Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу
Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу
Мұғалім - үйретуші, ұйымдастырушы, тәлімгер, жетекші. Мен биылғы оқу жылынан бастап, мектептегі бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісімін. Осы жетекшілік жұмысымды бастар алдында
Бірлестік жетекшісінің жұмысын қалай бастаймын?
Жұмыс жоспарын жасақтауда қандай мәселелерді ескерген жөн?
Бұрын тікелей оқушымен жұмыс жүргізіп келген мұғаліммін. Бұдан былай бірлестік мұғалімдерімен әдіскерлік жұмысымды қандай бағытта жүргіземін деген сұрақтар мені қатты толғандырды.
Бірлестіктің өткен оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныса отырып, өзімнің әріптестерімнен, мұғалімдік жолдағы тәлімгерлерінен ақыл-кеңестер алып, жұмыс жоспарын жетілдірдім.
Бірлестікте 21 мұғалім бар.1-санатты мұғалімдер, 2-санатты мұғалімдер, санатсыздар мониторингісі. Осы мұғалімдерді санат, стаждарына қарай үш топқа бөлдім. <<Шыңдалу>> тобы - жоғарғы топ. Бұлар - үйретуші топ. <<Ізденіс>> тобы - ортаңғы топ. <<Талпыныс>> тобы - кіші топ. Бұл үш топ бір-бірімен тәжірибе алмасып, әр ай сайын, апталықтарда ашық сабақтар өткізіп тұрады. Жоспарға үш топқа апталықтар қойдым. Осы әуелден ізі бар бірлестіктің <<Талпыныс>>, <<Ізденіс>>, <<Шыңдалу>> шығармашылық топтарының жұмыстарын жалғастыруды, жандандыруды мақсат еттім. Сондықтан мұғалімдердің сабақтарына қатыса отырып, олардың сабақ процесінде жаңа педагогикалық технологияның қандай түрлерін қолданатынын сараладым. Өздерінің тәжірибесіне, жоспарлы жұмысына қандай әдіс-тәсілдердің тиімді екендігін жұмыс барысында сұхбаттасу, кеңесу, талдау арқылы білдім. Осыдан кейін <<Талпыныс>>, <<Ізденіс>>, <<Шыңдалу>> шығармашылық топтарындағы мұғалімдер туралы мәліметтерге мониторинг жасадым.
Әріптестердің жетістіктерін жинақтағанда бастауыш сынып оқушыларын ғылыми жұмыстарға баулу жағынан көрсеткішіміздің төмендігін байқадым. Басқа мектеп оқушыларының <<Зерде>>, <<Дарын>> ғылыми жоба жарыстарынан жүлделі орындарға қол жеткізіп жүргенін білеміз.
<<Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу>> деген өз ойымда жүрген өзекті педагокикалық мәселе туралы көңілге түйгендерімді қағаз бетіне түсірдім. Әрине, бұл туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Сонда да бұл-жауыр болған тақырып дей алмаймыз. Өйткені мұғалім оқушыны оқытып, тәрбиелей отырып, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білуі тиіс. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауы керек. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті дарындылықты ашу мұғалімнен талап етіледі. Дарынды баланы тәрбие мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Ең алдымен, баланың даму ерекшелігіне көңіл бөліп, сабақта мұғалім қазіргі заман талабына сай оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, жұптық, топтық, жеке жұмыстар жүргізу отырып, баланың өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру керек. Ондай бала жан-жағындағы жағдайларға, оқиғаларға бей-жай қарамайды. Ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Абай Құнанбайұлының <<Жетінші сөзінде>>: <<Жас бала ата-анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, екіншісі көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады,>>-дейді. Білімге, білуге құштар баланың бойындағы қабілет пен дарынды дамытуды кешікпей бастау- бастауыш сынып мұғаліміне үлкен міндет жүктейді. Күнделікті сабақта мұғалім балаға жаңа әлемді ашатындай жаңа мағлұматтар бере алады. Ол тағы да мұғалімнің шеберлігіне, білімділігіне байланысты. Әрбір жаңа сабақты мұғалім оқушының назарын аударып, оны ойландыратындай, ізденіске баулитындай сұрақтардан бастаса... Мәселен, <<Зат есім>>, <<Сын есім>>, <<Үстеу>>, <<Еліктеу сөз>> тағы да басқа тақырыптарды өтерде: <<есім>>, <<зат>>, <<сын>>, <<еліктеу>>, <<үстеу>> деген сөздердің мағынасы қандай, ол туралы не білесің?>> деген сұрақтар арқылы оқушыны ойландра отырып, білетінін тыңдап алып,мұғалім содан кейін толықтырса, бірте - бірте баланың ойлау қабілеті, ізденіс қабілетін дамыта аламыз.
3-сыныптың <<Ана тілі>> пәніндегі <<Арқарға үлкен мүйіз неге керек?>> тақырыбын өткенде, мәтіннің мазмұнымен таныстырғаннан кейін оған <<Арқар мүйізінің пайдасы>> туралы жазып келуге үйге тапсырма берсек, оқушы ізденеді. Тапсырманы орындау үшін қандай әдебиеттер, энциклопедиялар пайдалану керектігін мұғалім айтып жіберсе, оқушыны ізденушілікке, зерттеушілікке бағыттайтын алғашқы баспалдақ болар еді.
<<Құстар айтысы>> тақырыбын өткенде, құстарға қатысты ырым-тыйымдар туралы сұрау, не болмаса,оқулықтан тыс құстар туралы мәтіндер әкеліп, ішінен құстардың аттарын, мақал-мәтелдерді тапқызуға болады. Баланың ізденгіштігін дамыту үшін мұндай жұмыстарды үнемі орындатып отыру жақсы жетістікке әкеледі.
Б. майлиннің <<Жаңбыр>> өлеңін оқытқанда:
- Жаңбырдың пайдасы қандай?
- Жаңбыр қалай жауады?
- Жаңбырдан кейін неліктен кемпірқосақ шығады?
- Оның түстерінен не байқадың? - деген проблемалық сұрақтар қойып, оқушының өз ойын ашық айтуға мүмкіндік береміз.
С. Мұқановтың <<Жылқы>> шығармасын батырлар жырымен байланыста өткізіп, жылқы малының адамға пайдасы , ат әбзелдері туралы білетіндерін сұрап, бір ғана жылқы тақырыбының өзінен бірнеше оқушыға <<Жылқының пайдасы>>, <<Ат әбзелдері>>, <<Жылқы туралы мақал-мәтелдер>>, <<Батырлардың тұлпарлары>> тағы да басқа тақырыптар дайындап, мәліметтер тауып келуге тапсырма беруге болады. Кейін осы тақырыптарды кеңейтіп, ғылыми жұмысты жалғастырып жазуға болады.
<<Абай шаңырағы>> деп аталатын тақырыптағы <<шаңырақ>>, <<қара шаңырақ>> ұғымының қазақ тұрмысындағы маңызы, киіз үйдің құрылысы туралы оқушыға тереңірек мәлімет берсе, мұғалім оқушысын зерттеу жұмысына қызықтыра алады. <<Киіз үйдің құрылысы>>, <<Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары>> леген тақырыптарды математика пәнімен байланыста қарастырып, оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуға болады.
Зерртеу жұмыстарынсыз баланың қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен практиканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін жұмыс түрінің бірі - оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Қазіргі кезде бастауыш сыныптан бастап, баланы ғылыми жоба жұмысына тартып, зерттеушілік қабілетін дамытуымыз керек. Бірақ бастауыш сынып оқушысы өз бетінше ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын дамытып, ізденуге құштарлығын шыңдай түсе алады.
Осы орайда бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу жұмыстарын жетілдіру, дамыту үшін бірлестіктегі шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмын:
oo Күнделікті сабақ процесінде жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушының дарындылық қабілетін аша білу;
oo Дарынды оқушымен тұрақты жұмыс жүргізу;
oo Облыстың білім беру ұйымдары ішіндегі ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары шыққан мектептердің тәжірибелерімен танысу;
oo Оқушылардың ғылыми қоғамын құру;
oo Университетпен байланыс жасап, ғылыми жетекшілерден кеңес алу;
Ұстаз шәкіртін біліммен сусындатып қана қоймай, оған тәлім-тәрбие де беретін тұлға. Оқушымыз білім биігін бағындырсын,ғаламның ғылыми жаңлықтарын жасап, жетістікке жетсін, өркениет көшінің керуеніне ілессін, ең бастысы ана тілін ерекше құрметтейтін, халқын сүйетін патриот болып өссін!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz