№19 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиядағы 12 жылдық білімге көшу экспериментінің нәтижелері

D:\Суреттер бастауыш\3x4\11.jpg 12 жылдық білім беруге көшудегі эксперименттік жұмыстың нәтижелігі

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі 80% астам елдерінде қолданылады, себебі білім беру қызметіне жаңаша қарау, жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалау, оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерін, нысандарын іздестіру талап етілуде. Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы мақсат аясында бүгінде мектеп әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, құзыретті, ой-өрісі кең, еркін әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын, креативті, белсенді, жауапкершілігі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы басым тұлға ретінде тәрбиелеуге, ал педагог баланың бойынан өзіне тән нәрселерді тауып, оның құзыреттілігінің дамытылуына көмек беруге бет бұрғандығы бәрімізге мәлім. Осы негізде 12 жылдық білімге көшу бұл:

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

- өзін-өзі дамытуға;

- өз ойын еркін айта білуге;

- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

- жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.

Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міндеттері:

  • 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.
  • осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу аясында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2003 жылғы тамыздағы № 538 бұйрығына сәйкес Талдықорған қаласындағы М. Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясында 12 жылдық эксперимент алаңы ашылып, 2003-2004 оқу жылы 12 жылдық білім беру негізінде екі бірінші сынып эксперментке алынды. (Слайд)

Эксперимент жұмысын жүзеге асыру мақсатында шығармашылық топ құрылып, жұмыс жүйесі жасалды.

Осы мақсатта біздің М. Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиысында эксперимент сыныптар

2003-2004 оқу жылы 2 сынып

2004-2005 оқу жылы 1 сынып

2005-2006 оқу жылы 1 сынып

2006-2007 оқу жылы 1 сынып қабылданып, эксперимент жүргізілуде.

Қазіргі таңда мектебімізде 4 эксперименттік сынып бар, 8-9-10-11 сыныптар.

Эксперименттік сыныптарға арналған байқау оқулықтары «Алматыкітап» баспасының оқулықтарымен оқытылып, әр пәнге тоқсан сайын сараптамалар жазылып, 12 жылдық білім беру ғылыми практикалық орталыққа жіберіліп отырды.

Ал 2006-2007 оқу жылы 6 жастағы 25 оқушы эксперименттік 1 сынып ата-аналар тарапынан қолдау тауып, мектепке қабылданды. . Алғашқы бірінші сынып оқушыларының дайындық деңгейін анықтау мақсатында педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмысы жүргізілді.

Зерттеу жұмыстары мынандай 3 бағыттарда жүргізілді:

  • Медициналық аспект
  • Әлеуметтік аспект
  • Психологиялық аспект

Жүргізілген жұмыстардың мониторингі мынандай бағыттарды жүргізілді:

  • Сынып оқушыларының білімін оқу -аралық бақылау
  • Дәрігерлік -физиологиялық
  • Психологиялық-педагогикалық
  • Әлеуметтік

Эксперимент және бақылау сыныптарындағы балалардың мектепке бейімделуі себебінен денсаулығында а уытқушылықтың жоқтығы ба йқал ды.

Психологиялық қызмет екі бағытта жүргізілді.

  1. оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері н зерттеу, психологиялық мониторинг жүргізу.
  2. Коорекциялық (түзету) жұмысы

Зерттеу жұмыстары арнайы әдістемелер бойынша жүргізілді:

-диагностика (тест, сауалнамалар)

- бақылау ( сабақ және үзілісте)

- әңгіме (баламен, ана-анамен)

Дамыту ойындары арқылы жүргізілді.

Зерттеу жұмысы нәтижелі және жүйелі түрде болу үшін эксперименттік сыныппен қатар бақылаушы 7 жасар 1 сыныппен де жұмыстар жүргізілді. Алты жастағы оқушылардың 7 жастағы оқушылармен салыстырғанда төмендегідей психологиялық ерекшеліктері байқалды.

  • Қол-саусақ моторикасының әлі де толық дамымағандығы;
  • Координаталық қимыл -қозғалыстары жетілмегендігі
  • Логикалық ойлау қабілеттері, қиялының орташа болуы
  • Зейіндері тұрақсыз, ауыспалы болуы.

Осындай зерттеу барысында байқалған ерекшеліктерді толықтыру мақсатында дамытушылық жұмыстар ұйымдастырылып отырды.

Дамытушылық тренинг жаттығулары оқушылардың зейінін арттыру, сөздік қорын молайту, қол-саусақ моторикасының дамып жетілдіру мақсатында жүрді. Педагогикалық-психологиялық жұмыстар оқу жылы басында біршеше рет өткізілді, қорытындысы бақылаушы сынып қорытындысымен салыстырылды. Оқу жылының соңында барлық жүргізілген диагностика нәтижесі алты және жеті жасар оқушы арасында үлкен айырмашылық байқалмайтынын, баланы алты жастан мектепке қабылдауға болатынын көрсетті. Республикалық ғылыми орталықтан жіберілген әдістемелік құжаттармен танысып, берілген тапсырмаларды дер кезінде ұйымдастырып отырдық. Мектебімізде ұйымдастыру жұмысы кезінде әр отбасымен танысып, ана-аналардан сауалнамалар алынып, баланың психо-физиологиялық дамуы анықталды. 6 жасар балаларға арналған кабинет, ойын кабинеттері ұйымдастарылды.

Әр оқу жылында жарты жылдық бойынша бастауыш мектептегі оқыту мазмұнының игерілуін анықтау мақсатында эксперименттік және бақылау сыныптарында психологиялық-педагогикалық диагностика жинағын толтырдық, онда білім алушылардың қозғалыс есебі, денсаулығы жайлы мәліметтер, ыстық тамақпен қамтылуы және оқушылардың психикалық қалыптасу еаекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі әдістеме түрлері және оқушылардың пәндер бойынша білім деңгейлерін анықтау мақсатында бақылау жұмыстары алынып. қорытындысы мониторингі шығарылып отырды. Республикалық ғылыми практикалық орталыққа жіберіліп отырды.

Эксперимент сынып пен бақылау сыныбының білім сапасының мониторинг көрсеткіші төмендегідей:

2009-2010 жылы сыныбым I саты бастауыш білм алуды аяқтап, қазігі кезде

II саты негізгі білім алуда.


Ұқсас жұмыстар
12 жылдық жалпы орта білімге көшу: №1 орта мектептегі эксперименттік іс-әрекеттерді ұйымдастыру
12 жылдық жалпы орта білімге көшу: мұғалімнің кәсіби рөлі мен дайындық талаптары
12 жылдық білімге көшу жағдайында жаңа мұғалімнің кәсіби бейнесі мен даярлау шаралары
12 жылдық білімге көшу: Заманауи мектептегі заманауи сабақ шебер-сынып фестивалінің қорытындысы және үздік тәжірибелері
12 жылдық білімге көшу кезеңіндегі бастауыш сынып оқыту мазмұны: қазіргі жағдайы мен шығармашылық қабілеттерді дамыту
Оқжетпес орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 12 жылдық білім беру экспериментінің оқу-әдістемелік жұмысы
№213 Қыркеңсе орта мектебінің тәжірибесі: ұстаздарды қайта даярлау және 12 жылдық білім жүйесіне көшу талаптары
Жаһандық тәжірибе негізінде Қазақстан мектеп білімін реформалау: дифференциация, педагогтардың біліктілігі және 12 жылдық жүйеге көшу
Он екі жылдық білімге көшу кезеңіндегі бастауыш сыныптарды инновациялық деңгейлеп-саралап оқыту
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу: мақсаттары, мазмұны және бастауыш білімдегі инновациялық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz