Физикалық құбылыстарға сұрақтар

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Физика пәні мұғалімі

Ногаева Светлана

Не? Қайда? Қашан?

Сайыс шарттары:

  1. Таныстыру
  2. Гейм Тарихи сұрақтар
  3. Гейм Физикалық құбылыстар сұрақтар
  4. Гейм «Физикалық жұмбақтар»
  5. Капитандар конкурсы. Логикалық тапсырма.
  1. Таныстыру.
  2. Гейм

Тарихи сұрақтар

1. Бейнеу ауданы қай жылы қай айда құрылды? Ж: 1973 ж. 20 - наурыз

2. «Тамағы тоқтық жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» - кімнің

өлең жолдарынан алынған? Ж: Абай Құнанбаев

3. Маңғыстау қандай табиғи аймаққа жатады? Ж. Еуразия шөлейті

4. «Ескендір», «Масғут», «Әзім әңгімесі»поэмасының авторы кім? Ж: Абай Қ.

5. Қазақстан Республикасының Елтаңба авторын ата?

Ж:Жандарбек Мәлібеков, Шоқан Уәлиханов

6. «Боранды Бекет» романының авторы кім?

Ж:Ш. Айтматов

7. Маңғыстауда түсірілген «Кек» атты тарихи фильм Ә. Кекілбаевтың қай

шығарманың желісі бойынша түсірілген. Ж: «Күйші».

Жүргізуші: Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

3-тур. Физикалық құбылыстарға сұрақтар

1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара

әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)

2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)

3 . Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.

(идеал газ)

4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

(қаныққан бу)

5 . Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы. (инерция)

6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

8 . Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)

9 . Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

10 . Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)

11 . Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)

12. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама. (жылдамдық)

13 . Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану)

14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылу өткізгіштік)

15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады)

16. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (механикалық қозғалыс)

17. Дене пішінінің, көлемінің өзгеруі. (деформация)

18 . Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция)

19. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)

20. Дененің тірекке немесе аспаға түсірілген күші /Салмақ/формуласы.

4 - тур Физикалық жұмбақтарды шешу.

1. Кім барлық тілде сөйлейді? (Формула)

2. Көзіңмен көресің қолыңмен ұстай алмайсың. (Көлеңке)

3. Жай көзге көрінбейді, қозғалуға ерінбейді. (Молекула)

4. Отқа жанбайды, суға батпайды. (Мұз)

5. Қандай ыдыстарға су толтырылмайды? (Толы ыдысқа)

6. Қай жерде құрғақ тастар кездеспейді? (Теңіз түбінде)

5- тур Капитандар конкурсы. Логикалық тапсырма

Тұрмыста қолданатын құрал.

Физикалық рычаг ережесін және қысымды азайту жолдарын ескере отырып жасалған құрал. (Қайшы)

Бұл қатты дене, бұл дененің бойына беткен қасиет жер шарында да және басқа планеталарда да кездеседі. Бұл қатты дене «оң» немесе «теріс» зарядқа ие емес, бірақ өзара әрекеттеседі. Бұл қандай құрал? /магнит/

Бұл құрал тұрмыста, медицинада қолданылады. Жұмыс жасау принципі Атмосфералық қысым әрекетіне негізделген . (шприц)

Физикалық құрал тұрмыста да, техникада да қолданылады.

Денелердің жылулық күйін сипаттайды. Өлшем бірлігі физикалық шаманы өлшеуге қолданылады. (Градусник)

Оқушылар өте жақсы дайындалған.

1 - орын

2 - орын

3 - орын

Әділ қазылар алқасы:

1.

2.

Әділ қазылар алқасы өз бағаларын әділ бағалады.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Физика - информатика апталығының «Не? Қайда? Қашан » атты сайысымыз осымен аяқталады. Атсалысып Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!

Физика - информатика апталығы.

«Тапқыр достар» сайысы.

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар өздеріңізге арналған сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін. Сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілейміз.

Қатысушы топтар:

1 - топ «Алғыр» тобы.

2 - топ «Жұлдыз» тобы.

Сайыс шарттары:

1 - кезең. Топтар өздерін таныстырып өтеді. Сәлемдесу.

2 - кезең. Жасырын әріптерді суырып. қойылған сұраққа сол әріптен сөз ойлап табу.

3 - кезең. Сіз білесіз бе? Ұпайдың артындағы сұраққа жауап беру.

4 - кезең. Әр топ бір-біріне үйден дайындап келген сұрақтарын қою.

5 - кезең. Қолқа салу. Ұтылған топқа шарт қою. (ән, би, өлең )

1 - топқа сұрақтар:


Ұқсас жұмыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Екінші оқушыға тапсырма
Кесу процесі туралы мәліметтер
Кинематика негіздері толқындар
Түсінбеген жерім
Физика пәнінен танымдық кеш
Жарық құбылыстары
Абайдың табиғат туралы өлеңдері
Физикалық эксперементтік есептерді компьютерлік бағдарламалар көмегімен модельдеу
Меншікті балқу жылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz