Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үшінші дәреже

Алматы қаласы
Республикалық Медицина Колледжі
<<Апаттар медицинасы>> кафедрасы
оқытушы Тойғұлова Бикен Абдрахманқызы

Күйік кезінде үй жағдайында жасалынатын алғашқы көмектер

Бұл мақалада қарапайым халық арасында, яғни медицина қызметкерлері жоқ жерде уақытта адамды күйік шалса ең алдымен қандай көмектер жасау керектігі жайлы айтылған. Немесе <<Жедел жәрдем>> кешігіп жатқан уақытта күтіп отырудың орнына алғашқы көмекті жасау, жараның тез бітуіне, оған микроб түспеуіне себепкер болады.
Алдымен күйік дегеніміз не, соған тоқтала кетсек, ол жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануы.
Күнделікті тұрмыста адамдардың түрлі оқыс жағдайларға тап болып жататыны шындық. Тек мұндай кез келген жағдайдан сақ болып, ал аяқ астынан өкінішті жайт орын алса, оған рухани дайын жүру маңызды. Яғни медициналық шағын сауатыңыздың болғаны өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де қажет. Мүмкін күнделікті тірлікте өзіңіз болмаса да, өзге біреуге көмегіңіз тиюі әбден мүмкін. Қоғамда әр адам әртүрлі қызмет атқарады. Бірі өндірісте болса, бірі алып зауыттарда қызмет істейді. Сол себепті де, абайсызда күйіп қалу жиі болып тұратын жағдай. Күйіктің түрі көп. Оттан, будан, қайнап тұрған судан, сондай-ақ теріге күйдіргіш қышқылдар, сілтілер тамып кету сияқты химиялық заттардан күю, термиялық күю сияқты. Сонымен қатар, күйіктің ауыр-жеңілдігіне қарай медициналық тұрғыда да түрлі дәрежелерге бөледі.
Бірінші дәрежелі күю. Бұған терінің қызарып домбығып ісінуі сынды жеңіл түрлері жатады.
Екінші дәрежелі күю. Іші сұйықтыққа толы бірнеше көпіршіктердің пайда болуы.
Үшінші дәреже. Күйген жердің барлық қабаттарындағы жасуша - лардың жансыздануы.
Төртінші дәреже. Тері астындағы тіндер мен ағзалардың, сіңір, бұлшық еттердің, сүйектің, ішкі ағзалардың қатты зақымдалуы.
Күйіктің алаңы 2 тәсілмен анықталады:
1-ші тәсіл - күйік алаңы алақанмен өлшенеді. Бүкіл дене беті ауданы 100 пайыз болса ересек адамның алақанының ауданы орташа есеппен алғанда 1 пайызын құрайды.
2-ші тәсіл - күйік алаңын <<тоғыздық ережесін>> пайдалана отырып өлшеуге болады. Бұл тәртіп бойынша бас пен мойын барлық тері бетінің 9 пайыз, қолдың жоғарғы жағы және саусақтар 9 пайыз, дененің алдынғы жағы (кеуде мен іш ) екі 9 пайыз, дененің артқы жағы ( арқа мен белі ) екі 9 пайыз, аяқтың жоғарғы бөлігінің екі 9 пайыз, жыныс органның алаңы 1 пайыз құрайды.
Егер күйіктің 1-ші дәрежесінде алаңы 50 пайыздан асса, 2-ші дәрежесінде 25-30 пайыздан, ал 3-ші дәрежесінді 10 пайыздан асса, онда зардап шегушінің халі нашарлап, күйік ауыруына ұшырайды: шок, токсикоз, сепсис (микробтар түседі де дамиды).
Аурудың алғашқы кезеңінде сырқат ес-түсінен айырылады, әлсірейді, жүрегі айнып құсады, тамыр әлсіз және жылдамырақ соғады. Бұл кезең 1-2 күнге созылуы мүмкін.
Екінші кезеңде күйген ұлпалар өліеттеніп улы заттар (токсиндер) бөледі, олар қанға түседі, бүкіл ағзаға тарайды да уландырады. Ұлану мидың, жүректің, бүйректің қалыпты жұмысын бұзады.
Үшінші кезеңде күйіктің бетіне микробтар түседі да теріні іріңдетеді, микробтар токсин бөледі, бұл жағдайда сырқаттың халі одан сайын нашарлайды, денесінің ыстығы көтеріледі, әлсірейді, басы ауырады, тамаққа табеті болмайды. Дер кезінде емделмесе асқынады да сепсиске айналады, бүкіл ағзаға уланады. Бүйректің жұмысы нашарлайды сырқат несепті аз шығарады (гипоурия) немесе мүлдем тоқтатады (анурия). 3-4 дәрежедегі күйікте сырқат жиі өлімге ұшырайды.
Күйік орын алған жағдайда алғашқы көмектің әрі дұрыс, әрі уақтылы көрсетілуі жарақаттың тезірек жазылуына, оны емдеудің жеңіл болуына, бір сөзбен айтқанда жақсылықпен аяқталуына жәрдемдеседі.
Бірінші және екінші дәрежелі күйікке шалдыққанда күйген жердің ауырғанын бәсеңдету үшін күйген теріні қатты ағызылған суық таза сумен біраз уақыт жуудың маңызы зор. Содан соң, жарақатқа спирт немесе иіс су жағып таза дәкемен орап тастау керек. Сол үшін таза дәке әрбір отбасында болғаны жөн. Егер дәке табылмағанда оның орнына жаңа ғана үтіктелген таза ақ жайманы, орамалды, т.б. пайдалануға болады.
Күйіктің үстінде пайда болған көпіршіктерді қолмен жаруға, оған дәрігердің рұқсатынсыз қандайда бір май немесе сары май жағуға, ас содасын себуге және несепті, басқа да дәрілерді пайдалануға болмайды. Олар күйген жерді ластайды. Микробтардың көбейіп кетуіне жол ашады да, дұрыс емдеуге кедергі жасайды.
Егер адамның киімі өртенсе, сумен не топырақпен, болмаса қармен өшіруге тырысыңыз. Сөйтіп, өртенген адамды көрпеге, пальтоға, әйтеуір қалың затқа орап, қымтап тастаған жөн. Өртенген киіммен қашуға болмайды, өйткені жел гулеп, отты тіпті өршітіп, денені одан бетер күйдіре түседі.
Қатты күйген адамның үстінен киімін сыпырып алуға болмайды. Киімнің денеге жабысқан жер - лерінің шеттерін қайшымен қиып тастау керек. Дәрігер келгенше күйген адамға тәтті шай немесе кофе ішкізіңіз.
Егер химиялық күйік болса, онда дененің күйген жерлерін суық сумен ең әбзалы құбырдан тоқтаусыз ағызылған суық сумен жуған жөн. Бұл жағдайды 15-20 минут және одан астам уақыт жалғастырса да болады. Химиялық күйікте жедел жәрдемді тез шақырған ең дұрыс. Өйткені түрлі химиялық қышқылға терінің шамалы жері күйсе де қауіпті әрі мұндай күйікті мықты медициналық мамандардың тікелей қадағалағаны жөн.
Сонымен күю кезіндегіалғашқы көмек көрсетудің алгоритмі: Күйген жерді таза матамен жабу керек. Күйген жерге суық басу (қар, мұз) немесе ағып тұрған суық суға салу (5-10 мин.). Бұл көпіршіктердің пайда болуын болдырмайды. Зақымданушыға ауырсынуды басатын дәрі беру. <<Жедел жәрдем>> кешіккен жағдайда жылы сусын беру. Жылы сусын ағзамен тез игеріледі.
Конец формы

Ұқсас жұмыстар
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Санның логарифмі жайлы ақпарат
Оқушыларды бағалау. Сабақ барысы
Санның логарифмі
«математика алғыры» сыныптан тыс жұмыс
Бөлшек рационал өрнектер
Етістіктің саны және шақтары
Дәреже, нақты көрсеткіштік дәреже, дәреженің қасиеттері, дәрежелеу, дәрежелеу нәтижесі
Құрамында дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру. 7-сынып
Дәреженің көрсеткіші
Пәндер