Қазақ тілін пысықтауға арналған оқу-әдістемелік станциялы викторина

Викторина «Қазақ тіліне саяхат»
Мақсаты: 1. Қазақ тілі сабағында танықан білімдерін пысықтау.
2. Тіл дамыту.
3. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер, жұмбақтармен жаңылтпаштар танысып, күнделікті пайдалануға үйрету.
Көрнекіліктер: Вагаондарды бар пойыздың суреті; қазақ ертегілерінің бір кейіпкрінің суреті (Алдар Көсе, Тазша бала не балдырған), неше тапсырмалар бар, соншама аялдамалар символдары - 10; жеміс-көкеніс муляждары; жетондар; тән дыбыстар; цифырлар; тақырыпқа байланыста карточка -сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, суреттер.
Аялдамадан аялдамаға Қ. Досановтың «Пойыз» өлеңін бәрі қосылып айтып өтуге болады.
Ду, ду, д! Дук, дук!
Пойыз келді.
Ду, ду, д! Дук, дук!
Жүгіріп өтпе.
Қол бұлғап қалайық:
Жол болсын!-деп біз.
Бір аялдамадан келесі аялдамаға жеткен соң, мұғалім тапсырмалар бар
Конверттер береді.
- Сөздер аялдамасы.
- Жаңылтпаштар аялдамасы.
- Жұмбақтар аялдамасы.
- Әріптер және дыбыстар аялдамасы.
- Музыкалық аялдама.
- Ертегілер аялдамасы.
- Сан есімдер аялдамасы.
- Суреттер аялдамасы.
- Ұлттық ойын аялдамасы.
- Мақал-мәтелдер аялдамасы.
Әрбір дұрыс жауапқа жетондар беріледі. Ойынның аяғында жетондарды санап, жеңушілерін құттықтаймыз.