Мұғалім - мектептің жүрегі: заманауи әдістеме мен оқушы дарындарын дамыту

Қайырлы күн, құрметті қазылар алқасы, құрметті әріптестер!

Мен - аудандық «Үздік әдіскер» байқауына қатысушы,

С. Жаңғабылов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі - Сисенбаева Ардақ Айтбайқызы.

«Маған жақсы мұғалім - бәрінен де қымбат, өйткені ол - мектептің жүрегі», -дейді Ыбырай Алтынсарин. Бүгінгі мектеп мұғалімі - заман талабына сай терең білімді, ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, оқытудың жаңа технологиясымен жұмыс жасай білетін, оқушының қабілеті мен дарынын дамыта отырып, ғылыми ізденіске баули білетін жаңашыл, жан-жақты тұлға.

Жүрек қағысының қалыпты болуы қантамырларының жұмысына байланысты. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста», -деген дана Абай данышпандығын тілге тиек етсем, мұғалімнің қызықты да қиын қызметінің жүйелі жүргізілуі - қантамырлары болса, мектеп жұмысының да жандануы - мектептің қалыпты жүрек қағысы дер едім.

  1. Ғаламның сан қилы сұрағын,

Атқарған білімнің бұлағын.

Ардақты мамандық иесі,

Мектептің жүрегі - мұғалім.

  1. Білімнің ордасы - тұрағым,

Білгізу, іздену - ұраным.

«Шәкіртім биікке шырқаса!», -

Деп тілеп әрдайым тұрамын.

«Мектеп - кеме, білім - теңіз». Мұғалім міндеті - білім теңізінің тереңінен маржан теру.

Маржаным - мамандығымның марапаттары, жиғаным - шәкіртімнің жетістігі мен жеңісі.

Арманы - асқақ, мақсаты - биік білім кемесімен жүзіп барамыз. Кеме капитаны - ұстаз. Бағытымыз - болашақ.


Ұқсас жұмыстар
Жаңа мектептегі заманауи мұғалім: зерттеушілік қызмет, кәсіби даму және оқушы шығармашылығын қалыптастыру
Заманауи сабақ талаптары мен озық педагогикалық технологиялар: жаңа тұрпатты мұғалім және оқушы құзыреттері
Үштік одақ: ата-ана, мұғалім және оқушы ынтымақтастығын дамыту
Ұстаз - мектептің жүрегі: тәрбие сағатының сценарийі мен педагогикалық маңызы
Мұғалім - мектеп жүрегі: педагогтарға арналған психогеометриялық тренинг жоспары
Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы: тренинг бағдарламасы мен психологиялық жаттығулары
Химия және биология пәндерінде мұғалім кәсібилігі: заманауи оқыту тәсілдері, диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
Критериалды бағалау: сапалы оқу мен оқушы құзыреттілігін дамыту
Оқушы мүддесіндегі отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы
Мектептегі әдістемелік комиссия жұмысының инновациялық моделі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігін арттыру арқылы білім сапасын жоғарылату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz