Топтарда өзара бағалау

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің ІІ-деңгейлі сертификатталушы информатика пәнінің мұғалімі Бабаниязов Жанат Садуакасович
Іс-әрекетті зерттеу тақырыбы: «Блумға негізделген түрткілер арқылы оқушылардың ойлау деңгейін арттыру».
Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,
Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса
А. Байтұрсынов.
Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұнын модернизациялау: жаңа перспективалар, жаңа мүмкіндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы мұғалімге жаңа талаптар қояды.
Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек? Әлбетте, бұл сұраққа бірден жауап беру қиын. Бұл оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге сай, әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал ететін, оқушылардың бойына еркіндік, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетіндей жағдай жасау, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын, пәндерді зерделеуге түрткіні арттыратын, олардың жеке бейімдіктері мен дарын нышандарын ұштай алатын, ынталандыра алатын адам.
Жылдам өзеріп отырған заманда алынған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін өзі іске асыруға, өзін өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру мақсатында Кембридж бағдарламасын оқуға, жаңашыл әдістер меңгеруге толыққанды қызығушылығым оянды. Ол үшін не істеу керек және қалай істеймін деген өзіме сауалдардар қоя отырып, нәтижесінде екінші деңгей бағдарламасын меңгеру қажеттілігі және бағдарламаның негізінде болашаққа жоспар құруды көздедім.
Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы, білім беру жүйесінің басшы және ғылыми орталығына келіп екінші негізгі деңгейлі бағдарламаны меңгерту курсына оқыдым. Бір ай бірінші бетпе бет кезеңін аяқтап, өзім қызмет етіп жүрген мектебіме бес апталық мерзімде тәжірибеден өтуге келдім.
Алғашқы күні мектеп басшымен және мектеп әкімшілігімен кездесіп, өзім оқып келген, екінші деңгей бағдарламасы жөнінде мәлімдеме беріп, ең басты міндетім бір сыныпты зерттеуге алуым қажет екенін мектеп директорына сөз барысында айтып өттім.
Зерттеу сыныбын алмас бұрын, зерттелгелі отырған сыныптын бірнеше сабақтарына қатысып оқушылардың жай күйін, дәстүрлі сабақтағы ой толғанысын, сөз сөйлеу мәнерін сабақ барысында қадағалап, нәтижесінде сыныптағы оқушылардың дәстүрлі сабақтарда тақырыпты жеткізу деңгейінің төмендігі, ойлау деңгейінін белгілі бір сатыдан аспауы, сабақ бойы жиаған ақпараттарын сипаттап айту дағдылары төмен екенін анғардым, алдағы уақытта тәжіриебем барысында үлкен еңбек керек екенін түсіндім.
Қандайда бір жұмыстың нәтижелілігі, aлдымен жоспардың мазмұнды, жүйелі құрылуында деп eсептеуге болады. Өйткені жақсы oйланып құрылған жоспар - oл жартылай біткен іспен тең. Oсы келе жатқан жолдың тек қазіргі жеткен бөлігін ғана eмес, aлдағы бөлігінде, қайда aпаратынын да көре aлатындай болуы керек, - деген cөзді басшылыққа aла oтырып, курс мазмұнын тұтастай ой елегінен өткіздім. Oсы курстың қандай нәтижесі болады? Aлдыма келген oқушылар нені меңгереді? Yйренгендерін қалай қолдана aлуы мүмкін? деп болжамдар жасап, пәннің орта мерзімді жоспарын жасап, қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақтарымды өткізуді бастадым.
Әр тақырыпты жоспарлағанда не үшін oқыту керек және нені білуі керек?
Қалай oқыту керек? Өз еркімен ойлануда не көмектесе алады? Hәтижесін қалай тексеруге болады? деген cұрақтарға жауап беруді басшылыққа aлдым.
Mектепте oқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нысаны cабақ болса, cабақтың нәтижелі болуына ықпал eтетін нұсқа - cол мақсатқа жететін міндеттері. Бұлай болуы неліктен, бұны қалай өзгертуге болады?
Білімнің жаңашыл бағытын жүзеге aсыру үшін жеті модульді игердік. Cолардың ішіндегі менің жұмыс жасау тәсілім үшін маңыздысы сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану модульдеріне жақын болды. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын міндетті тапсырмалардың бірі іс-әрекетті зерттеу жүргізу жұмысы. Бұл зерттеудің нысаны сабақ беретін сынып оқушылары үшін, жалпы мектеп үшін, ортақ шешімін таба алмай жүрген проблема болуы тиіс. Мектептегі тәжіриебе барысында осы проблеманы шешу жолдары дұрыс таңдалынып жатыр ма деген ойлар мазалады. Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі меңгерген теориялық білімім өзімнің проблемамды шешу жолдарына басқа көзқараспен қарауыма себепші болды. Өйткені бұндай проблема бір сыныптың ғана емес, мектептің де жұмысының алға жүруі үшін қойылған маңызды мәселелердің бірі екендігі белгілі.
Мұғалімнің қолданған әдіс тәсілдерімен оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелуіндегі маңыздылығын түсіне отырып, іс-әрекетті зерттеу тақырыбымды «Блумға негізделген түрткілер арқылы оқушылардың ойлау деңгейін арттыру» деп алдым. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда оқушылардың ойлау деңгейіне шектеулер қойылған тәрізді. Бұл сабақ жоспарымен сыни ойлауға, диалогтық әңгіме құруға, Мерсердің үш әңгімесі деңгейінде оқушылар ойын еркін жеткізіп көбірек алға жылжушылық болатындығы белгілі. Сондықтан да осы проблемадан шығатын жолдың бірін, мүмкін оқушы өзін-өзі ретке келтіруді басты мақсат етіп қойса, тапсырмаларды терең ойланып шығаруда табысқа жететін болар деген ой болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды терең ойлану арқылы өзін-өзі реттеуі іске аса ма? - деген сауал да көкейімде тұрды. Түрткі сұрақтарына қаншалықты түсінеді, түрткінің әсері дәстүрлі сабақтағы болмысын өзгерте ала ма екен деген оймен зерттеу тақырыбыма мақсат қойдым.
Зерттеу тақырыбымның мақсаты: Түрткі арқылы оқушыларға ой салып, еркін сөйлеуге дағдыландыру. Оқушыны өз пікірінің құнды екендігіне сендіру.
Зерттеудің міндеттері:
Топ құра отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату;
Түрткі сұрақтарын ойлану деңгейіне сәйкестендіріп құру;
Оқушының пікірін тыңдау, оқушы үнін ескеру;
Табыс критерийлерін анықтау;
Тапсырманы орындауда әр оқушыны жеке, жұптық, топтық тұмыстарда бақылау;
АКТ-ны сабақта тиімді қолдануын ескеру;
Кері байланыс алу.
Бағалау парағын толтыруда нақты, әділ баға қоюын ескеру.
Зерттеуден күтілетін нәтиже:
Топта ынтымақтастықпен, бірлесе жұмыс жасауда жылылық орнайды, оқушылардың әлеуметтенуі күшейеді;
Түрткі сұрақтарына жауап беруде оқушылардың сөйлеу дағдылары артады;
Табыс критеийін қолдана алады, ойын жеткізе біледі;
АКТ-ны сабақта тиімді қолдану арқылы ақпараттық сауаттылығы артады;
Сабақта кері байланыс жасай біледі;
Өзін-өзі, жұптық, топтық бағалау деңгейлерін меңгереді.
Екінші деңгейлі білім жетілдіру курсына бармас бұрын менің сабақтарым дәстүрлі түрде өтетін. Бұрынғы дәстүрлі сабақта оқушыларға сабақ үйрету барысында көбіне білу, түсіну деңгейімен жабық сұрақ көлемінде ғана өтетіндіктен оқушыларыма өз ойымен, өз пікірімен санасуға мүмкіндік туғызбайтындығым -өзімнің қателігімді аңғардым. Бұл жаңаша әдіске құрылған тапсырмада мен күнделікті жабық сұрақтарды одан әрі ашық сұрақтар көлемінде дамыта отырып, оқушылардың сыни ойлануына мүмкіндік жасадым.
Екінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төменгі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, өзгеше тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағыттап: Біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана- Біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тарттым. Оппер мен Педдер (2010) зерттеген «Мұғалімдердің кәсіби оқуына септігін тигізетін және оқушылардың оқудағы нәтижелерін арттыратын алты факторды» басшылыққа ала отырып сегізінші сыныпта информатика пәнінен орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрып сабақ өткізуді бастадым.
Бірінші сабақ өткізбес алдында барлық сынып оқушыларынан социограмма алуды жөн көрдім. Социограмманы алған себебім, оқушылар өздері қалаған оқушы яғни достарының қасында отырса, сабаққа деген белсенділігі қалай болар екен? Кім-кіммен дос екендігін білгім келді. Социограмма негізінде оқушылардың қалауы бойынша, орындарын ауыстырып отырсам, бәлкім бір-біріне ашылып, сұхбаттасу, әр тапсырмаға талқылаулар жасайтын болар, сол іске ықпал жасалатын шығар, яғни сыныптың интерактивтік қарқыны қалай өзгеретіндігін байқайын деп түйіндеген болатынмын.
Менің зерттеуімдегі үш оқушы
Социограммадан алынған нәтижеге сүйеніп, диаграмма құра отырып салыстырмалы түрде қарадым,
осы А, В, С оқушыларын басқа оқушылармен қарым қатынасын байқадым. Социограмма нәтижесінде танымал оқушыларды, шеткері, сырт қалған оқушыларды байқадым. Диаграмма көрсеткішіне сүйенсек менің А -оқушым өте жақсы көрсетілім, ал В - оқушымды таңдағандары орташа, С оқушым аз мөлшерде көрінген. Мұндағы мақсатым: шет қалған, ортаға қосыла алмай, тұйықталып қалған оқушыларды анықтау болды, әрі сонымен қатар белсенді, танымал оқушыларды да білу еді. Бұл іс-әрекет менің топтастыруыма көмегін тигізетінін, пәнді игеруде топтың ықпалын арттыратынын білдім. Сыныптағы оқушылардың ішінде аты көп аталмай тысқары қалған
С оқушысы еді.
С оқушының сыныпта достары көп болмағанымен, ортаға тартылып тұратын, жақсылыққа жаны құмар, оқуға да өзіндік ынтасы бар оқушы болатын, тек жалғызсырағандықтан өзіне деген сенімі жоқ. С оқушысын топтық жұмысқа тартып, ынтымақтастыққа қалыптастыру мақсатында бұл оқушыны өзіме белгілеп алдым.
Осы сыныпты зерттеуде оқушылардың өз сыныбы, пән мұғалімдеріне деген көзқарастарын анықтау мақсатында тағы бір сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде нақты мәлімет алу үшін оқушылардан шынайы, әділ толтыруларын өтіндім.
Оқушылардың «Сынып мәдениеті» сауалнамасына берген жауап нәтижелері.
Сынып ұйымдастырыл
ған ба?
Сынып мәдениеті туралы берген оқушылардың жауабына қарап, жалпы сынып жағдайы жақсы, мұғалім оқушыларды тыңдай біледі, ұсынысына құлақ асады, сабаққа қызығушылықтары бар, өзін басқа оқушылардың қолдайтынына сенетін көзқарасты байқадым, яғни мұғалімге де, сыныптастарына да сенімі бар.
Зерттеуге алынған сыныбымда төрт сабақты бейнежазбаға және суретке түсірдім. Барлық сабақ бойынша деректер жинақтадым. Әр сабақтан соң бағалауды аяқтау мақсатында оқушыларыммен әңгімелесе отырып оқушыларымның ойларын білдім.
Джин Раддок (2004) «Оқушы үніне» көңіл аударудың сабақты игертуде тиімділігін айтады. «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты- қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. Осы сілтемеге сүйене отырып, әр оқушының пікірін жеке жеке бейнежазбаға түсіріп алдым. Қосымша1
Іс-тәжірибемде ең алғаш, өзгерткім келген дүние түрткі сұрақтарының әсерін білу, өйткені бұрын бұл оқушыларға түрткі сөзі бейтаныс еді.
Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшісімен ақылдаса отырып, өзімнің алған социограммам мен сұрақ-жауаптарымды, сауалнамамды тұжырымдап алдым. Сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен ортаға тартылуына қарай, сабақ үдерісіне белсенділік деңгейіне қарай таңдап алдым.
Тапсырмалардың барлығына белсене араласады, қызығушылықпен сауатты орындайды. Топты басқаруда ұйымшылдығы жоғары.
Пікірін ашық айта отырып, мұғалімге сұрақтар қойып отырады.
Дарынды, көшбасшы екенін сауалнама барысында айқындалды.
Алғаш сабақта оқушыларға бастапқы түсінік қалыптастыру мақсатында сұрақ-жауап алынды.
«Түрткі» деген сөзді қалай түсінеміз?
Қасындағы сыныптасынды бағалау мүмкіндігі берілсе қалай бағалар едіңіз? Неге көңіл бөлесіз?
Жеке, жұппен, топпен жұмыстын аражігін қалай ажыратуға болады?
1-сурет жеке жұмыс
2-сурет жұппен жұмыс
3-сурет топпен жұмыс
Әр оқушы берілген түрткі сұрақтары арқылы өз пікірлерін айту барысында олардың өзіндік дұрыс ойлары бар екенін білдім. А оқушысы түрткі сұрағына «Мен үшін тұрткі сұрағы сабақта бағыт-бағдар бере отырып ойлануымызға жағдай жасаушы құрал», «Егер маған сыныптас достарымды сабақ бойы бағалалау мүмкіндігі берілсе достыққа, сыныптасым екеніне қарамай нақты әділ баға қояр едім, оның әр тапсырманы ойланып айтуына, мысалдар келтіруіне, практикада қолдана алуына мән беремін».
В оқушысы «Түрткі сұрағы арқылы топпен ақылдасып жауап беруге мүмкіндік алу», «Бағалау мүмкіндігі берілсе, сол оқушыны жан жақты бақылап отырар едім. Тек біліміне ғана емес сабақтағы тәртібіне, жасаған іс-әрекетіне де баға қоямын». С оқушының берген жауабы «Түрткі сұрақтары мен үшін сабақ сұрау», «бағалау мүмкіндігі берілсе, сабақ айтқанына баға қоятын шығармын».
Бірінші сабағымда оқушыларға сыныптың «алтын ережесін» жасап алайық деп ұсыныс жасадым. Әр топтағы оқушылар өз топтарында ақылдаса келе, ортақ топ ережесін шығарды, топ ережелерінің сынып үшін аса қажетті тұстарын алып толық сынып ережесін жазып іліп қойдық.
Осыдан кейінгі әрекетім оқушыларға өткізгелі отырған сабағымның бұрынғы сабақтан ерекшеліктерін айтып өттім. Өйткені бұл сыныпта бұрын сонды Кембридж бағдарламасында сабақ өтілмегендіктен топтық жұмыс, түрткі тапсырмаларынан бейтаныс еді. Сыныптағы оқушылар алғашқы сабақтан бастап бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында «шаттық шеңберін» құрдық. Оқушылар бір біріне шарға тілектер жазу арқылы, қолдарын бір ортаға жинау арқылы алдағы сабақтарға сәттілік тілеп, жақсы білім көрсетулеріне уәделесті.
Бірінші сабағымда түрлі-түсті қаламдар арқылы сыныпты төрт топқа бөліп отырғыздым. Әр топтағы оқушылардын алдына бұл сабақ бойынша бағалау парағы болғандықтан барлық оқушы білу деңгейіндегі түрткі сұрақтарына көз жүгіртіп топпен жұмыла тапсырманы орындауға кірісті.
Білу деңгейінде оқушыларға сабақтың тақырыбын өздері анықтау мақсатында өткен сабақпен байланыстыра отырып ой салдым. «Мәтіндік процессорында орындалатын іс әрекеттерді» қайталай отырып жаңа тақырыптағы «Кесте» ұғымын ашу үшін тапсырма берілді. Топ басшысы болып сайланған А және В деңгейіндегі оқушы бұл сұрақтарды оқулықтан оқулары жөнінде өз топ мүшелеріне тапсырып және оқыған ақпараты төңірегінде түрлі сауалдар қоя отырып жан жақты талқылауды ұйымдастырды.
Нәтижесінде А оқушысы өз тобымен бірлесе құрған постердің көмегімен тақырыптың мәнін аша білді. Дегенмен оқушы өз тобындағы кейбір оқушылар бұл жұмысқа топ толық ат салыспағанын айтып реніш білдірді. В деңгейіндегі оқушым тапсырманы компьютердің көмегімен MS Excel бағдарламасын жүктеп, өмірмен байланыс жасап жауап берді. С деңгейіндегі оқушы еш нәрсеге мән бермегендей қалып танытып, бар ойы парта үстіндегі оқу құралдарында, әр нәрсеге шұқшия қадалып оқушының бар ойы басқа затта болғандай боп көрінді.
