Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жасушаның тіршілігін жоюы

1-желтоқсаннан бастан Бүкілдүниежүзілік СПИД індетіне қарсы күрес айлығы.
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын
кәсіби мектеп - гимназиясының
биология пәні мұғалімі Хоршат А.

Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХI ғасырдың обасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Әлемдік медицина таңғажайып вакцина іздестіруде, дегенмен әзірше тек қана белгілерімен ған күресуде. Бұл індетке тәуекел топ 15-49 жас аралығындағы жастарды енгізіп отыр.
СПИД және оның қоздырғышының ашылу тарихы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен жасуша жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа жасушаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4+ Т жасушаларын, макрофагтармен дендриттерді зақымдап, ақырындап олардың тіршілігін жоя бастайды. Бұл жасушалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие жасушалар. Қазіргі уақытта олардың тіршілігін жоюы үш факторға байланысты.
1. Вирустардың жасушаларды тікелей бұзуы.
2. Жасушаның тіршілігін жоюы.
3. Вирус жұққан жасушаларды СД4+Т лимфоциттердің жоюы.
Иммунтапшылығы вирусы жұққан сәттен бастап СПИД-тің даму мерзімі ешқандай емдеу шаралары жүргізілмесе жасырын шамамен 9-11 жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
Инфекцияның берілу жолдары.
Инфекция тек қана - қан, ұрықтық сұйық, қынап бөліндісі, ана сүті арқылы жұғады, ал сілекейде, көз жасында, жұлын сұйықтығында вирус шоғырлануы төмен дәрежеде болғандықтан жұқтыруға жеткіліксіз болады. Негізгі жұғу жолдары:
oo жыныстық қатынас арқылы;
oo қан арқылы (әртүрлі иньекция жасағанда бір инені пайдаланғанда)
oo анасынан іштегі ұрыққа және емшектегі балаға ана сүті арқылы беріледі.
СПИД-пен ауыратындардың көпшілігі, яғни 80%- ы жыныстық қатынас арқылы жұқтырады. Қалған 20 %- ы қан арқылы беріледі, бірақ соңғы кезде балалардың осы жаман дертпен ауыратындығы көптеп анықталуда, оның себебі ауру анадан іштегі немесе емшектегі баласына берілетіндігінен.

Аурудың негізгі белгілері:

Вирус жұққан адамдардың 35-50%-ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. СПИД немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгілері болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең - бастапқы АИВ-инфекция) 2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін.

СПИД-тен сақтану жолдары.

-- Салауатты, әдепті өмір сүру;
-- Дұрыс жыныстық тәрбие беру. Кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын СПИД жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтін. (1989) айтуы бойынша, <<Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөклелік -- СПИД вирусын жұқтыру кепілі>>);
-- Стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
-- әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
-- Презервативті дұрыс пайдалану (ол СПИД -тен қорғайды);
-- Қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);
-- маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
-- СПИД вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

Ұқсас жұмыстар
Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Жасуша тарауын жұмбақпен қорытындылау 6-сынып
Жануар жасушасы
Компьютерлік және биологиялық вирустар
Аналық жыныс жасушалары
Цитология және оның органоидтары
Тіршілік ету ортасы
Ішекқуыстылар сұрақтары
Жасуша органоидтары, омж, қмж. 8-сынып
Сабақ жоспарының шаблоны
Пәндер