралы айтылғанына қарамастан орын алып отырған жағдай. Сонымен бірге оқушылар бойында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырмасақ, онда оқушы тек мұғалім нұсқауымен шектеліп қалмай ма деген ой мазалады мені.
Осы мазалаған ойлар жетегінде мен оқушылардың да пікірін білу мақсатында олардан да сауалнама алдым. Себебі Джин Раддок оқушы үніне құлақ асу арқылы оқушылар мен топтарға жалпы білім мен тәрбиелеу үдерісін қалай жақсартуға болатынын атап өткенін ескеріп мен осындай ойға келдім. Сауалнама паралель оқитын 7-сынып оқитын 20 оқушыдан алынды. Сауалнама 18 сұрақтан тұрады. Сауалнама алу барысында негізгі мақсат мектепте жүріп жатқан оқу үдерісіне оқушылардың көзқарасы мен пікірін білу болатын. Бұл сауалнама нәтижесі бойынша да мені мазалаған сұрақтардың бірнешеуін атап кеткім келіп отыр. Мысалы №8 сұрақ «Мұғалімнің сабақ түсіндіруіне қанағаттанбай тақырыпты ашуда басқа жол іздейсіз бе?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардың 50% сирек деп жауап берсе, 30% кейде деп жауап берді. Бұл жауаптан байқайтынымыз, оқушылар мұғалім сабақ барысында берген білімімен қанағаттанып, өздігінен іздену, зерттеу жұмыстары дұрыс жолға қойылмағанын көруге болады. Қазіргі технологиялардың қарқынды даму заманында оқушыларға болашақ өмірінде аса қажет болатын дағдының бірі бұл өздігінен білім алу мен бойында зерттеушілік қабілетінің болуы деп ойлаймын. Өйткені жылдам өзгеріп отырған әлемде артта қалып кетпей, әлемде болып жатқан өзгерістерге қарай өз-өзін реттеу дағдысы осы қабілеттердің болуына негізделген. Сонымен бірге №3 cұрақ мәтіні мынандай болатын «Сіз оқитын сыныпта мұғалім тарапынан өз бетіңнен білім алу қолдау таба ма?» Бұл сұрақ нәттижесі де үлкен ойға қалдыратындай болып шықты. Себебі бұл сұрақ нәтижесі бойынша сауалнама алуға қатысқан оқушылардың 40% сирек деп жауап берсе, 35% кейде деп жауап берді. Бұл жерде де байқайтынымыз мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс орнатылмай, мұғалімдер тек білімді жаттанды түрде беруші, ал оқушылар сол білімді тек жаттанды түрде қабылдаушы болып отырғаны көрінеді. Әрине, мен бұл жерде мектеп оқушылары мұғалімдердің олқылықтарынан білімсіз болып қалды деп айтайын деп отырғам жоқ. Білімді де білікті ұстаздар мектепте, әрине, жетерлік. Бірақ білімді жаттанды түрде қабылдау -бұл үлкен қателік. Себебі жаттанды түрде қабылданған білімді оқушы болашақ өмірінде қолайлы етіп пайдалануға қауқарсыз. Дәл осы жерде біздің мектепте орын алған бір жайтты мысалға келтіруіме болады. Өткен оқу жылында мектебіміздің Е есімді оқушысы мектепті бітірген болатын. Осы бала оқу барысында өте жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Алайда Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында ол шектеулі орта баллдан аса алмай қалды. Бұл орын алған жағдай туралы себебін өзінен сұрағанымда, оқушы емтихан барысында қатты сасып, абдырып қалғанын айтты. Міне, осы жағдайдың өзі оқушылардың қанша жерден білімді бола тұра алған білімдерін өмірде қолдана аламайтынына дәлел.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz