30 логикалық тапсырма мен олардың шешімдері

Логикалық тапсырмалар

1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

Шешімі: Жанат - ұзын
2. Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш
3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық
4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан
5. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат -үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?

Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу
7. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
8. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
9. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

Жауабы: шырпы
10. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
11. 10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?

Шешімі: 10-7=3 7-2=5 2+3=5
12. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Жауабы: Бір ғана мотоцикл
13. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша?

Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)
14. Ауылдан қалаға дейін велосипедші 20 км/сағ жыдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта жылдамдығын тап.

Шешімі: (20+10) :2=15
15. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?

Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут.
16. Ондық цифрлары бірліктер цифрларынан үлкен болатын қанша екі таңбалы сан бар?

Жауабы: 45 сан
17. Кесіндінің әрқайсысында 4 нүктеден болатындай етіп, екі кесіндіде қанша нүктені орналастыруға болады?

Шешімі: Екі кесіндіні қиылыстырып, ортасына бір нүктені қоямыз. Қалғандары сәйкесінше. 7 нүкте қоюға болады.
18. 4 қарындаш пен 3 жалпы дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8 қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады? Шешімі: 4қ+3жд=54 2қ+2жд=34 жүйе құрып, 1 қарындаш пен 1 жалпы дәптердің құнын тауып аламыз.

Шешуі: 1к-3тг, 1жд-14 8к-24тг, 7жд-98тг
19. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша?

Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия
20. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

Жауабы: 53
21. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?

Жауабы: 36; 12
22. Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады?

Шешімі: 4*5*3=60
23. Ғажайып елде А, Б, В деген 3 қала бар. А қаласынан Б қаласына 6 жол, ал Б қаласынан В қаласына 4 жол апарады. Неше тәсілмен А қаласынан В қаласына жетуге болады?

Шешімі: 6*4=24
24. Тақтада 7 зат есім, 5 етістік, 2 сын есім жазылып тұр. Сөйлем құрау үшін әр сөз табынан бір сөзден алу керек. Мұны неше тәсілмен жүзеге асыруға болады?

Шешімі: 7*5*2=70
25. Автобус А қаласынан В қаласына 40км/сағ жылдамдықпен барды. В қаласынан А қаласына 60 км/сағ жылдамдықпен барды. Автобустың орташа жылдамдығы қанша? Жауабы: 48 км/сағ
26. 3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады?

Жауабы: 1 кәмпит-5тг, 1 шоколад-7тг

27. Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісу керек?

Жауабы: 12+2=14: 14:2=7

28. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?

Жауабы:5+5=10

29. 7 қарындаш 8 дәптерден қымбат тұрады. Қайсысы қымбат - 7 қарындаш па әлде 8 дәптер ме?

Жауабы: 8 дәптер

30. Шахмат турниріне 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнаған. Неше партия ойналған?

Жауабы: 4 партия


Ұқсас жұмыстар
Пайыздық қоспалар: 10 практикалық есеп және олардың шешімдері
Г. Мендель заңдарына есептер мен олардың шешімдері (10 сынып, генетика)
Логикалық амалдар: логикалық көбейту (ЖӘНЕ), логикалық қосу (НЕМЕСЕ), терістеу (ЕМЕС) және олардың ақиқаттық кестелері
ҰБТ-ке дайындық: стереометрия есептері мен шешімдері
5-7 сыныптарға арналған олимпиада тапсырмалары мен шешімдері
2-сынып математика: ондықтарды қосу мен азайту әдістері (26+30, 56-30)
Логикалық операциялар мен схемалар: шындық кестелері және логикалық есептер
Битабарова Х.И. құрастырған стехиометрия және органикалық химия есептері мен шешімдері
Утешов Халел Хайноллаұлы дайындаған аудандық, облыстық және республикалық математикалық олимпиада есептері мен шешімдері (2005-2013)
6-сынып: Тура және кері пропорция - 20 тесттік тапсырма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz