2-сынып әдебиеттік оқу: Мұхтар Әуезовтың Әбілмансұр әңгімесі бойынша сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу

2 сынып

Мұхтар Әуезов: «Әбілмансұр».

Кулайша Райымбекқызы Утарбаева,

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Белбасар ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы

Сабақтың мақсаттары:

1. Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың шығармасымен таныстыра отырып, Абылай ханнның жас кезі туралы мағлұмат беру;

2. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, пікірлерін еркін айту және ізденушілік қабілеттерін дамыту;

3. Туған жерін, елін сүюге, ұлы тұлғалар өмірін біліп, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, портреттер, интерактивті тақта, экран слайдтар, семантикалық карта, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын қайталау.

«Үйшік» ертегісі (орыс ертегісі «Теремок» мультфильмінен үзінді)

- Ертегілердің қандай түрлері бар? (жан-жануарлар, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер)

Сызбамен жұмыс (слайдпен жұмыс)

«Үйшік» ертегісін рөлдерге бөліп оқыту.

«Адасқан сөздер» ойынын жүргізу.

Мақал-мәтелдерді жатқа сұрау.

Интерактивті тақта арқылы ертегіге байланысты суреттермен жұмыс.

Тақырыпқа сай салған суреттерін тексеру.

III Жаңа сабақ.

- Балалар біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (XXI ғ. )

- Біздің астанамыз қай қала? (Астана)

- Астана салуды армандап, арманы орындалмаған хан? (Абылай хан)

- Өте дұрыс балалар, ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз Абылай ханның жас кезі туралы болады. Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр».

Слайдтармен жұмыс.

1-слайд.

Мұхтар Әуезов (1897-1961ж. ж. ) - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ұлы Абайды бүкіл әлемге танытқан.

Әңгімені оқыту, мазмұнын ашу.

2-слайд:

Мәтінді бөлімдерге бөлу және әрқайсысына суреттермен талдау жасау:

Жетім баланың Сабалақ атануы.

Төле би мен Сабалақтың кездесуі.

Сабалақтың соғысқа аттануы.

Бөгенбай батырдың бата беруі.

Сабалақтың «Абылайлап» ұран салуы.

Әбілмансұрдың Абылай атануы.

Сергіту сәті.

IV Сабақты қорыту.

Топтастыру стратегиясы.

Әбілмансұр

Қазақ ханы Сабалақ

Ержүрек батыр Үш жүздің басын біріктірген

Саясаткер, елші Ақылды

Қазақ елін қорғаған

Семантикалық карта.

Жауаптар

Сұрақтар

Төле би
Әбілмансұр
Бөгенбай батыр
ЖауаптарСұрақтар: Абылайдың шын аты?
Төле би:
Әбілмансұр:
Бөгенбай батыр:
ЖауаптарСұрақтар: Абылайға бата берген кім?
Төле би:
Әбілмансұр:
Бөгенбай батыр:
ЖауаптарСұрақтар: «Бұл түбі ел билейді екен»-деген кімнің сөзі?
Төле би:
Әбілмансұр:
Бөгенбай батыр:

1. Бүгін нені үйрендіңдер?

2. Сабақ несімен қызықты болды?

3. Биыл Қазақ хандығының неше жылдығы?

4. Басқа қандай хандарды білесіңдер?

5. Қазақ хандығы қай өңірде құрылған?

V Үйге тапсырма.

1. Әңгімені мәнерлеп оқу.

2. Мазмұнын айта білу.

3. Батырлар туралы мақал-мәтелдер жинастыру.

VI Бағалау.

Бағалау экраны


Ұқсас жұмыстар
4-сынып. Әдебиеттік оқу: Мұхтар Әуезовтің Көксерек повесінен үзінді бойынша сабақ жоспары
Мұхтар Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі бойынша аралас сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: М. Әуезовтың Әке арманы шығармасын талдау
Ахмет Әуезовтың Жас Мұхтар әңгімесіне арналған ана тілі сабақ жоспары
4-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары: Мұхтар Әуезовтің Көксерек үзіндісі
2-сынып әдебиеттік оқу: Әнуарбек Дүйсенбиевтің Атай өлеңі бойынша сабақ жоспары
4 сынып: Әдебиеттік оқу сабағы - Марат Тоқашбаевтың Қармаққа түскен шағала әңгімесі бойынша сабақ жоспары
Мұхтар Әуезовтің Көксерек әңгімесіне арналған бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағы
2-сынып Әдебиеттік оқу: Қ. Рысбекұлының Бекзат мәтіні бойынша сабақ жоспары
Көктөбе мектебінің 2-сынып әдебиет пәнінен ашық сабағы: Тұрсын Жұртбайдың Қоңыр қозы шығармасы мен Мұхтар Әуезовтың балалық шағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz