Мектеп психологының рөлі мен маңызы: мамандық таңдау және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау

C:\Users\админ\Desktop\2013-2014 оқу жылы\Фото семинар\IMG_2654.JPG Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы

Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің

педагог-психологі Бақтығалиева Бұлдыгүл Бақтығалиқызы

Эссе «Мен қажетпін . . . »

Мамандық таңдау - әр адамның ең маңызды шешімі. Осыдан бірнеше жыл бұрын менің алдымда мыңдаған мамандықтан өзіме лайықтысын таңдау міндеті тұрды. Дегенмен таңдау жасауға Жүсіпбек атамыздың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл - жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген сөзін өзіме бағыт сілтер темірқазық қып алдым. Сөйттім де «Жан тану» деп аталатын қиын да қызық әлемге апарар соқпаққа түсуге бел будым. Өйткені әр адамның жан дүниесіне үңілу және адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына өзімше үлес қосу мен үшін өмірдегі зор жетістік шыңдарының бірі еді.

Ия, аз ғана уақыт болса да бұл қасиетті соқпаққа аяқ басып көрдім. Санаулы ғана жасаған қадамымда көзім жеткені - жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап, келешекке нық қадам жасауы, өзіндік «Мені» бар, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де білікті боп қалыптасуының негізгі іргетасы мектептен қаланады екен.

Түйсінгенім - нағыз психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып, олардың жан дүниесіне кіре білу екен.

Сезінгенім - «жан сырын өзі ашсын» деп үстелдің екінші жағында қатып қалған адам психолог бола алмайды екен, психолог «оқушы - ата-ана - мектеп» деп аталатын үш тағанның беріктігіне аса жауапты міндетті ала отырып, баршасының досы, ақылшысы, рухани жетекшісі болуы тиіс екен.

Аңғарғаным - әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екен, әр парағын ашқан сайын жаңалық табасың, таңырқайсың, тамсанасың, қызығасың, қынжыласың. Осындай асқан жауапкершілікті жүк еткен психологтің атқарар қызметі мен үшін - әлемдегі мамандықтар арасындағы ең біріншісі, алғашқысы, құрметтісі, қадірлісі, сыйлысы, мәртебелісі, қасиеттісі, құдіреттісі, киелісі.

Психологтік қызмет - адам жанына нәр беретін, жеке тұлғаға кез келген ортада қарым-қатынасқа тез, ыңғайлы түсе алатын, бейімделгіш, құзырлы, заман талаптарына лайық әрекет жасауға бағыттайтын игілікті жұмыс.

Психолог жетістігі - тұлға бойына осындай қасиеттерді сіңіру, шындық өмірде кездесетін қандай да болмасын жағдаяттардан шығудың жолын өзі іздеп тауып, алған білімін, білік, дағдыларын нағыз қайнаған өмірмен тез ұштастырып кете алатын мүмкіндігі мол, өзіне сенімді жанның іргетасын қалау.

Психолог сөзі - жан азығы, жан азығы жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани шырқау биікке көтереді.

Жақсы психолог - адам жаны мен сырына қанығуы арқылы олардың ішкі әлеміне үңіле алатын ерекше жаратылыс. Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі осы мамандықтың иесі - бүгінгі Сіз және Мен, келешектегі біздің Әріптестеріміз.

Тәні сау адамның жан саулығына көмек беру бір төбе болса, жаны да, тәні де көмекке зәру жанға қолұшын созу - ерекше мән беруді қажетсінетін дүние. Өйткені олар сау балаларға қарағанда өздерін жиі ыңғайсыз сезінеді, сондықтан шиеленіскен жағдайларға жиі тап болып, тосын мінез көрсетеді. Сол себепті ақыл-ойы кем, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға бейімдеу, айналасымен тең қарым-қатынасқа үйрету - күрделі машақаттың, оған шыдамды төзім, оларға деген шынайы сезім, айнымаған адами қасиет, имандылық пен биік парасат қажет. Бұларсыз жасанды қатынас арқылы олардың жан дүниесіндегі азап пен арпалысты түйсінемін, жәрдемдесемін деу - бекершілік.

Қалыпты өмір ортасындағы адамдардың мәселесіне көмек беру қарапайым рухани бай адамның қолынан келер, бәлкім. Ал сол қалыпты өмір сүрудің өзі қиямет болып саналатын жандарға тамшыдай болса да көмек көрсеткен сайын, өзіңнің оларға деген қажеттілігіңді сезінген сайын жауапкершілігің арта түседі екен . . .


Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде ата-ананың рөлі және отбасының психоәлеуметтік маңызы
Мамандықты таңдау және мектеп психологының кәсіби рөлі
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен мектеп психологінің негізгі жұмыс бағыттары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі отбасылық рухани қарым-қатынас пен психологиялық-педагогикалық қолдау
Мамандық таңдау: оқушыларға психологиялық қолдау және кәсіби бағдарлау
Мейірім мен кәсіби жауапкершілік: мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі тәрбиешінің педагогикалық ұстанымдары
Мамандық таңдау: маңызы, қадамдары және қазіргі заманның талаптары
Әлеуметтік педагогтың мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысы: инклюзивті білім беру тәжірибесі
Кеміс балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау: заңнамалық негіздер мен қызметтер
Мамандық таңдау және отбасының рөлі: оқушыларға арналған психологиялық-профориентациялық ашық тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz