Қанның артериялық қысымы. қанның тамырлармен қозғалысы

Cабақ тақырыбы: Қанның артериялық қысымы.
Қанның тамырлармен қозғалысы.
Сабақ мақсаты: Қан айналым жүйесі бойынша білімдерін толықтыру.
Білімділік: Қанның артериялық қысымын, қанның тамырлармен қозғалуын түсіндіру. Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеуді үйрету.
Дамытушылық: Жүрек қантамырлар жүйесі бойынша білімдерін дамыта, тамырдың соғуы туралы зертханалық-ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауын, бірінші байлық-денсаулық екендігі туралы терең түсінік беру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ:
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-зертханалық.
Көрнекіліктер: суреттер, тонометр, секундомер. Компьтерлік слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин.
-Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы І Қызығушылықты ояту. 7 мин.
- Венн диаграммасы:« Кіші және үлкен қанайналым шеңберлерін салыстыру»
Айыр машы
лығы
Ұқсас
тығы
ІІІ Жаңа тақырып: 25 мин.
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.
- дей отырып біз жаңа тақырыпқа көшейік.
Жоспар:
- Қанның артериялық қысымы:
- Қанның тамырлармен қозғалуы.
- Зертханалық жұмыс № 9 «Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін қан тамырдың соғуын есептеу».
ІІ « Мағынаны ажырату» кезеңінде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып, кластер құрады. 10 мин оқу. Кесте толтыру 15 мин.
ІІІ «Ой толғаныс» кезеңі өздері зерттеу нәтижесін дәптерлеріне жазады.
№9 зертханалық жұмыс.
Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу.
Керекті құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер.
Жұмыс мақсаты:
- Тамырдың соғуын есептеуге үйрену.
- Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрену. Оның әр түрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.
Жұмыс реті:
- Оқулықтағы §39- ды оқыңдар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырдың соғуы дегеніміз не? Оны қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатыны түсіндіріңдер.
- Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеуді үреніңдер.
- 1 минуттағы: а) отырып, ә) тұрып, б) 10 рет отырып, тұрғаннан кейінгі тамырдың соққысын санаңдар.
Есеп беру тапсырмасы.
- Дәптерлеріңе тамырдың соғуы, тамыр соғу жиілігі туралы жазыңдар.
- Дәптеріңе кестені толтырыңдар.
Әр түрлі бұлшық ет жүктемесі кезіндегі тамырдың соғуының өзгеруі.
1 минуттағы тамыр соққысының саны:
- Алған нәтижелерді салыстырыңдар. Өз жүректеріңнің тыныштық және жүктеме түскен кездегі жұмысы туралы қорытынды жасаңдар.
ІV Қорытынды: Блум таксономиясы:
- Соғады күні-түні алмай тыным.
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің.
(Жүрек)
- Қан айналым мүшелерін ата. ( Жүрек, қантамырлар)
- Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, оң жақ жүрекшеге қозғалуы қан айналымның қай шеңбері?(Үлкен)
- Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге, одан сол жақ жұрекшеге қозғалуы қанайналымның қай шеңбері?(Кіші)
- Капилляр тамырларының қосылған жерлерін қалай атаймыз? (Артериола, Венула)
- Артериялық қысым қай кезде ең көп болады? (қарынша жиырылғанда)
- Қан қысым неде жоғары? (артериада)
- Қан ағысының жылдамдығы неде жоғары?(қолқада)
- Тамырдың соғуы дегеніміз не? (артерия қабырғасының ырғақты тербелісі. )
- Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығы (0, 5 мм/с)
«Ақша жоғалтсаң - ешеңеде жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң - бәрін жоғалтқаның» - демекші оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайды қарамауын, бірінші байлық - денсаулық екендігі туралы терең түсінік берілді.
Қосымша деректер: а) Қан топтары. Қан мен мінез. Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтау.
Бірінші топ- қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл - сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.
Екінші топ- сезімтал, сәл нәрседен көңлң қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады.
Үшінші топ- секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады.
Төртінші топ- көздеген мақсатына жетуге жан- тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.
б) Қан туралы ертедегі түсінік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz