Сенсорлық жүйе

Биологиядан гимназияішілік олимпиада . 8-сынып. 2013-2014 оқу жылы.

Құрметті олимпиадаға қатысушылар!

Сіздерге 5 бөлімнен тұратын сұрақтар мен тест тапсырмалары беріледі:

А бөлімінде 30 сұрақтың әрбіреуінде 4 жауап нұсқасы ұсынылған. Әрбір сұраққа ең толық әрі дұрыс деп санаған тек бір ғана жауапты таңдаңыз.

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 30 ұпай (әр сұрақ 1 ұпай ) .

В бөлімінде 5 тапсырманы орындау үшін көптеген талдауларды (анализдер ) талап етеді, бірақ тек 1 жауаптан тұрады

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 10 ұпай (әр сұрақ 2 ұпай ) .

С бөлімінде 3 биологиялық пікірлер беріледі .

Ойланып, өз ойыңды толықтырып жазыңдар.

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 9 ұпай (әр сұрақ 3 ұпай ) .

Д бөлімінде 2 биологиялық есепті шығару керек

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 10 ұпай (әр сұрақ 5 ұпай ) .

Е бөлімінде Биологиялық терминдерге толық анықтама- түсіндірме берілуі керек.

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 20 ұпай (әр сұрақ 1 ұпай ) .

Тапсырмалар мен нұсқаулықты дұрыс оқып, орындаңыздар!

Сәттілік !!!

А. бөлімі

Бір ғана жауапты таңдаңыз .

  1. Гүлдің ең негізгі бөлімдері:

A) аналық мойны және аналық аузы B) аналық және аталық

C) гүлсағақ және гүлтабан D) күлтежапырақшалар E) тостағанша жапырақша

  1. Жемістің түзілуі :

A) аналық жатынында B) аналық мойнында C) аналық аузында

D) аталықтарда E) тұқымбастамада

  1. Жүгерінің жемісі-:

A) Жидек. B) Тұқымша. C) Бұршаққын. D) Бұршаққап. E) Дәнек.

  1. Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны-

A) Көң (қи), қарашірік. B) Шымтезек. C) Күл. D) Саңғырық. E) Құм.

  1. Жемісінде органикалық қышқылдар бар өсімдік -

A) жүгері. B) арпа. C) қарабидай. D) асбұршақ. E) қызанақ.

  1. Бұршақтұқымдас өсімдік тұқымдары өте бай:

A) Ақуызға(нәруызға) B) Майларға. C) Минералды затқа. D) Крахмалға. E) Суға.

  1. Сүйекті шырынды жеміс-

A) Картоп B) Қарақат C) Алхоры D) Алма E) Жүзім

  1. Кактустың түрі өзгерген сабағы:

A) Пиязшық B) Тамырсабақ C) Шырынды D) Сояу E) Түйнек

  1. Жапырақтары параллель (қатар) жүйкелі өсімдік:

A) Астық тұқымдастар. B) Алқа тұқымдастар. C) Бұршақ тұқымдастар.

D) Раушан гүлділер E) Мүктер

  1. Органикалық заттар түзіледі

A) тамырда B) жемісте C) пиязшықта D) жапырақта E) гүлде

  1. Қынаның денесінде селбесіп тіршілік ететін балдырлардың

саңырауқұлақтардан алатын заты

A) Ауа. B) Көмірсу. C) Органикалық заттар. D) Майлар. E) Минералды заттар және су.

  1. Ішекқуыстылардың денесі-

екі қабатты. B) көп қабатты. C) бір жасушалы. D) бір қабатты. E) үш қабатты.

  1. Қосжарнақты класының өсімдіктері:

A) Жүгері. B) Бидай. C) Інжугүл. D) Лалагүл. E) Үрмебұршақ.

  1. Актинияның тіршілік ететін мекені-

A) мұхиттар. B) топырақ. C) көлдер. D) теңіздер. E) тұщы су.

  1. Энцефалит ауруын жұқтырушы жәндік:

A) Тарақан. B) Тайга кенесі. C) Өрмекші. D) Бүйі. E) Шұбалшаң.

