Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа жылға жаңа кеп

Жаңа жылды қарсы алу кешінің жүрісі
Дауыс: - Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,
Әлдилеген әрқашанда ақ арман.
Білімімен озық үлгі көрсетіп
Бұл балалар, келеді 3 <<А>> сыныптан.
Қошемет, құрметті халайық!

Өзгелерден бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл жұлдыздар келеді 3 <<Б>> сыныптан.
<<Қуыршақтар театрынан>> көрініс
Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Аю: - Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Ортаңызға келіп тұрмын.
Қоян: - Ал, аю аға, бастайық,
Асықпайық, саспайық!
Аю: - Ендеше, қоян, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!
Ән: <<Шырша жыры>> (хор)
Қоян: - Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: - Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...
Қоян: - Я десейш-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш пайдаланғалы қашан?!
Аю: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба... ха-ха (күледі).
Қоян: - Хи-хи (күледі).
Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:
1,2,3,
Сиқырлы күш,
Мына екеуін лезде,
Өзгертші тез! - дейді де, балалардың арасына отырып алады.
Қоян: - Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой...

Аю: - Не, не, алжыған неме,
Жасыңа жетпей адасып,
Қалыпсың ғой шатасып.
Қоян: - Аю отыр еді партада
Екі қолы қалтада.
<<А>> дейді, <<б>> дейді,
<<Р>>-ға тілі келмейді.
Ой, ой, мен не деп кеттім..
Аю: - Жетер, енді, қоян,
Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды Аяз атаға тарту етеміз?
Қоян: - Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі шипалы.
Аю: - Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!
Қоян: - Жоқ, сәбіз!
Аю: - Жоқ, бал береміз!
Екеуі таласып төбелеседі. Сол кезде Ақшақар келеді де екеуін сиқырлап тастайды.
Ақшақар: Ақшақар келді міне, жеріңізге,
Тыныш өмір тілейді еліңізге,
Шаттық пен нұрға бөлеп үйіңізді
Жайғастым келіп міне, төріңізге.
- Ал, балалар,жаңа жыл құтты болсын! Маған дайындаған қандай сыйларыңыз бар?
Ән: Би:
Ақшақар: - Жаңа жылда мереке
Ойын күлкі асқақ ән.
Жаңа жылға жаңа кеп
Мерекені бастаған,
Қоян мен аюға не болған?
Шырша тойында ренжісіп төбелескендері несі? Жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алу керек.
Жылды қалай қарсы алсаң, сол жыл сондай көңілмен өтеді деген сөз бар емес пе? (балалар мыстан кемпірдің сиқырлағаны туралы айтады).
Мыстан кемпір: - Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен-өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Болмайды тара десем де, бәрібір ешкім тыңдамайды. Әрі сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.
Ақшақар: - Ендеше қоян мен аюға неге тидіңіз?
Мыстан кемпір: - Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?
Балалар: - Ия.Солай.
Мыстан кемпір: - Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.
Ақшақар: - Балалар, бүгін ешкімнің ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?
Балалар: -Иә. Солай.
Ақшақар: - Балалар, мынау не? Смайликтер. Алдағы жаңа жылды қандай көңілмен қарсы алмақпыз? Ендеше, осы смайликтердің ішінен таңдап алайық! Бұл бірінші тапсырма.
Мыстан кемпір: Оо, мыналарың керемет екен, маған ұнады. Менің де осындай көңіл-күйде болғым келеді.
Ақшақар: - Мыстан кемпір, енді аю мен қоянды ретке келтіріп, ормандарына жіберсек қалай болады?
Мыстан кемпір: - Ол үшін мына қоянның қолындағы <<Сәбіз>> сөзінен 4 сөз кім құрап береді? (сіз, біз, іс, із)
Мыстан кемпір: - Ал, енді, аюдың қолындағы <<бал>> сөзін пайдаланып ары қарай жалғастырып жаңа сөздер жасау керек. Қане, кімдер,тез-тез құраймыз. Мысалы: бала, балшық т.с.с (балапан, балақай, балақан, балтыр, балдыр, Балқаш, Балтық, балғын)
Мыстан кемпір : - Балалар, сендер, өз білімдеріңнің арқасында достарыңа көмек бердіңдер. Мен де сөзімде тұрып, мына екеуін сиқырдан босатайын:
1,2,3
Сиқырлы күш,
Екеуін қайтадан,
Қалпына келтір тез!
Қоян: - Алақай, алақай! Балалар, үлкен рахмет сендерге!
Думанды жалғастырайық!
Ортаға ескі жылды шақырайық!
Аю: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, "Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын" демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер "Ұлу" жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Ұлу жылы: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыз, Ақшақар!
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Елге олимпиадада жеңіс сыйладым, ЕХРО-2017 Астанамызда өтетін болды. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсыңдар. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2013 жылға аманат қылып қалдырамын.
Ақшақар: - Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар. Қабыл алыңыз!
Ән: Би:
Ескі жыл: - Рахмет,балалар! Ата-ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер! Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғо. Телефон соғып көрейінші.
Алло, Жылан жылы! Қайдасың?
Дауыс: - Бармын, бауырым, бармын!
Ескі жыл: - Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой.
Дауыс: - Ертіп аяз атаны
Жорғалап келем жорғалап,
Баршаңызға арналған
Сыйлықтарды дорбалап.
(Ескі жыл кетіп қалады.)
Ақшақар: - Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен жорғалап жылан жылымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Қоян: - Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аю: - Аяз ата келеді жаңа жылмен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Хормен: - Аяз ата, жаңа жыл! Аяз ата! Жаңа жыл!
Аяз ата: - Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Жаңа жыл: - Жыл иесі жылан болам ,
Мың шырайлы нұрға толам.
Ырыс, дәулет, несібенің,
Бақ - бастауы өзім болам.
Қоян: - Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр.
Ақшақар: Аяз - Ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата: Әрине, бір қап әкелдім. Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып береді?
Тақпақтар.
Би: Ән:
Қоян:- Балалар, жаңа жылға қандай тілектерің бар?
13-оқушы: - Қойнауы мұнай мен газға толы, Боранқұл елді мекені көркейсін.
14-оқушы: - Жаңа жылда бүкіл адамзат атаулы бақытты болсын.
15-оқушы: - Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз азаймасын!
16-оқушы: - Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
17-оқушы: - Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.
18-оқушы: - Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
19-оқушы: - Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
20-оқушы: - Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып қал! - деп ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулықты.
Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.
21-оқушы: - Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.
Ел тыныш, бала-шаға аман болып,
Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Жаңа жыл: - Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма?
- Қысы-жазы суға толы. Ол не?
Жалмауыз кемпір алдына шығып: - Мен білемін. Ол горшок !
Бәрі күледі.
Жаңа жыл: - Таппадың, ол құдық.
Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не?
Балалар: - Қоян.
Жаңа жыл: - Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл не?
Балалар: - Аю.
Ақшақар: - Ендеше, бүгінгі кешімізді жүргізуге көмектескен аю мен қоянға, мыстан кемпірге үлкен рахмет айтамыз! Келесі жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау-саламатта болайық! Осымен шырша тойы аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Кел, Жаңа жыл ортаға
Қош келдің, Жаңа жыл (ашық тәрбие сағаты)
Келді жылым бақытым, Кемелденді уақытым
Кел, Жаңа Жыл төріме ертеңгілігі
Кітап ханшайымы
Жаңа жыл құтты болсын!
жана жыл сценарий
Бастауышым шамшырақ-балғын бөбек балбұлақ
Рәміз - елдікті, тәуелсіздікті білдіретін белгі
Жаңа жыл туралы сценарий
Пәндер