Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы дидактикалық тапсырмаларды сабақта қолдану

Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:
<<Мектеп психологінің даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары>>

Дайындаған: мектеп психологі
Бақтығалиева Бұлдыгүл Бақтығалиқызы

Пікір

Бақтығалиева Бұлдыгүл Бақтығалиқызы Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінде 2007 жылдан бері педагог - психолог қызметін атқарып келеді.
Бұлдыгүл Бақтығалиқызының жұмыс жасаудағы басты мақсаты - жеке тұлғаның ой - өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлауы, сөйлеу диапазонының дұрыс дамуы мен қалыптасуына, жеке тұлғаның дарындылық - шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықтарды болдырмаудың жолдарын іздестіру, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, ата - аналарды психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру, жеке тұлға ерекшелігін ескеріп, жан - жақты зерттеу болып табылады.
Осы мақсат - міндеттерді жүзеге асыру барысында психолог түрлі психологиялық тест, тренинг, ойын, анкета, жаттығулар өткізіп келеді. Сондай - ақ даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсете отырып, ортаға бейімдеу мақсатында түрлі акциялар ұйымдастырып келеді.
Б.Б.Бақтығалиева әр оқушыға психологиялық қолдау көрсете отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды көпшілік ортаға тарту, бейімдеу мақсаты көзделген <<Мектеп психологінің даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары>> тақырыбындағы баяндамасы мектепішілік әдістемелік кеңесте тыңдалып, аудандық тамыз кеңесіне ұсынылды.

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Г.К.Амангалиева

Жоспар:

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы дидактикалық
тапсырмаларды сабақта қолдану
2. Мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым - қатынас жасаудың қарапайым және тиімді түрлері
3. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивтік оқытуды ұйымдастыру
Қорытынды.

<<Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл - өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз>>.
Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты:
* Әр баланың өз-өзінің адамгершілік қасиетін бағалауы, өзіндік "Менін"анықтауға ықпал ету
* Адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата отырып, өмірде қолдана білуге үйрену
* Қарым - қатынас мәдениетін сақтай отырып, өз ойын еркін жеткізуге ойлап сөйлеуге дағдылануы.
Ойын кезінде бұрын бала мән бермеген, қарамаған нәрселерге көңіл бөлуге болады. Дидактикалық ойындар оқытушыға әртүрлі педагогикалық тапсырмаларды сабақ кезінде қолдануға мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар ойындарды қызығушылықпен орындайды.Дидактикалық ойындар баланың сабақты қызығушылықпен қабылдауына мүмкіндік береді. Сабақ оқыту кезіндегі ойындар баланың ойын кезеңінен өтіп, білім алу кезеңіне қалай өткенін байқамай қалады. Балалардың мәтінді оқуы және ойын түріндегі оқуы, санауы, есеп шығаруы, неше түрлі фигураларды құрастыруы баланың ой-өрісінің дамуына, сөздік қорының молайуына әсерін тигізеді. Дидактикалық ойындар баланың қиялын шарықтатады, көңілін көтереді. Неге десеңіз ол ойындар баланың болымысына жақын. Ойындар баланың мүмкіндігін, қабілетін көрсетеді. Ол кезде бала физикалық және психикалық түрде дамиды. Ойын баланың қалыптасуына көмектесетін ең күшті фактор.Ойын ең бірінші баланың жылдамдығын, икемділігін, шынайылығын, ойлау қабілетін арттырады. ДМШ балалардың мінез-құлықтары жылдам өзгеріп тұрады, көңілі басқа нәрсеге жылдам ауып кетеді, содан кейін оның көңілін белгілі бір тапсырмаға, сабаққа әлде бір ойынға аудару үшін көп күш керек. Негізінен ойынды таңдағанда, оқушыны тәртіпке шақыратын, шыдамдылыққа үйрететін ойындар қажет.
ДМШ балалардың ойлауының жетілмеуі қабылдау, сөйлеу тілінің, практикалық әрекетінің және шығармашылық қабілетінің дұрыс дамымауымен байланысты. Шығармашылық деңгейі төмен екені анық білінеді, бұл кемістікті ойын арқылы қиялды дамытуға болады.Балаларға сын есімдік жұп сөздері беріледі. Бала бұл сөздерге қатысы бар, қандай да бір ұғымды табуы қажет. Мысалы: домалақ, қызыл - алма, қызанақ; сопақ, жасыл-қияр, т.б. қажетті сөздер: тәтті, жұмсақ, қызыл, қатты деген сөздер, балаларға тапсырманы орындауда қиындықтар туады.Ақыл - ойы кемтар балалар нақты ойлағандықтан, ойлау қабілеттері өте төмен. Аталмыш балалар жаңа әрекет орындауда алдын ала өз бетімен жоспар құрастыра алмайды. Бұл балалар әр қашанда көмекті қажет етеді. Мінеки осындай кезде оларға дидактикалық ойындар қажет. Оқытушы балаларға ойын ойнатқанда өзі де бірге міндетті түрде ойнауы қажет.
Есте сақтау және логикалық тапсырмалар: <<Суреттер бір - бірінен несімен ерекшеленеді?>>, << Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?>>, << Әр матрешканың гүлі мен бантигін тап>>, <<Сәуленің ойыншықтары: қоян, қонжық, піл, арыстан, көбелек, тышқан қайда жасырынған?>>, <<Дөңгелектерді қызыл, үшбұрыштарды сары, шаршыларды жасыл түске боя>>, << Суреттерді аяқта>>.
Балаға тапсырма әлде ойын берілгенде түсінікті әрі анық болуға тиісті. Ойынның ережесі көп сөзді болмауы керек. Егер бала өте жәй қабылдаса, әлде өте нашар оқып жазса, онда ол ойынға қатысуы үшін өте жеңіл тапсырма алынады. Ондай баланың ойынға қатысуы өз-өзіне деген сенімін, мақтанышын білдіреді. Мысалы жеңілдетілген тапсымалар беруге болады: <<Бұлар ненің төлдері? Әр төлді енесіне сызықпен қосып көрсет>>, <<Бесіншісі артық. Қалғандарын бір сөзбен ата>>, <<Дәл осындай құстың суретін сал>>, << Моншақтың суретін заңдылығына сәйкес аяғына дейін салып шық>>.
Сабақ кезінде ойын 1 - 2 ден аспауға тиіс, және оған 8 - 10 минут уақыт бөлу керек. Егер оқушы шаршаса, онда оған демалуға, қимылдап жүруге уақыт бөлу керек. Сондықтан ойынды сабақтың ортасында, аяғында жүргізуге болады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бір нәрсеге көп көңіл бөліп, қарауы қиын. Шаршайды әлде жалығып кетеді.
Көрнекіліктер сөйлеу тілі сабағында да қолданылады. Мысалы, тапсырмада көптеген заттар мен кейіпкерлер болмауы керек, бұл қарсы нәтиже тудырады - бала ең басты тақырыбын түсінбей қалады.
Қорыта айтқанда, Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған әр түрлі ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілін,ойлау қабілетін қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар қажет етеді:
> Қамқорлықты
> Ілтипаттылықты
> Кішіпейілділікті
> Қарапайымдылықты
> Зер салуды
> Сезімталдықты
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым - қатынас жасаудың қарапайым және тиімді түрлері.
> Оқушыны аттарымен атау. Өйткені, баланың атын атап шақыру жеке намысының қалыптасуына көмектеседі;
> Баланың жеке тұлғасын емес, оның іс-әрекетін бағалау қажет;