  1. Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт:

А) ішексорғы B) қылдырықбас C) суыртқы D) үшкірқұрт E) қылқұрт

  1. Жасушалық құрылыс тән

A) Тек бірнеше вирустарға. B) Вирус пен фагтарға ғана. C) Барлық өсімдіктерге.

D) Полиомиелитке. E) Бактериофагтарға.

  1. Ағашқұлақ (трутовик) саңырауқұлағының ағаштарды зақымдауы:

A) жіпшумақтарымен B) жекеленген жіпшелерімен

C) қалпақшасымен D) спораларымен E) жемісті денесімен

  1. Улы безі болмайтын жәндік:

A) Қыршаян. B) Қарақұрт. C) Бүйі. D) Шаршылы өрмекші. E) Өзен шаяны.

  1. Полиптер:

A) Көп қармалауышты жәндіктер. B) Көп симметриялы жәндіктер. C) Көп кірпікшелі қозғалмайтын жәндіктер. D) Көп табанды жәндіктер. E) Көп бүршікті жәндіктер.

  1. Адреналин гормоны бөлетін без:

A) Эпифиз. B) Қосалқы без (гипофиз) . C) Бүйрек үсті безі . D) Ұйқы безі. E) Қалқанша без.

  1. Жасушадағы бейорганикалық қосылыстар:

A) Су, тұздар. B) Көмірсулар, су. C) Май қышқылы.

D) Майлар, ақуыздар (нәруыздар) . E) Глюкоза, кальций фосфаты.

  1. Бірыңғай салалы бұлшықеттен құралған

A) жүрек B) аяқты бұғып жазатын C) тұлғаны қимылдататын

D) қан тамырлары E) қабырға аралық

  1. Ми бағанасына кіретін бөлігі

A) Мишық. B) Соматикалық жүйкелер. C) Шеткі жүйке жүйесі.

D) Сопақша ми. E) Үлкен ми сыңарлары.

  1. Aдамдағы рудименттерге жататын

A) көкеттің болуы. B) түктілік. C) үшінші қабақ. D) құйрықтың дамуы. E) көп емшектілік.

  1. Жасушадағы түрлі реакциялардың жүру жылдамдығы ақуыздың . . . қызметіне байланысты:

A) тасымалдау. B) құрылыс материалы. C) қозғалысты қамтамасыз ету.

D) катализаторлық. E) хабар беру.

  1. Микседема ауруының пайда болуы

A) Өсу гормонының жетіспеушілігінен.

B) Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен.

C) Адреналин гормонының артық бөлінуінен.

D) Қалқанша безі қызметінің шектен тыс болуынан.

E) Тимозин гормонының артық мөлшерінен.

  1. Әрбір нейрондағы аксон саны:

A) 1. B) 3. C) 7. D) 4. E) 5.

  1. Мидың торлы қабықшасының қабынуы

A) гайморит B) арахноидит C) энцефалит D) менингит E) полип

  1. Адам тепе-теңдігі бұзылуы байланысты

A) ортаңғы миға B) үлкен ми сыңарына C) жұлынға D) аралық миға E) мишыққа

В бөлімі

Сөйлемді аяқта :

В1. Адамның мойнында көмейдің алдыңғы жағында . . . . . . . . орналасқан.

В2. Белгілі бір физиологиялық қызметі бойынша біріктірілген, шығу тегі бір, бірақ құрылысы әртүрлі мүшелер . . . деп аталады

В3. Белгілі бір қызметті атқаратын жасушаның тұрақты құрылымы . . . . . . деп аталады .

В4. Адам анатомиясы, гистологиясы, цитологиясы, антропологиясы мен эмбриологиясы организмнің бітімі мен пішіні, құрылысы мен дамуы туралы ғылым . . . деп аталады.

В5. Шығу тегінің, тіршілік еткен ортасының, жалпы морфологиялық және физиологиялық, тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінің, сондай-ақ салт-дәстүрлерінің ортақтығымен бірігіп, тарихи қалыптасқан адамдар тобы . . . деп аталады .

С. бөлімі

Ойланып, жауап беріңдер:

С1. Өсімдіктерге қарағанда жануарлар мен адамдар қозғала алады. Неліктен?

Жалпы тірі ағзалардың қозғалысы мен дене пішіні симметриясы арасында қандай да бір байланыс бар ма?

С2. Бір оқушы би кешінде вальс билеп жүр . Би билеу кезінде оқушының қандай мүшелері мен жүйелері қатысады? Неліктен? Неге олар біртұтас қызмет атқарады?

С3. Миға операция жасау кезінде хирург орталық жүлгенің алдыңғы жағында орналасқан қыртыс бөлігіне тиіп кеткенде, неліктен ауру адам аяғын немесе қолын қимылдатады?

Д бөлімі

Билогиялық есептерді шығарыңдар:

Д1. Бір түп қайың 1 тәулікте 60 кг су буландырады. Мектеп ауласындағы 15 түп қайың 1 тәулікте қанша су буландырады? Шелектің сыйымдылығы10 кг болса, 15 түп қайың 1 тәулікте неше шелек су буландырады?

Д2. Бір тәулікте адам тыныс алуға 430 г оттегін жұмсайды. 1 га орман 1 сағатта 200 адамға жетерлік оттегін бөледі. 1 га орман 1 сағатта қанша салмақты оттегін ауаға бөледі?

Е бөлімі

Биологиялық терминдерге түсініктеме беріңдер:

Рефлекс 2) Рецептор 3) Сенсорлық жүйе 4) Вестибула аппараты 5) Глюкоген

6) Миелин 7) Ағзалық әлем 8) Эукариоттар 9) Атавизм 10) Таллом

А) Орнитология - Е) Гельминтология -

Б) Герпетология - Ж) Маммалогия-

В) Микология - З) Физиология -

Г) Зоология - К) Лихенология-

Д) Цитология - У) Бриология -

Биологиядан гимназияішілік олимпиада жауаптары . 8-сынып.

А. бөлімі

Сұрақ

жауабы
Сұрақ№:
жауабы: В
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: Е
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: Е
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: С
Сұрақ№:
жауабы: С
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: Д
Сұрақ№:
жауабы: Е
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: Е
Сұрақ№:
жауабы: Д
Сұрақ№:
жауабы: В
Сұрақ№:
жауабы: Д
Сұрақ№:
жауабы: С
Сұрақ№:
жауабы: Д
Сұрақ№:
жауабы: Е
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: С
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: Д
Сұрақ№:
жауабы: Д
Сұрақ№:
жауабы: С
Сұрақ№:
жауабы: Д
Сұрақ№:
жауабы: В
Сұрақ№:
жауабы: А
Сұрақ№:
жауабы: В
Сұрақ№:
жауабы: Е

В бөлімі

В1. Қалқанша без.

В2. Жүйе.

В3. Органоид.

В4. Адам морфологиясы .

В5. Нәсіл

С. бөлімі

С1. Өсімдіктердің фотосинтез нәтижесінде түзілген органикалық заттарымен жануарлар мен адамдар қоректенеді, яғни қорекке зәру, пайдаланушылар. Осы қасиеті оны қорек іздеуге мәжбүрлейді. Сондықтан қозғалыс жасайды. Қозғалатын жануарлардың денесі 2 жақты симметриялы болса, аз қозғалатын немесе қозғалмайтын (бекініп) жануарлар сәулелі симметриялы болады .

С2. Адам ағзасы -бір-бірімен байланысқан мүшелер мен жүйелерден түратын біртұтас биологиялық түр. Би билегенде немесе кез келген қимыл -қозғалыс кезінде адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелері қатысады . Көптеген мүшелерден тұратын, жүйелер мен аппараттарға біріктірілген тірі ағза біртұтас болып тіршілік етеді және қызмет атқарады.

Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Олардың жұмысы бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болғандықтан, ағза-біртұтас тіршілік иесі деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
Сенсорика сабағында ойын әдістерінің тиімділігі
Қазыналы арал
Үйді басқаруға арналған ақылды құрылғылар
Зейін қасиеттері
Белсенді қауіпсіздік
Тіс гигиенасы
М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
Аяқталмаған суреттер әдістемесі
<<түстер әлемі>>
Студенттерден ауызша түрде қабылдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz