Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құзыретті оқушы

Математика, физика, информатика комиссиясы
Шығармашыл топ
Комиссия мүшелері
Мақсат
Міндеттер
Интерактивті әдіс-тәсілдер
Құзыретті тұлға
Құзыретті оқушы
Құзыретті ұстаз
Математика, физика, информатика комиссиясы
Шығармашыл топ
Комиссия мүшелері
Мақсат
Міндеттер
Интерактивті әдіс-тәсілдер
Құзыретті тұлға
Құзыретті оқушы
Құзыретті ұстаз
<<Оқудағы білім сапасын арттыру және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруды>> жүзеге асырудағы әдістемелік комиссия жұмысының сызба нұсқасы.

Әдістемелік комиссия жұмысындағы негізгі бағыттар

Тақырыбы: <<Мектептегі әдістемелік комиссия жұмысын ұйымдастырудың инновациялық моделі>>.
Мақсаты: Оқу тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру, кәсіби деңгейін жетілдіру, педагогикалық шеберлігін дамыту және интербелсенді әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне кіріктіру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып құзыреттілігін дамыту.
Міндеттері:
1. ӘК жұмысына оқу және оқу - әдістемелік бағыттағы ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік іс-шараларды тиімді ұйымдастыра отырып мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру, яғни кәсіби біліктілігін көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру.
2. Мұғалімнің іс-тәжірибедегі жетістіктерін насихаттау мен тарату.
3. Оқушылардың құзыреттілігін дамыта отырып өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны, яғни құзыретті тұлғаны тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Бірлескен кәсіби шығармашыл топтар құрылады, мұғалімнің іс-тәжірибесіне оқыту әдісіне интербелсенді әдіс-тәсілдер енгізіліп, табысты жұмыс жасайды.
Ұжымдағы ортақ ұстаным көшбасшылық арқылы басқарылады және мұғалімнің кәсіби дамуы өзін-өзі реттеуімен, бағалауымен, сыни ойлауымен бағаланады.
Білім беру үрдісіндегі тиімді оқыту әдіс-тәсілдері білім алудағы өзін-өзі жетілдіруді, оқуды табысты етеді, білім сапасы артады.
ӘК-да жоспарланған іс-шаралар тәжірибе алмасулар жүргізуге, түйткілді мәселелерді шешуге бағытталады. Өзекті тақырыпты жүзеге асыра отырып мақсатқа қол жеткізіледі.
Әдістемелік комиссия жұмысын жүзеге асыру екі бағытта жүргізілді:
1. Теориялық бағыт.
Мақсаты:
+ Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, білім беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, білім беру саласындағы оқу және оқу-әдістемелік бағыттағы тың жаңалықтарды зерделеу, талдау.
+ Математика, информатика пәндерін оқытуда білім беру үрдісі субъектілерінің түпкілікті құзыреттілігін белсенді -әрекетті технологиялар негізінде жетілдірудің теориялық көздерін зерттеп, тиімді жолдарын теориялық негізінде анықтап шығу.
Міндеті:
+ Педагогикалық үрдіс субъектілерінің түпкілікті құзыреттілігін белсенді-әрекет технологиялар негізінде жетілдірудің ғылыми-теориялық көздерін зерттеп, теориялық қор жинақтау.
+ Педагогтың құзыреттілігінің көрсеткіштерін анықтап, нақты критерилерін саралау және математика, физика информатика пәндерін оқытуда жетілдірілетін түпкілікті құзыреттіліктің көрсеткіштерін жіктеп, анықтап белгілеу.
+ RWCT жобасын оқу-тәрбие үрдісіне жүйелі енгізуді жалғастыра отырып педагогикалық үрдіс субъектілерінің құзыреттілігін жетілдіруде Кембридж оқулары ұсынған жеті модульдің тиімділігін бағалау.
2. Практикалық бағыт:
Мақсаты: Атқарылатын іс-шараларды ұйымдастыруда оқыту мен оқудағы тиімді жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру.
Міндеттер:
* Білім беруде заманауи жаңа технологияларды пайдалана отырып мақсатты нақты нәтижеге бағыттау, ӘК жұмысының тиімділігін арттыра отырып ұйымдастыру.
* Мұғалімдердің құзыреттілік деңгейін жоғарлатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
* Жаңа әдістемелер мен технологияларды ұстаздарға насихаттап, өз жұмысында қолдануына бағыт беру.
* Интербелсенді әдіс-тәсілдер көмегімен оқушылардың сыни ойлауын, құзыреттілігін жетілдіріп дамытатын арнайы құрастырылған сабақтарды жоспарлау және жүзеге асыру.
* Зерттеу және статистикалық өңдеу әдісін қолдана отырып іске асырылған әдіс-тәсілдердің маңызын, іс-шаралардың жүргізілу деңгейін бақылау, нәтижесін бағалау.
* Білім сапасын диагностикалау, өзгерісті бағалау.

Математика білім сапасының көрсеткіші төмен пән екендігі белгілі жайт. <<Неліктен білім сапасы төмен?>> Бұл сұраққа жауап беру қиындық тудырмайды. <<Ал білім сапасын қалай арттыруға болады?>> - деген сауалға жауап беру күрделі, бұл сауалдың жауабын мұғалімдер жылдар бойы қажырлы еңбектерінің нәтижесінде жинақтап келеді. Білім сапасын арттыру үшін оқушы теориялық оқу материялын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және теориялық білімін практикада саналы түрде қолдана білуі тиіс. Мектеп оқулықтарымен шектелмей қосымша әдебиеттер, ғылыми баспа материалдарын, ғаламтор желісі мүмкіндіктерін қолдана отырып өз білімін толықтыра білуге дағдылануы керек. Ұстаздар өзін-өзі дамыту бағдарламасы бойынша өз білімін жетілдіре отырып үнемі ізденісте болуы қажет. Білім сапасын көтерудің бір жолы мұғалімдер мен оқушылардың құзыреттілігін арттыру болып табылады, яғни кәсіби шеберлігі шыңдалған ұстаз бен шығармашыл оқушы деңгейіне жету болып табылады. Бұл тақырыпты таңдауымның екінші себебі де бар. Қазақстан 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру міндеті айқын көрсетілген. Атап айтқанда, онда <<орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру>> делінген. Бұл ұстаздар алдында құзыреттілігі жоғары тұлға қалыптастыру міндеті тұр деген сөз, ал құзыреттілігі жоғары оқушыны құзыреттілігі жоғары ұстаз тәрбиелейді.
Ұстаз құзыреттілігі қалай артады? Оқушы құзыреттілігін қандай жолмен арттыруға болады?
Ұстаз құзыреттілігі келесі іс-шараларды жүзеге асыру барысында артады:
> Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мен оқу құралдарын (электронды оқулықтар, АКТ) пайдалануды меңгеру барысында.
> Оқушыларды функционалдық сауаттылығын дамытуға, емтиханға, ҰБТ-ге дайындау барысында.
> Бағдарламалар әзірлеу, баяндамалар әзірлеп баспаға шығару, шеберлік сабақтарын өткізу, әр деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысу, мұғалімдер олимпиадаларына қатысу барысында.
> Кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында шеберлік сабақтарына, коучингтерге, өзара сабақтарға қатыса отырып тәжірибе алмасу барысында.
> Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу барысында: оқушыларды конференцияларға қатыстыру, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар, интелектуалды сайыстарға қатыстыру барысында.
> Білімін жетілдіру курстарын оқу барысында.
Оқушы құзыреттілігін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға көңіл бөлу қажеттігі туындайды.
Сабақта құзыреттілікті дамыту жолдары:
Оқушының тұлғалық тәжірибесін білім мазмұнына кіріктіру (оқушының өмірлік тәжірибесі деңгейіне, даму деңгейіне қарай әртүрлі қабілеті ашылатындай ситуация, тапсырма бере отырып білім мазмұнын бала өмірімен ұштастыру).
- Белсенді-әрекетті техналогияны қолданып топтық, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып оқушының білімді өзі игеруіне жағдай жасау.
- Қосымша материялдар пайдалану арқылы қызығушылығын арттыру, оларды табуға нұсқау беру.
- Қарым-қатынасқа көңіл бөлу.
- Акт-ны пайдалану.
- Берілген оқу мазмұнының өмірмен сабақтастығына көңіл бөлу, PISA тапсырмаларын пайдалану.
- Бағалауды оқушыны білім алуға жетелеуші нәтижеге жету жолдарын айқындаушы құрал ретінде жүргізу.
Сабақтан тыс уақытта оқушы құзіреттілігін дамыту жолдары:
- Оқушыны зерттеу жұмыстарымен айналыстыру;
- АКТ-ны дұрыс тиімді пайдалана білуге дағдыландыру;
- Портфолио жинақтау;
- Әр түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатыстыру.
ӘК жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру барысында жоғарыда анықталған жұмыс түрлерін толығымен камти отырып жыл көлемінде ұстаздар мен оқушылардың құзыреттілігін дамыту бағытында жұмыс жасалды.
* Жұмысты мұғалім қызметіндегі қиыншылықтарды анықтау, зерттеу мәселесіне бағытталған талдау жүргізуден бастадым: 1) Мұғалімдердің білім алу қажеттіліктерін зерттеу, мәселенің туындау себептерін табу, бағыттарын анықтау; 2) Оқу және оқыту барысында туындаған өзекті мәселелерді сараптау, мұғалімнің оқыту жұмысының даму қырларын, оқушының алған білімінің сапасын, үлгерімін анықтау; 3) Мониторинг жүргізу.
* Жоспарлау: Әдістемелік комиссия ұстаздардың мақсат, міндеттерді жүзеге асыру барысындағы жұмысын тиімді ұйымдастырушы, әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылық жасаушы ұжымдық басқару органы. Әдістемелік комиссия іс - әрекеттерді ұйымдастыру жұмысын жоспарлау, педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі.
Әдістемелік отырыс жоспарын дайындауда мынадай ұстанымдарды басшылыққа аламын.
1.Жоспардың нақтылығы, қаралатын мәселелердің өзектілігі.
2. Оптималдығы, үйлесімділігі, қолайлылығы
3. Мақсатқа бағытталушылығы - жоспардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру, нәтижеге жеткізуге қол жеткізу мүмкіндігі

ӘК отырысының тақырыбы
мерзімі
Өткізу формасы
Күтілетін нәтиже
1
<<Педагогикалық құзыреттілік>> ӘК жұмысын ұйымдастыру
тамыз
Презентациялық көрсетілім
Оқушы, ұстаз құзыреттілігін анықтайды, дамыту жолдарын нақтылайды.
2
<<Пәнді оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру.>>
қараша
Топтық жұмыс жасау
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді үйренеді.
3
<<Құзіреттілікті қалыптастыр-ғы тиімді инновациялық технологияларды қарастыру>>
қаңтар
Педкеңес аукцион
Өзекті тақырыпты жүзеге асыруда қандай инновациялық технологияларды қолданысқа алатынымыз талқыланып шешіледі
4
<<Педагогикалық тәжірибе шығармашылықтың жолында: ізденістер, жаңалықтар, табыстар>>
наурыз
Шығармашылық есеп
Аттестациядан өтетін мұғалім есебі тыңдалып іс-тәжірибе алмасады.
5
2014-2015 оқу жылының әдістемелік жұмыстар қорытындысы
мамыр
Презентациялық көрсетілім
Жыл көлеміндегі жұмыс нәтижесі бойынша ӘК жетекшісінің есебі тыңдалады, ӘК жұмысына баға беріледі.

Өзекті тақырыпты жүзеге асыру мақсатында тиімді болатын ӘК ұйымдастыратын іс-шараларды шығармашылық топтар әзірлеп ұсынады, ӘК отырысында талқыланады, нақтыланып жоспарға енгізіледі.
Білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар:
Емтиханға дайындық жұмысы бойынша қосымша сабақтар өткізіледі, жиілігін әр сынып ерекшелігіне қарай мұғалім шешеді. ОЖСБ-ға, PIZA, TIMES-ке дайындық функционалдық сауаттылық сабағында жүргізіледі және портфолио жинақтау арқылы іске асырылады, оқушыға тапсырмалар беріледі, тексеріліп портфолиоға жинақталады. ҰБТ - ге дайындауда өткен оқу жылындағы кемшіліктер ескеріліп оны жою үшін дайындық барысына тараулар бойынша зачет сабақтарын енгізу келісілді. Жаңа педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие процесіне кіріктіру, мұғалімдер іс - тәжірибесіне қосуға бағыт беру.
Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар:
Мұғаімдерге өзара сабақтарға және интернет сабақтарға, пед. оқуларға, семинарларға үнемі қатысу, іс-тәжірибесін тарату (баспаға мақала беру, ғаламтор сайдтарында мақалалары мен жаңашыл сабақ жоспарларын жариялау) міндеттеледі. Курстан өту жоспарланады. Олимпиадаға, конференцияларға мүмкіндігінше барлық кәсіби сайыстарға қатысу көшбасшылық арқылы олардың ұйымдастырылу уақытына қарай шешіледі. АКТ-ны сабақтарда мүмкіндігінше қолдану жүктеледі, презентациялар жасау және видеожазбамен жұмыс жасау бойынша әдістемелік сағаттар ұйымдастырылады. Электрондық оқулықтар мен бейнежазбалар қорын жинақтап сабақта қолдану міндеттеледі.
Дарынды жіне талантты оқушылармен жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар:
Олимпиадаға, ғылыми жобалар сайыстарына қатыстырылатын оқушыларды анықтап жыл көлемінде дайындау барлық ұстаздарға міндеттеледі. Жыл көлемінде ұйымдастырылатын барлық интелектуалды-логикалық сайыстарға мүмкіндігінше барлық сыныптарда оқушыларды қатыстыру міндеттеледі, дайындық барысындағы оқушы жұмысы портфолиода жинақталады.
Жас мамандармен жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар:
Жас маманға білім беру үрдісін ұйымдастыру жұмысын жүргізу барысында көмек беретін жетекші бекітіледі, жетекшіге жыл көлемінде жұмысын жоспарлы жүргізу міндеттеледі, атқарылған жұмыстар бойынша есебі ӘК отырысында тыңдалады. ӘК жетекшісі қажеттіліктері мен сұраныстарына қарай практикалық қызметте көмек көрсетеді.
Ұстаздардың аттестациядан өтуі мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар:
Аттестациядан өтетін мұғалімдерді аттестациялау ережесімен, құжаттарымен (әр санатқа қойылатын талаптар) таныстыру. Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспарын тексеріп бекіту, даму жоспарын бекіттіру. Аттестацияланатын, санатын бекітетін мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдау.

Шығыс Қазақстан облысы. Өскемен қаласы. " Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы"
Математика пәні мұғалімі Сахариева Бальзам Мұхтарқызы

Ұқсас жұмыстар
Нені оқыту, қалай оқыту
12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылардың өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар және семинар қонақтары
Робот техникасы Қазақстан мектептерінде
Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім даярлау
Құзыретті тұлға
Биология сабақтарына жеті модуль идеясын енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Мұғалім тұлғасына қоғам қоятын талаптар - мұғалімнің кәсіби құзырлығы
Бейнелеу өнерінде интерактивті тақта мүмкіндікте
Адамның мәңгілік қасиеті
Пәндер