> Өзін-өзі төмен бағалайтын оқушылар бар. Жұмыс барысында олардың кішкентай жетістіктерін көре біліп және мадақтау арқылы қолдау көрсетіп, оларды ұжымның шығармашылық істерінен шетте қалдырмауға тырысу керек. Сонда ғана олар мұғалімнің өздеріне деген ізгі қатынастарына сенеді;
> Балалардың жетістіктерін бақылауда, қорытынды шығаруда, оларды барынша басқа балалармен салыстырмауға тырысу қажет;
> Оқушылардың еңбегін оң бағалау.
ҚР <<Білім туралы>> Заңындағы 6 бапқа сәйкес: <<Білім беру саласындағы жергілікті өкілді атқарушы органдардың құзіреті - мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету>> туралы айтылады.
<<Инклюзивті>> деген термин ағылшын тілінен аударғанда енгізілген, араластырылған деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы,ата-анасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.
Инклюзивті білім беру негізіне балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті бағыт балаларды жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру - балалардың тең құқығын анықтайды және барлық іс-әрекеттерге қатысуға, адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру-этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.
Қазіргі кезде көптеген себептерден мүгедек адамдардың мәселесі тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі. Бүкіл әлеммен қатар, біздің елде де әр түрлі ұзаққа созылған кемістігі бар адамдардың саны жыл сайын өсуде.Оңалту, бейімдеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және олардың қоғамға етене араласуына, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше көмек көрсету - мұқтаждығы ерекше адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінің бірі.
Үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқытатын орындарды жасақтандыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетін болады. Оларға компьютерлер, қосымша техникалық құралдар сатып алынып, интернетке қосылады.
2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер үлесі 70 пайызға дейін өседі.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосу, оларды қолжетімді ортамен қамтамасыз ету, білім берудегі кедергілерді жеңу тетіктері анықталды.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері .
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Барлық ұйымдастырылған іс- әрекет түрлері шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
7. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінеді. Балалар білім ала отырып, өздерінің қандай да кемістіктерін түзетеді, білімін жетілдіреді. Сонымен қатар олардың денсаулығы түзелген жағдайда кәдімгі сыныптарға ауысуға болады. Олар жалпы білім беретін мектеп бағдарламасын оқитын болса, үлгіре алмайды және соның салдарынан өздерін басқа балаларға қарағанда төмен санайды, ешкіммен араласпай ұяң болып қалады, яғни олар қоғамнан, өзінің сыныптастарынан бөлініп кетеді. Ал инклюзивті сыныпта бағдарламаны баланың қабілетіне лайықтап жүргізеді. Онда баланың коррекциялық дамуы мен білім алуы қатар жүреді.
Бiлiм беретiн мекеменiң кез келген түрiндегi өз бiлiм құқығы жүзеге асыру мүмкiндiгi дамытудағы ауытқулары бар әрбiр баланың инклюзив бiлiмiнiң үлгiсiнiң мәнi және мамандандырылған көмекке қажеттi оны сонымен бiрге алуы керек.
Баяндамамды қорыта келе айтарып, даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жан-жақты жұмыстар жүргізу нәтижесінде, оқушылар бойында
:: өзара түсінік пайда болады;
:: сабақтан қалмайды;
:: мінез-құлқында оңалу байқалады;
:: бақылауға көне бастайды;
:: ақыл-кеңестерді тыңдайтын дәрежеге жетеді;
:: ұжымнан бөлінбейтін болады;
:: жеке басының жақсы сапалары ашылады;
:: өзіне деген сенімділік пайда болып, оң қадам басады
Сонымен қатар, болашақта
* Әрбір тұлға өз-өзін құрметтейді, өз ісіне талдау жасайды,өзінің істеген ісіне жауапкершілікпен қарайтын болады.
oo Бала өзінің жақсы жақтарын танып өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптасады.
oo Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, басқаларға сүйіспеншілікпен ,құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.
oo Оқушы алдында тұрған міндеттердің шешімін табуға, жағдаяттарды тез арада шеше білуге, өз пікірін еркін, ашық айтуға, сыныптастарымен, ұстаздарымен жағымды қарым-қатынас орнату қажеттілігін түсінеді.

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті сыныптардағы білім беруді ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
Орта мерзімді сабақ жоспары
Әлеуметтік педагогтың даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысы
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру
Отбасындағы рухани қарым - қатынас
Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңы
Пәндер