Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Таңдау тестісі

Математика пәні бойынша сыныптардағы тест тапсырмаларының ролі

Тест (сынақ) -- психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" -- ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест -- адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тесттік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады
Жалпы орта білім беру мектептеріндегі математика курсы бойынша қандай да бір нақты тақырыпты немесе тарауды меңгерту үшін немесе оқушы білімдерін бағалау үшін әр түрлі тест тапсырмаларын пайдалану тиімді. Тестілерге оқушылардың математикалық дайындықтарын, репродуктивті білім деңгейлерін тексеретін тапсырмалар енгізілігені дұрыс.Яғни,тест пән бойынша оқушылардың білім мен шеберліктерінің қандай дәрежеде екендігін бағалайды. Тест оқушылардың білімдері бойынша нашар, орташа ,жақсы оқитын оқушылардың оқу жұмыстарына түзетулер жасауға мүмкіндік береді.Тест ұғым анықтамаларды, формулаларды , қасиеттерді, графиктерді, фигураларды (периметр, аудан, көлем және т.б.) , геометриялық денелдерді жете білуге көп көмегін тигізеді.
Тест құру кезінде оқулықтың тарауларының мазмұнын,оқу бағдарлмасының тақырыптарының маңыздылығын есте ұстау қажет. Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.
Тестің түрлері:
Сәйкестендіру тесті: мағынасы бір - бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына көп нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
4. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
5. Баламалы тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) <<ия>> немесе <<жоқ>> түрінде беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Енді , осы тақырыпқа байланысты тест түрлеріне тоқталайық.
Сәйкестендіру тесті: І түрі
Толық бұрыш
30°

110°
Сүйір бұрыш
2. 90°

Жазыңқы бұрыш

3.
::
360°
Доғал бұрыш
4.

Сәйкестендіру тесті. ІІ түрі
1) ( х² + 14 х - 2) ' -2 sin2x
2) ( х³ + 2) ' 18х5
3) (sin 3х) ' 2х + 14
4) ( cos 2x) ' 3х²
5) (2х ) ' 3cos3х
6) ( 3х6 + 2х) ' 1х

Таңдау тестісі: І түрі
Сыбайлас бұрыштың бірі 700 тең болса, екінші бұрыш неге тең?
А. 70º В. 110 С. 90º Д.120º
∟2 және ∟4 вертикаль бұрыштар. ∟2=45º болса, ∟4 неге тең?
А.450 В.90º С.155º Д.135º
таңдау тестісі ІІ түрі

1. Градустық өлшемі ----------------- - қа тең бұрыш тік бұрыш деп аталады.
2. Сүйір бұрыш тік бұрыштан ------------------------- болады.
3. Градустық өлшемі 90°-тан үлкен, бірақ 180°-тан кіші бұрыш ------------ деп аталады.
4. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі ------------------------ градусқа тең.
Толықтыру тестісі І Түрі

Толықтыру тестісі ІІ түрі
1 .Бір радиандык бұрыш деп . . . тен болатын доғамен керілген центрлік бұрышты атайды.
2. бұрышынын синусы деп . . . катынасын айтамыз.
3. Сүйір бұрыштын косинусы деп . . . катынасын атайды.
4. бүрышынын тангенсі деп . . . катынасын айтамыз.
5. бұрышынын котангенсі деп . . . катынасын айтамыз.

Жабық тест-сұрақ беріліп, жауабы оқушыдан күтіледі.
1.
(m+n)(m-n)
2.
(a-3)(3+a)
3.
(a-y)2

Еске түсіру тесті
1. Логарифмнің қасиеті бойынша дұрыс тепе-теңдікті тап?
А. log а хp = p log а хp-1 ; log (ху) = log х + log у; log а(х/у) = log ах - log ау
В. log а хp = p log а х; lg (ху) = lgх + lg у; log а(х/у) = log ах - log ау
С. log а хp = p log а х; logа (ху) = log ах + log ау; log а(х/у) = log ах - log ау
Д. log а хp = p log а х log (ху) = logх + log у; log а(х/у) = log ах - log ау
Е. lg хp = p lg х p logа (ху) = log ах + logа у; log а(х/у) = log ах - log ау
2. Жауап ретінде дұрыс тепе-теңдіктің нөмерін жаз?
1. log 5 25- log 5 х = 1- log 5 х
2. log у х + log у у= log у (х-у)
3. х log 5х +4 = 9
4. log х 18 = logх 6+ logх 12
А. 3 В. 2 С. 1 Д. 4 Е. ешқайсыда емес т.с.с

Тест -- оқушылардың білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге беретін тиімді жолдарының бірі. Өз заманының аса ойшылы, дүние жүзіне танымал, артына өшпес мұра қалдырған немістің атақты математигі Карл Гаусс <<Математика ғылымдардың патшасы>>, -- деп текке айтпаған. Олай болса математиканы оқыту, оған терең де сапалы білім беру -- әрбір ұстаздың міндеті.
Қорыта келгенде кез-келген сыныптан бастап оқушыларды тестке дайындау қажет. Әр сынып материалдарын жан -- жақты терең меңгертіп отырсақ, онда оқушыларымыз ҰБТ -- дай жоғары көрсеткішке жетер еді.

Ұқсас жұмыстар
Қиылысқан түзулер. перпендикуляр және көлбеу
Торричелли тәжірибесі
Берілген сандар қатарының медианасы. 6 сынып
Құпия сұрақ
Оқушылармен бейіналды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
6 санын қосу және азайту
Атом құрылысы.Элементар электр заряды
Трапецияға есептер шығару
Bde- дегі мәліметтер қоры қосымшасын құру компоненттері
Геометриялық және физикалық есептерде интегралды қолдану
Пәндер