Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жұмағали Сайн кім

Қонақ келсе - құт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ата- дәстүр бойынша қазақтың қонақжайлығы туралы әңгімелеу,жерлесіміз, ақын Жұмағали Сайн туралы мәлімет беру арқылы,
сөйлесу әрекеттерін жандандыру,
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстыра сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру,
Тәрбиелік: Халықтар арасындағы достық, қарым - қатынасты күшейте отырып,халықты сыйлауға биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, диалог құру, талдаулар, өлең оқу
Сабақтың көрнекілігі: Буклет , үлестірмелі тапсырмалар, слайд көрсету
Сабақтың эпиграфы: <<Қонақжайлылық- халық жанының айнасы>>,
<<Гостеприимство - зеркало души человечество>>
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Шаттық шеңбері.
Үлкеге де Сіз( оң қолды алға созу)
Кішіге де Сіз (сол қолды алға созу)
Барша жанды құрметтеп (екі қолды кеудеге қою)
Бас иеміз біз (бастарын иеді)
<<Ой қозғау>>
<<Қонақ>> деген сөзге ассоциация құру.
Туған қүн, гүл, тілек, би билеу, ән салу, домбыра ойнау,амандасу, мереке,дастарқан жасау
Кіріспе сөз. Әр халықтың өз салт - дәстүрлері бар. Қазақ халқы - өте бауырмал, қонақжай халық. Олар келген адамды әрқашан құшақ жая қарсы алып, оған мал сойып, табақ тартқан.
<<Қазақтың дастарқаны>> туралы әңгімелеу.
Ет тағамдары
Сүт тағамдары
Нан тағамдары
Қазақша ет
Ірімшік
Бауырсақ
Қуырдақ
Құрт
Шелпек
Қарта
Май
Тоқаш
Қазы
Қаймақ
Таба нан
жая
Қымыз
Самса т.б.
Шұжық т.б
Шұбат

Диалог <<Қонаққа шақыру>>
Жерлес ақын- партизан Жұмағали Сайнның 100 жылдығына орай біздің мектепке бүгін қонақтар келіп отыр.
Диалог құрастыру.
Жұмағали Сайн кім?
Жұмағали Сайн ақын,партизан.
Ол қайда туып өскен?
Ол Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, <<Искра>> колхозында Баян көлінің жағалауында туған.
Ол неше жасында жетім қалды?
Ол 5 жасында жетім қалды?
Өмірін неге арнады?
Өмірін өлең- поэзияға арнады?

Балалар ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
Оқушылар жауабы.
<<Туған жерім сен, Баян>>
Қадірлі Баян - жер Баян,
Қайынды Баян, көл Баян,
Сенің жайың ерге аян...
Менің өмірім елге аян...
Көрмегелі көп болды
Көркейіпсің сен - дағы
Байытыпты колхозды,
Өзгеріпті ел - дағы.
Айдынды Баян, көл Баян,
Аяңда тудым мен бір кез.
Басылсын мауқым сағынған
Суыңнан ләззәт берші тез.
1947

Талдаулар
1. Фонетикалық талдау <<Дәстүр>>
2. Жіктік жалғуын жалға <<Қонақ>>
3. Тәуелдік жалғау жалға <<Қонақ>>
4. Синтакситік талдау. Біз бүгін кешке Айжанға қонаққа барамыз.
Тақырыпқа байланысты қандай мақал- мәтелдерді білесіңдер ?
1.Сылап берсе, суын іш.
2. Той тамағы - тәтті.
3. Сыйласқанның суын іш.
4.Тату үйдің тамағы тәтті.
5. Қонақ келсе, құт болар.
6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
7. Қонаққа <<кел>> демек бар, <<кет>> демек жоқ.
Сергіту сәті
Үйге келген қонақты күлімдеп қарсы алу (қол шапалақтау)
Біреудің затын сұрамай алу (екі қолды екі жаққа жаю)
Сабаққа тиянақты дайындалу
Үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру
Кішілерді ренжіту
Қарттарға көмектесу, айтқанын тыңдау
Үлкендердің сөзін бөлу
Қонақтарды сыйлау

Мәтінді тыңдап, мазмұнын айту.

Қазақ халқы - өте қонақжай халық. Қонақ келсе ол дастарқанға барлығын қояды, сыйлап күтеді, Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрінің бірі - қонақжайлылық. <<Қонақпен еріп құт келеді>> деген сенім бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып,алдымен қонағын кіргізеді. Жөн сұрасып болған соң, үй иесі қонағына барын беріп, риза етуге тырысады. Қонақ шөлдеп келсе, қымыз беріп, шөлін басады. Тамақ ішіп болған соң, сыйлы, қадірлі, жасы үлкен адам бата береді, ас қайырады.
Ас қайыру деген - қонақ күткен үй иелеріне жақсы тілек айтқызу.
Бата.
Басқа амандық берсін,
Жанға саулық берсін,
Босаға тең болсын.
Пейілің кең болсын,
Үйден ат кетпесін,
Алдан ас кетпесін.
Кетпес байлық,
Қайтпас ырыс берсін,
Дәулетің тасып жатсын,
Жасың жүзден асып жатсын.
(әумин!)
Ән: <<Қазақы дастарқаным>> - орындайтын Ғалымжанова Аделя
Қорытындылау.
Қадыр Мырза- Әли:
Қазақ осы - ашық- жарқын қабағы,
Қонақ келсе, шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, кетерінде ол саған
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Бекіту:
- Қазақ халқы қандай халық?
- Ол қонағын қалай күтеді?
Бағалау.
Үйге: қайталау.

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Златогор орта мектебі

Тақырыбы:

(Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің семинарындағы берілген
ашық сабақ. 6б-сынып)

Мұғалім : Қасымова А.О.

2011-2012 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Еліміздің бас қаласы қай қала
Ұлы жеңіске – 65 жыл Ер есімі –ел есінде
Қазақ батырларын жаттау
Қайым Мұхамедхановтың өмір өткелдері
Ұлы Отан соғысы туралы суреттер
« Қош бол, алтын ұям - мектебім»
Қанды майдан түлектері
Менің Отаным - Қазақстан Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту
Есімдіктерді қайталау
Сабақтың ортасы. Сабақтың тақырыбы
Пәндер