Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдебиет сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Әдебиет сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Әдебиет пәні - тарихымыздағы ұлы оқиғалардың көркем шежіресі. Әдебиет- адам баласымен бірге жасап, оларға рухани күш беріп, бірге дамып, өсіп келе жатқан өнердің бір түрі.
Қазақ әдебиеті сабағының басты мақсаты- оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, өз елінің тарихымен таныстыру, өз ұлтының ақын- жазушыларының өмірі мен шығармашылығын паш ету.
Қазақстан Республикасының дербес мемлекет болып әлемдік кеңістікте нығая түсуі еліміздегі білім беру саласында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға бағытталған бетбұрыстары талап етіп отырғаны белгілі.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасы бірден мұғалімнің парасаттылығына, біліміне, өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты.Қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.
Ақпараттық технологияның негізгі талабы-жас ұрпаққа қоғамға лайықты ақпараттық білім негіздерін бере отырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы: <<Шәкірттері жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек>>- деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, өзінің табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады. Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай 21 ғасырдағы ақпараттық технология арқылы үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ.
21 ғасырдағы ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Қазақ әдебиетін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Оқушылар Word, Power Point, Excel, Актив студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің комегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Қазақ әдебиеті сабағында компьютерді қолдану мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық технологияны қолдана бастадық. Ақпараттық технологияның маңыздылығы - оқушылардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл технология бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы технология белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан ақпараттық технология арқылы іске асырылады.
Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады.Осы технолгияның тағы бір тиімді белгілерінің бірі - оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Орта мектепте Абайдың қара сөздерін оқытуда интерактивті тақта арқылы слайттарды рет-ретімен көрсеткен жөн.
1-слайд. Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға қысқаша ғана <<Абай>> бейнефильмінен үзінді көрсету.Абай қара сөздерінің қайсысы болса да сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір қара сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.
2-слайд. Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған қара сөздерін топтастырып интерактивті тақтадан көрсету.

халық өмірі этика мораль

Абай қара сөздері
өнер дін

адам ,тұлға

мақал - мәтелдер би - болыстарды сынау
ғылым

3-слайд. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа бір-бір қара сөзден беру.
І топ: <<Бесінші сөз>>
ІІ топ: <<Жетінші сөз>>
ІІІ топ: <<Он жетінші сөз>>
1. Осы қара сөзде автор не айтпақшы болған?
2. Негізгі тақырыбы қандай?
3. Өз пікіріңіз қандай? /Көзқарасы/ Егер автор орнында болсаңыз, осы сөзді қалай жазар едіңіз.?
4. Алып-қосарыңыз бар ма? Осындай сұрақтар арқылы Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік,т.б. жөніндегі пікірлері оның ағартушылық, демократтық көзқарасын жан-жақты аша түседі.
Ақпараттық технология әдісі ХХ - ғасырдың технологиясына кіріп,
басқа елдерде бұрыннан қолданылса да, біздің елде тек соңғы жылдарда ғана қолданылуда. Сондықтан бұл әдісті қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттырады. Ақпараттық технологияның басты мақсаты - тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Әдебиет сабағында түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты. Сондай-ақ инновациялық технологиямен сабақ өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге,яғни, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға, ұлттық сипаттағы жеке тұлғаны қалыптастыруға болатындығын тәжірибе көрсетіп келеді.

Ұқсас жұмыстар
Физикада инновациялық технологияны пайдалау
Әдістемелік құрал
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану өзектілігі
Алған білімді жүйелеу
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Ақпараттық технологияларды физиканы оқыту үрдісінде пайдалану - сапалы білім негізі
Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту
Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үрдісі
Физика сабағында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану
Пәндер