Осыны байқағандықтан С оқушының қасына барып оқушыға мынадай тапсырма бердім. «Қараңғы түнде бірнеше қабатты зәулім үйді сыртынан бақылап терезелерге көз салдың, үйдің ішіндегі жарықтар қосулы тұр» не байқадын түсінігінді бүгінгі тақырыппен байланыстыра айтып көрші деп сұрадым. Тапсырманы орындағанымен маған тапсыруға ұялшақтап берген сипаттамаларын қате деп қараған сияқты, себебі сабақтын соңында ғана тапсырды. Оқушының керемет ойы мені селт еткізді себебі оқушы зәулім үйлердегі терезелерді MS Excel-дің ұяшықтарына теңеп, кесте ұғымымен байланыстыра білген. С оқушымның берген жауабымнан байқағаным өз сөзімен, тіл байлығымен жеткізе алмаса да, оқушы сыни тұрғыда ойлана алады. Берілген ақпаратты салыстыра біледі, теңей алады.
Келесі сабағымда бұл С оқушымды өткен сабақта, талап парағын сабақтың соңында тапсырғандығынан көз жүгіртіп оқуыма уақыт жетпегендіктен сабақты бастамас бұрын С оқушымды бір марапаттап қойдым. Оқушымның көңіл-күйі жадырап, сыныптастарының алдында мақтанышын да жасыра алмады. Алғашқы сабақта кедергілер көп болды өзімде де, оқушыларымда да қобалжулар болды, топқа бөлген кездегі оқушылардың шуы, алдарындағы бағалау парақтарын түсінбеуі, бейнеқұрылғыға жалтақтап, топқа бөлген сәттен бастап өз достарын іздеп, сабаққа құлқы жоқ оқушыларды жақсы оқитын екпінді, үздік оқушылар өз топтарынан көргісі келмегенін сездім, өзім де сабақ қалай өтер екен, оқушыларым түрткі сұрақтарын түсінер ме екен деген ой мазалады. Сондықтан оқушыларды топқа бөлген кезде осы жағдайға көп мән бердім. Екінші сабағым сәуір айының он бірі күні «Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшықтың мазмұның көшіру» тақырыбында өтті. Бұл сабақтың білу параметрінде оқушыларға өткен тақырып бойынша «терминалогиялық сөздік» жаздыра отырып бастадым. А деңгейіндегі оқушым он екі сөз, В деңгейіндегі оқушым тоғыз сөз, С деңгейіндегі оқушы бес сөз жазған. Оқушылар түрткі сұрағында электрондық кестеге енгізілетін ақпарат түрлерін толық айтқанымен қалай енгіземіз, ненің көмегімен деген түрткіден туған сұрақтарда жартылай жауаптар берді. Оқушылар өздері топпен түрткідегі тақырыптарды бөліп алып топпен жұмыла ақылдаса отырып жан жақты айқындағысы келгенімен сөздік қорлары жетпей таяз ойлап келте қайырып отырды. Екінші сабағымның білу деңгейінде алдыңғы сабақтарға қараған оқушылардан жинақылық, ұжымшылдық қабілеттерін көрінді.
Әсіресе С оқушым кесте сызып өз ойын, А және В оқушылардын айтқан сөздерін жазып алып отырды. А және В оқушыларыма бұл тапсырма аса қиындық туғыза қоймады. Өткізілген үшінші және төртінші сабақтың білу деңгейінің түрткі тапсырмаларын ашқанда оқушыларымнан алдыңғы сабақтарға қарағанда әлдеқайда өзгешелік, дәлелдемелерге сүйене отырып айтатындығын байқадым. Бұған себеп оқушыларымның тапсырманы жарыса орындауы, терең ойлана отырып бір мәмлеге келуі тан қалдырды. А және В оқушыларым мәліметтердің графикалық түрге өзгеруін айқын дәлелдер келтіре отырып жеткіссе, С деңгейіндегі оқушым компьютерде электрондық оқулықтықпен жұмыстанды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz